+5 дауыс
403 көрілді
Мынадайды кім көрген)

Сайттағы кейбір беттерге (заң санатына) өткенде мына суреттегідей болады да басқа БЕЛСЕНДІЛІК, БАРЛЫҚ СҰРАҚТАР бөлімдеріне өткенде бұндай болмайды.



Әлде Админ сайттың дизайнын санаттарға байланысты етіп әр бетін ерекшелеп жасап жатыр ма екен?

Әлде бұрыннан барма?

5 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Сайттың негізгі табыс көзі ол Жарнама болып табылады. Тиісінше біз сайтта жарнама қою жағын қарастырып жатырмыз.

Түсіндіріп өтейін.

Сайттың жоғарғы жағында Хабардың және сайттың оң жағында Казконтент жарнамасы орнатулы тұр. Жарнамадан түскен қаражат сайтты дамытуға және менің осы сайтқа уақытымды бөліп, жұмыс ретінде қарастырып істеп жатқан еңбегіме жұмсалады. Ал өз кезегінде сайтқа кіргенде жарнамаларға күніне бір рет шертіп тұрсаңыз, сайт жарнама берушілердің көзімен тиімді. Жақсы көрсеткіштерді көрсеткен соң, жарнама берушілер бізге қарай жарнамасын көптеп беруге тырысады. Ал қаражат пайда болған соң, менің де еңбегім зая кетпей сайтты жетілдіруге сервер, хостинг алуға, жақсы жақсы мүмкіншіктерді программистерге жазғызып сайтты жетілдіре түсемін. Мүмкіндігінше сайттың логотипі бар футболкалар, естелік сыйлықтар шығарып сайт қолданушылар арасында таратуыма болады. Жарнамадан түскен қаражат сайттың өзіне жұмсалатын болады және сайттың қасынан қосымша айдарлар ашып, нақтырақ Аспаз жобасы секілді жобаларды ашып, мамандарды жұмысқа алу мүмкіншілігіне ие боламын. Күніне сайтқа кіргенде бір реттен болса да жарнамаларды шертіп отсаңыздар :)

Ал мен сайтта жарнама орнату үшін жарнама орындарын айқындап жатырмын. Заң бетінің өзгергені онда жарнама орналастырудың бір жүйесін тестілеуден өткізіп жатырмын. Яғни сол санатқа кіргенде және сол санатқа қатысты сұрақтарды ашқанда артқы түсі өзгерген, жоғарыда шертуге болатын баннер жағдайын жасап жатырмын.

Мысалы: Бір ұялы байланыс операторы сайттың Ұялы телефон санатын толықтай брендтегісі келсе өздерінің стилі бар үлкен көлемде сурет пен баннерін ұсынады. Оны Ұялы телефон санатына орналастырған соң сол санатқа қатысты барлық сұрақта сол баннер сайтты толықтай әдемілеп ерекшелеп тұрады және жоғарғы жағында сол байланыс операторына қатысты сұрақ қой деген батырма болады.

Яғни бұл - сайтты монитизациялаудың бір жолы. Түсінбеген сұрақтарың болса астында пікір ретінде жазсаң болады.

Менде байқап қалдым бірақ компьютерім қуып тұрған болар деп ойлар қалдым

Жарнамалар жайлы: күніне бір жарнаманы бір рет басқан дұрыс па, әлде әр жарнаманы бір реттен шертіп, кіріп кеткен дұрыс па? Жарнаманы шерткен соң ашылған бетке кіру керек пе, әлде басқан соң бірден шығып кетсе ақша түсе ме? Жарнамалар өте көп пе? Және неге кейбір сұрақтардың ішінде жарнамалар бар, бірақ ұқсас сұрақтар көрінетін бөлік жоқ, ал кейбір сұрақтарда жарнама жоқ, бірақ ұқсас сұрақтар тұратын жер бар болып тұрады? Жарнамалардан қаншалықты пайда түсуде, оны қазір көп адам басуда ма?
Болашақта барлық санаттың сұрақтарының артқы жағында (фонында) санатына сай суреттер (фондар) бола ма?
Соңғы және қатыссыздау сұрақ: сайтта қаншалықты ұзақ отырасыз?
Уақыт алғаным үшін кешіріңіз.

солай  шығар сайтта өзгерістер байқалады

Белгісіз
0 дауыс
шынымен де солай екен. Қызық. Бірақ кәдімгі дизайннан сәл өзгешелік бар екен. Қазір сайтта өзгерістер жүріп жатыр. мүмкін солай да болып қалар . Әр санаттың  фоны бөлек)
0 дауыс
Солай секiлдi гой,сайтта озгерiстер байкала бастады.
+2 дауыс
Тек заңды ғана емес бәрін істесе жақсы болар еді!!Мысалға:Музыка(ән)санатын артында музыкаға байланысты суреттер,Мото,авто санатында машиналардың суреттер!Әлеуметтік желілер санатында ВК,Фейсбук,агенттің суреттері яғни собщтың бәріне сәйкес істесе қытып кетер еді сайттың дизайны ғой бұл әддемі болады!
0 дауыс
Бұрыннан бар сияқты ғо. Бұрын көрген сияқтымын қателеспесем.

Ұқсас сұрақтар

...