0 дауыс
4.0k көрілді
Семей қаласы атындағы мемлекеттік медицина университеті жайлы қалай білсем болады?

6 жауап

+1 дауыс

Осы сілтемеге өтіп толығырақ танысыңыз! Сілтеме!!!

көптен көп рахмет. Бірақ мен таба алмадым ол жерден...:(
Белгісіз
0 дауыс
ssmu.kz/kk  сайты гой. мен де тусем ба деп ойланып журмин
0 дауыс
ТКТ 80 баллмен мейірбике ісіне тусе алам ба? Семейге
0 дауыс
Семей қаласының Мемлекеттік Медицина университетінің Павлодар филиалы

Семей мемелекеттік медицина университетінің ірі бөлімшелерінің бірі болып Павлодардағы филиалы есептеледі.

Қазіргі күні филиал дәрігерлердің дипломнан кейінгі дайындығымен шұғылданады. Бүгінде филиалда дәрігерлер білімін жетілдіру факультеті  мен резидентура хирургиясы және терапия, педиатрия курсы мен акушерия гинекология  кафедралары жұмыс істеуде.

Иманғазинов Сағит Баймұханұлы, 1953 жылдың 18 ақпанында Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келді. 2007 жылдың желтоқсанынан бастап Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті Павлодар филиалының директоры болып қызмет атқарады.Сағит Баймұханұлы медицина ғылымының докторы  және медицина профессоры болып келеді. 300 ғылыми жұмыстың, 11 монографияның, 8 өнертабыстың авторы. Оның басшылығымен 1 докторлық, 4 кандидаттық диссертация қорғалды.Қазақстан журналистер Одағының мүшесі.Жоғары білікті ұйымдастырушы және дәрігер хирург  категориясына ие.

Филиалдың жетекші кафедрасы болып дәрігерлер білімін жетілдіру факультетінің хирургия кафедрасы болып табылады. Кафедра меңгерушісі медицина ғылымдарының докторы профессор Е.К.Қайырханов. Кафедраның негізгі клиникалық базасы болып Павлодар қаласының №1 ауруханасы болып танылады.  Аурухана қатарына травматология, жалпы және қантамыр хирургиясы, урология, нейрохирургия, күйік аурулары бөлімшелері кіреді. Анестезиология және реаниматология курсы доцент Д.Мамыровтың басшылығымен сала бойынша дәрігерлер дайындап қана қоймай, жүкті әйелдер мен жас нәрестелерге медициналық көмек көрсету саласында да еңбек етіп келеді.

Дәрігерлер білімін жетілдіру факультетінің терапия кафедрасы (меңгерушісі профессор М.Мақатов) №2 мен №3 қалалық аурухана базасында жұмыс істейді. Кафедра терапияның әр саласында дайындық жүргізеді. Павлодар қаласында республикалық кардиохирургия орталығының ашылуына байланысты соңғы кезде кардиологияның жедел көмек көрсетуде саласында технологияның соңғы жетістіктерін пайдалана отырып дәрігерлер дайындау қолға алынбақ. Профессор А.Б.Байғалиев 20 жылдан астам сүлік пен ине терапиясы бойынша дәріс берсе, профессор Е.А.Бейсембаев клиникалық иммунолологиялық көмек көрсетудің алғашқы қарлығашы болып табылады.

Интернатура, резидентура мен магистратура хирургиясы (меңгерушісі О.Г.Таштемирова) және терапиясы  (меңгерушісі Б.Е.Кененбаева) кафедралары облыстық Ғ.Сұлтанов атындағы ауруханада және Павлодар ауданының емханасында орналасқан. Сондықтан оқу бағдарламалары ауылдық медицинаға бағытталып, «Дипломмен ауылға» жоспарын орындауға ат салысуда.

Акушерия гинекология каферасы мен педиатрия курсына мамандар дайындауда сүбелі міндеттер жүктелген. Кафедра меңгерушісі медицина ғылымдарының кандидаты Ж.Ақылжанова. Кафедра облыстық перинаталдық орталық пен перзентханаға ғылыми басшылық жасайды. Оқу үрдісімен қатар, кафедра әйелдер және балалар өлімін тежеу барысында көптеген шараларға белсенді қатысады. Осы тұрғыдан облыстық балалар ауруханасындағы балар аурулары курсы ерекше жұмыс жасауда.

Сонымен қатар, дәрігер интерндер, магистранттар мен резидентер ғылыми шығармашылықпен де айналысады.  Атап айтсақ, дәрігер-интерн Д.Мамыров «2012 жылдың ең жас өнер тапқышы» номинациясының жеңімпазы болып танылып, Астанада өткен экономикалық форумда марапатталды.

Айтарлықтай жағдай, Павлодар қаласының барлық медицина мекемелері филиалдың клиникалық базалары болып танылады. Бұл,  мамандар дайындауда оқу үрдісіне мекемелердің бар жағдайын пайдалануда оң нәтиже беруде. Сонымен қатар, «Мойылды курорты» мен «Каустик», «Ақсу ферроқорытпа зауытының» мүмкіншіліктері оқу үрдісінде кең пайдаланылады. Барлық оқу аудиториялары теникалық мүмкіншіліктермен қамтамасыз етілген, олар жалпы компьютерлік жүйеге қосылған.
0 дауыс
Сəлеметсіздерме!Мен барлығы 104 орыс тілінсіз 83 балл жинадым.Енді Семейдегі медицина университетіне түсуге мүмкіндігім барма?Оңтүстіктенмін ауылдық квота бар.
0 дауыс
Сəлеметсіздерме!Мен ҰБТ дан 104 балл тазасы 83 жинадым.Ауылдықтарға балл қосылама?Ауылдық квотамен Семей мед университетіне түсе аламынба?
...