0 дауыс
Жас мамандарға педагогикалық жағдаяттар жауабымен керек?
06.01.2023 17.9k қаралым

1 жауап

0 дауыс

"Арман үнемі сабаққа ұқыпсыз келеді, шашы өскен, киімі үтіктелмеген, бірақ осы түріне қарамастан үнемі сабаққа дайындалып келуге тырысады. Оқушылар арасында ешқандай достары да жоқ, ешкіммен араласпай өз бетімен жүреді." Сіздің іс-әрекетіңіз, қандай жұмыс түрлерін жүргізер едіңіз? 

Жауап: Сенің икемділігің өте жақсы, мен саған үлкен сенім артамын. (сөйлесу жұмыстарын жүргізу)

Оқушының оқудағы жетістіктеріне көңілі толмайды, өзінің икемділігінен күмәнданады, оқу материалын түсініп, игеріп алатындығына көзі жетпейді, ол мұғалімге: " Сіз қалай ойлайсыз, мен қашан да болсын сыныптастарымнан қалмай жақсы үлгеріп, оқып кете аламын ба?"-дейді. Сіздің жауабыңыз?

Жауап: Әрине, бұл туралы сен күмәнданбасаң да болады.

Мұғалім оқушыларға тапсырма берді. Оқушы берілген тапсырманы орындағысы келмей: 

- Орындағым келмейді, - деді. 

Мұғалімнің әрекеті қандай болады?

Жауап: Мүмкін сенікі дұрыс шығар. Бұл туралы отырып сөйлесейікші

07.01.2023

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,879Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы