0 дауыс
1.6k көрілді

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ «БІЛІМ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫ БОЙЫНША ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

1. Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде тапсырылатын міндетті пәндер?

Жауап:мемлекеттік және орыс тілдері.

2. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі білім берудің келесі деңгейлерінен тұрады:

Жауап: 1)мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;
2)бастауыш білім беру;
3)негізгі орта білім;
4)орта білім (жалпы орта білім, техникалық және кәсіптік білім);
5)ортадан кейінгі білім;
6)жоғары білім;
7)жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

3. Бастауыш білім берудің оқу бағдарламасын меңгеруге берілетін уақыт –

Жауап:төрт жыл.

4. Негізгі орта білімнің оқу бағдарламасын меңгеруге берілетін уақыт-Жауап:алты жыл.

5. Жалпы орта білімнің оқу бағдарламасын меңгеруге берілетін уақыт–

Жауап:екі жыл.

6. Бұл академиялық дәрежені жоғары кәсіптік білімнің оқу бағдарламасын меңгерген тұлғаларға тағайындайды…

Жауап: бакалавр.

7. Қазақстан Республикасының азаматтарын күндізгі оқыту нысанында шетелдердің жоғары оқу орындарында білім алуы үшін Қазақстан Республикасы президенті тағайындайтын стипендия

Жауап:“Болашақ” халықаралық стипендиясы.

8. Білім алудың түрлері:

Жауап:күндізгі, сырттай, кешкі жәнеэкстернат.

9. 1 сыныпқа балалар неше жастан бастап қабылданады?

Жауап:6 жастан бастап

10. Орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына түсу емтихандарымен біріктірілетін, жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысандарының бірі

Жауап:ұлттық бірыңғай тестілеу.

11. Жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламалары базасында магистратурада мамандарды даярлау қандай бағыттарда жүзеге асырылады?

Жауап: 1)ғылыми және педагогикалық;

2)бейінді.

12.Магистратурада мамандарды ғылыми және педагогикалық бағыттар бойынша даярлау неше жыл мерзімінде іске асырылады

Жауап:екі жыл.

13. Магистратурада мамандарды бейінді бағыттар бойынша даярлау неше жыл мерзімінде іске асырылады–

Жауап:бір жылдан кем емес.

14. Мемлекеттік жоғары білім беру ұйымдарының тізімін кім бекітеді?

Жауап:Қазақстан Республикасы Президенті.

15. Кәсіптік білім алуға төлеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шарттармен білім алушыға берілетін ақшаның нысаналы сомасы

Жауап:білім беру гранты.

16. Жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарда біліктілігі жоғары ғылыми және ғылыми-педагог кадрлар даярлау нысаны?

Жауап: докторантура.

17. Ақпараттық технологияларды қолдана отырып, бір уақытта бірнеше оқу пәндері бойынша өткізілетін емтихан нысаны қалай аталады?

Жауап:кешенді тестілеу.

18. Жоғары білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламасын меңгерген тұлғаларға берілетін академиялық дәреже–

Жауап: магистр.

19. Педагог қызметкердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім-

Жауап педагог қызметкерлерді аттестаттау.

20. Білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі –

Жауап: экстернат.

1 жауап

0 дауыс
1. Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде тапсырылатын міндетті пәндер?

Жауап:мемлекеттік және орыс тілдері.

Ұқсас сұрақтар

...