0 дауыс
17.6k көрілді

Педагогика 2-вариант


1. Педагогикадағы табиғи эксперимент:

A) Оқу-тәрбие процесін бұзбай зерттеу гипотезасын тексеру.

B) Зерттеу гипотезасын арнайы лабораториялық жағдайда тексеру.

C) Гипотезасы жалпы тексеру.

D) Педагогикалық процестің жүру жағдайына өзгеріс енгізу арқылы зерттеу гипотезасын тексеру.

E) Қалыптасқан педагогикалық процесті тексеру.


2. Педагогикалық процестегі қалыптасқан жағдайды анықтайтын эксперимент түрі:

A) Табиғи эксперимент.

B) Қалыптастыру эксперименті.

C) Констатациялық эксперимент.

D) Лабораториялық эксперимент.

E) Ойша эксперимент.


3. Сауал-сұрақ әдісі:

A) Анкета жүргізу.

B) Мектеп құжаттарын тексеру.

C) Бақылау.

D) Теориялық талдау.

E) Эксперттік бағалар беру.


4. Оқушылардың шығармаларын, творчестволық, практикалық жұмыстарын және т.б. зерттеушінің талдауы:

A) Бақылау.

B) Эксперимент.

C) Іс-әрекет өнімдерін зерттеу.

D) Сауал-сұрақ әдісі.

E) Мектеп құжаттарын тексеру.


5. Зерттелетін құбылыстар арасындағы сандақ тәуелділіктерді анықтау, эксперимент және сауал сұрақ барысында алынған нәтижелерді өңдеу үшін қолданылатын әдіс:

A) Теориялық анализ.

B) Индуктивтік әдіс.

C) Дедуктивтік әдіс.

D) Статистикалық әдіс.

E) Тест.


6. Арнайы ұйымдастырылған педагог пен тәрбиеленушілердің мақсатты өзара қимылдары:

A) Оқыту процесі.

B) Тәрбие процесі.

C) Педагогикалық процесс.

D) Оқу-тәрбие процесі.

E) Мектептегі тәрбие жұмыстарының бағыттары.


7. Тұлғаның «қалыптасу сәті» (педагогикалық жағдай):

A) Іскерліктер, дағдылар қалыптастыру негізі.

B) Педагогикалық процестің компоненттері.

C) Оқыту процесінің элементарлық бөлігі.

D) Педагогикалық процестің элементарлық бөлігі.

E) Тәрбие процесінің элементарлық бөлігі.


8. Педагогикалық процестің функциялары:

A) Білім беру, тәрбиелеу, дамыту.

B) Педагогикалық құбылыстардың заңдылықтарын ашу, теория құру, технология жасау.

C) Білім беру орындарының жұмысын реттеу.

D) Озық педагогикалық тәжірибені қорыту, тарату.

E) Реттеу, болжау.


9. Педагогикалық процестің тұтастығы:

A) Педагогикалық процестің функцияларының бірлікте іске асырылуы.

B) Отбасы, мектеп және басқа да әлеуметтік институттардың ынтымақтастығы.

C) Оқыту және тәрбие процестерінің өзара байланысы.

D) Педагог пен оқушылардың өзара бірлескен әрекеттері.

E) Тәрбие мен дамудың байлланысы.


10. Педагогикалық процестің компоненттері:

A) Педагогтер, оқушылар.

B) Бала-бақша, мектеп, жоғары оқу орындары.

C) Мақсат, міндет, мазмұн, әдіс, форма, нәтиже.
D) Оқыту, тәрбиелеу, дамыту.

E) Оқыту бағдарламалары, оқулықтар, оқу жоспары.


11. Педагогикалық процестің қозғаушы күштері:

A) Педагогикалық процесте туындайтын қарама-қайшылықтар.

B) Жаңашыл-педагогтар.

C) Жаңа педагогикалық технологиялаарды қолдану.

D) Педагогикалық зерттеулер.

E) Озық педагогикалық тәжірибені практикаға енгізу.


12. Педагогикалық процестің заңдылықтары:

A) Педагогикалық процесті ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

B) Педагогикалық құбылыстар арасындағы тұрақты, қайталанатын, объективті байланыстар .

C) Педагогикалық процестің ережелері.

D) Педагогикалық процестің принциптерінен туындайды.

E) Оқушы іс-әрекетіне қойылатын талаптар.


13.Тұтас педагогикалық процесс теориясын жасаушы Қазақстан зерттеушісі:

A) В.А. Сластенин.

B) Ш. Уалиханов.

C) Ы. Алтынсарин.

D) И.Ф. Харламов.

E) Н.Д. Хмель.


14. Тәрбие мақсаты – бұл:

A) Тәрбиенің не нәрсеге ұмтылатыны.

B) Тәрбиеленушінің не нәрсеге ұмтылатыны.

C) Тәрбие барысында алынатын нәтиже.

D) Тәрбие іс-шарасының нәтижесі.

E) Оқушының даму деңгейі.


15. Тәрбие мақсатын анықтайтын негізгі фактор:

A) Мемлекет идеологиясы, саясаты.

B) Ата-аналар.

C) Педагогтер.

D) Педагогикалық процестің мүмкіндіктері.

E) Оқушылардың қажеттіліктері.


16. Тәрбиенің жалпы мақсаты:

A) Азамат тәрбиелеу.

B) Отбасын тәрбиелеу.

C) Еңбекші адамды тәрбиелеу.

D) Жан-жақты, гармониялы дамыған тұлғаны қалыптастыру.

E) Белсенді тұлға тәрбиелеу.


17. Әлемге деген философиялық, әлеуметтік-саяси, адамгершілік және саяси білімдер, көзқарастар, сенімдер жүйесі:

A) Білім беру мазмұны.

B) Ғылыми дүниетаным.

C) Ғылымдар жүйесі.

D) Әлеуметтік тәжірибе.

E) Оқыту нәтижесі.


18. Ғылыми білімдер жүйесі, көзқарастар, сенімдер және адам идеалы – бұл:

A) Дүниетаным компоненттері.

B) Дүниетаным қалыптастыру құралдары.

C) Тәрбие мазмұны.

D) Дүниетаным формалары.

E) Д8ние тану жолдары.


19. Педагогика ғылымында тәрбиенің әртүрлі анықтамаларының болуы:

A) Педагогика ғылымындағы тәрбие проблемасының шешілгендігінің айғағы.

B) Әртүрлі анықтамаларының болуы педагогиканың дамыған ғылым екенін көрсетеді.

C) Ғылыми түсінікті күнделікті өмірлік түсініктен айыру үшін.

D) Тәрбиенің көп аспектілігінен туындайды.

E) Тәрбиеге әртүрлі көзқарастан.


20. Адамгершілік тәрбиесі – бұл:

A) Адамгершілік санасын қаалыптастыру процесі.

B) Мораль туралы білімдерді беру процесі.

C) Моральдік принциптер жүйесімен таныстыру.

D) Моральдік қасиеттер, адамгершілік мінез сипаттары, жұріс-тұрыс дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру процесі.

E) Адамгершілік идеалын құру.


21. Болмыстағы және өмірдегі сұлулық пен әдемілікті дұрыс қабылдау қабілетін қалыптастыру:

A) Адамгершілік тәрбиесі.

B) Дене тәрбиесі.

C) Эстетикалық тәрбиесі.

D) Экологиялық тәрбиесі.

E) Еңбек тәрбиесі.


22. Мақсатты, жоспарлы ұйымдастырылған тұлғаны қалыптастыру процесі:

A) Сабақ беру.

B) Оқыту.

C) Тәрбиелеу.

D) Оқу.

E) Даму.


23. Авторитарлы, демократиялы, либералды және еркін тәрбие:

A) Тәрбие мазмұны

B) Мектептегі тәрбие жұмыстарының бағыты

C) Институционалдық белгі бойынша жіктеу

D) Негізге алынған философиялық концепция бойынша жіктеу

E) Қарым-қатынас стилі белгі бойынша жіктеу


24. Адамгершілік, ақыл-ой, еңбек және дене тәрбиелері

A) Тәрбие мақсаты.

B) Тәрбие моделі.

C) Тәрбие бағыттары.

D) Тәрбие құралдары.

E) Тәрбие жүйесі.


25. Тұлғаның даму деңгейінің педагог қойған мақсатқа сәйкестігі:

A) Тәрбиелену мүмкіндігі.

B) Тәрбиелілігі.

C) Тәрбиелеу критериі.

D) Тәрбие диагностикасы.

E) Тәрбиелік көрсеткіштері.



Педагогика

1-вариант


1. Қоршаған табиғи ортаға оң көзқарасты, жауапкершілікті тәрбиелеу:

A) Еңбек тәрбиесі міндеті.

B) Адамгершілік тәрбиесі міндеті.

C) Экологиялық тәрбиесі міндеті.
D) Экономикалық тәрбиесі міндеті.

E) Азаматтық тәрбиесі міндеті.


2. Тәрбие процесінің қозғаушы күші:

A) Тәрбие мақсаты мен міндеттері.

B) Тәрбие процесінің қарама-қайшылықтары.

C) Педагогтің талап қоюы.

D) Педагогтің тәрбие міндеттеріне сәйкес тәрбие құралдарын таңдау білуі.

E) Педагогикалық зерттеулер.


3. Баланың денсаулығын шыңдау және оның денесінің дұрыс дамуын қамтамасыз ету мақсатымен жүретін тәрбие:

A) Валеология.

B) Дене тәрбиесі.

C) Спортшы дайындау.

D) Кәсіби спорт.

E) Дене шынықтыру.


4. Алғашқы рет адамның жас кезеңдерін бөлуді енгізген:

A) Ж.Ж. Руссо.

B) Я.А. Каменский.

C) Ф. Рабле.

D) Д. Локк.

E) Аристотель.


5. Тәрбие процесіне арнайы қосылған заттар, жағдайлар:

A) Орта әсері.

B) Тәрбие құралдары.
C) Тұлға дамуының әлеуметтік жағдайы.

D) Тәрбие әдістері.

E) Тәрбие тәсілдері.


6. Отбасы тәрбиесі, діни (конфессионалдық)тәрбие, мектеп тәрбиесі, мектептен тыс тәрбие. Тәрбие түрлері қандай белгіге байланысты топтастырылған:

A) Мазмұны бойынша.

B) Интитуционалдық белгі бойынша.

C) Қарым-қатынас стилі бойынша.

D) Оқыту-тәрбие жұмыстарының бағыттары бойынша.

E) Тәрбие бағыттары бойынша.


7. Белгілі бір қасиеттерді қалыптастыру мақсатымен тәрбиеленушінің сезіміне, санасына, мінез-құлқына ықпал ету амалдары:

A) Тәрбие әдісі.
B) Тәрбие формасы.

C) Тәрбие құралы.

D) Тәрбие тәсілі.

E) Дамуға басшылық жасау.


8. Іс-әрекетті ұйымдастыру және жүріс-тұрысты қалыптастыру әдісі:

A) Әңгіме.

B) Диспут.

C) Үлгі-өнеге.

D) Жаттығу.

E) Жарыс.


9. Сананы қалыптастыру әдісі:

A) Жарыс.

B) Мадақтау.

C) Жаттығу.

D) Педагогикалық талап.

E) Үлгі-өнеге.


10. Мінез-құлықты және іс-әрекетті ынталандыру әдісі:

A) Жазалау.

B) Түсіндіру.

C) Лекция.

D) Тапсырма.

E) Бақылау.


11. Адамгершілік мазмұнды нақты фактілер мен оқиғаларды жарқын, эмоционалды баяндау:

A) Этикалық әңгіме.

B) Түсіндіру.

C) Әнгіме-кеңес.

D) Талап қою.

E) Жаттығу.


12. Тиянақты ойластырылған сұрақтар жүйесі арқылы тәрбиеленушілерде әртүрлі проблемалар бойынша дұрыс бағалар, көзқарастар қалыптастыру:

A) Түсіндіру.

B) Мадақтау.

C) Әңгіме-кеңес.

D) Үлгі-өнеге.

E) Дискуссия.


13. Жазалау – ол:

A) Сананы қалыптастыру әдісі.

B) Бақылау әдісі.

C) Іс-әрекетті ұйымдастыру және жүріс-тұрысты қалыптастыру әдісі.

D) Ынталандыру әдісі.
E) Тәрбие ережесі.


14. Оқушылардың тәртібін, мінез-құлқын бағалау және көтермелеу – бұл:

A) Талап қою.

B) Мадақтау.

C) Жазалау.

D) Жарыс.

E) Түсіндіру.


15. Іс-әрекеттің бір түрін күшейтуге, ал енді бір түрін тежеуге арналған тәрбие әдісі

A) Талап қою.

B) Жазалау.

C) Мадақтау.

D) Үлгі-өнеге.

E) Бақылау.


16. Мінез-құлық нормалары мен ережелеріне сәйкес тәрбиеленушінің әртүрлі іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы тәрбиелеу әдісі:

A) Тәрбиелік жағдайлар туғызу.

B) Жаттығу.

C) Талап қою.

D) Әңгіме.

E) Үлгі-өнеге.


17. Жарыс әдісі:

A) Жеңімпаз анықталатын ойын.

B) Нәтижені бекіту әдісі.

C) Өз нәтижесін басқалардың нәтижелерімен салыстыра отырып тұлға қасиеттерін қалыптастыру және бекіту.

D) Тәрбиеленушінің басқа тәрбиеленушілерден артықшылығын анықтау.

E) Тиімді әдісті анықтау жолы.


18. Баланың жағымсыз мінез-құлқы мен теріс қылықтарын тежеу әдісі:

A) Талап қою.

B) Мадақтау.

C) Жазалау.

D) Үлгі-өнеге.

E) Бақылау.


19. Өзінде тұлғалық оң касиеттерді қалыптастыруға бағытталған адамның саналы іс- әрекеті

A) Тәрбие.

B) Қайта тәрбиелеу.

C) Өзін-өзі тежеу.

D) Өзін-өзі тәрбиелеу.

E) Дамыту.



20. Нақты тәрбие процесін ұйымдастыру варианты:

A) Тәрбие тәсілі.

B) Тәрбие құралы.

C) Тәрбие формасы.

D) Тәрбие әдісі.

E) Тәрбие мазмұны.


21. Мәні проблеманы ашық түрде бірлесе талқылау болатын, сенімді қалыптастыруға бағытталған тәрбие әдісі:

A) Пікір-талас.

B) Әнгіме.

C) Талап қою.

D) Жаттығу.

E) Жазалау.


22. Оқушылар ұжымының перспективтік ұмтылушылықтарын ұйымдастыру:

A) Тәрбие шараларын өткізу.

B) Ұжым белсенділерімен тәрбие жұмыстарын жүргізу.

C) Ұжымның жеке мүшелерімен тәрбие жұмыстарын жүргізу.

D) Ұжымның алдына практикалық мақсат қою.

E) Тәрбие мазмұнын анықтау.


23. Параллелді ықпал ету принципінің мәні:

A) Мектептің және отбасының ынтымақтастығы.

B) Мектептің, отбасының және жұртшыықтың ынтымақтастығы.

C) Тәрбиеленушінің санасына, жігеріне және жүріс-тұрысына ықпал етуі.

D) Тәрбиешінің тәрбиеленушілерге ұжым мүшелері, белсенділері арқылы ықпал етуі.

E) Тәрбиешімен тәрбиеленушінің өз-ара қарым-қатынасы.


24. Жоғары ұйымдасқан топ ретіндегі ұжымның белгілері:

A) Биресми лидері болуы.

B) Ұжым ішінде жеке топтар болуы.

C) Ортақ мақсат болуы, біріге іс-әрекет істеуі.

D) Басқа ұжымдармен қарым-қатынасқа түсуі.

E) Ұжым мүшелерінің мақсаттарының әртүрлі болуы.


25. А.С.Макаренко бойынша ұжым дамуының кезеңдері:

A) 2.

B) 3.

C) 4.

D) 5.

E) 6.

1 жауап

0 дауыс
2. Педагогикалық процестегі қалыптасқан жағдайды анықтайтын эксперимент түрі:

C) Констатациялық эксперимент.
...