+8 дауыс
508 көрілді
Ассалаумағалейкум, сжлықтар!

Көрінбей кеттіңіздер ғой. Бұрынғы көптеген қолданушылардың сайтқа кірмегеніне бірнеше айдың жүзі болыпты. Өзім де 1,5 жылдай сайтқа кірмей, енді кіріп отырмын, сағынып.. 

Баяғы "Сұрақ-жауап" сайты өзгеріп, "Бәрі бар" сайтына айналыпты. Өзгерген аты ғана емес екен. Өзгерістер көп. Сайтымыз дами түсіпті. Қуаныштымын ол үшін.
Бір өкініштісі, қолданушылар белсенділігі қатты төмендепті.

Бұрынғыдай осы сайт арқылы танысатындар, достасып, араласатындар да жоқ шығар қазір.

Біздің кезде... Көптеген қызық "біздің кезде" болды ғой. Әр ЖЖ мен "жоғары дауыс" үшін таласар едік. Модератор, редактор, тіпті маман болу үшін де барынша талпынатын едік. Ұзыннан ұзақ сөйлемдерді жазуға ерінбедік. Сайтқа кіруге уақыт табар едік...
Жеке өзім, бір қыз қолданушының жазғандары ұнап қалса, жх-сына жазып танысуға асықтым. Көптеген "аноним" н/е аты белгісіз қолданушылардың "бетпердесін" жаймен ашып, жеке таныстым. Кей қолданушылармен бетпе-бет кездестім де... 
"Біздің кез" жайлы жаза берсем, уақыт жетпес... Тоқтайын.

Жалпы, сайт үшін жатпай-тұрмай еңбек еткен, етіп жатқан, (Алла бұйыртса) ете беретін БАС АДМИНІМІЗДІ ерекше атап өтпеуге болмас. Ереке, қазақ ғаламторына тигізіп жатқан пайдаңыз үшін өзіңізге рақмет. Іздеген нәрсемізді осы сайттан табатынбыз, бізден кейінгілер де табатынына сенімдімін. Сайттың қолданылу аясы кеңейіп, ғұмыры ұзақ бола берсін!

Қатты "ақылды" болып кеттік пе, әлде, есейдік пе, қоятын сұрақ жоқ қазір. Бұл жазып отырғаным да сұрақ емес. Жай, бірнеше жылым өткен, кезінде интернеттегі "үйімдей" болып кеткен, сж сайтына бір кіріп шығу, кезеңдес қолданушылардың хабарын білу мақсатында жазып отырған жазбам..

Мені танитындар және бұрынғы қолданушыларға, сайтымыздың алдыңғы буын өкілдеріне үндеу! Өткен кезеңді ұмыттырмау және таныстықты арттыру мақсатында, сіздерді уатсапп, вконтакте т.б. желілерде бір топқа жинамақшымын. Номер немесе сілтемелеріңізді жекеге жаза кетулеріңізге болады. Ешкімді қыстамаймыз.
Және де сайтқа айына бір рет болсын кіріп тұруларыңызды, кейінгі қолданушыларға білгендеріңізді үйретіп тұруларыңызды сұраймын.

Бар екеніңізді білдіріп, астына бірдеңе жаза кетіңіздер. Қуанып қалайық!

Құрметпен, Meddi.

5 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Қайырлы күн достарым!

Мен де сіздерді қатты сағындым. Осы сайттың осындай танымал болғандығы сіздердің арқаларыңыз. Уақыт тоқтап тұрмайды демекші, барлықтарымыз өстік, ер жеттік дегендей. Қолданушылар заманы ауысып жатыр. Бірақ сайт өзгерген жоқ. Тек даму үстінде. Сапалы контент ұсынуға тырысып жатыр.

Мен де сіздерді сағындым. Сайттағы белсенділікті сағындым. Сұрақ қойып, жауап алып, қызықты тақырыптарды талқылауды сағындым. Жако ағамыздың да тұшымды жауаптары мен қызық сұрақтарын сағынып жүрген жайым бар. Әрние барлықтарыңызды осы сайттан көргім келеді. Бірақ әркімнің өз өмірі бар, уақыт тоқтап тұрмайды дегендей.

Ең бастысы сіздер қалдырған ақпарат сіздердің балаларыңыз үшін де пайдалы ақпарат болып сақталуына уәде беремін.

Біздің сайтымыздың есігі сіздер үшін әрқашан ашық!

Құрметпен Ербол Серікбай!
Ербол апта белсенділері дегенді қосуға болмай ма? Бұрын болып еді ғой.
Оны қойш кімнің кімге лайк басқанын білмей жатырққо хабарлама қоңырауша неге жоқ Админ?
+4 дауыс
https://www.instagram.com/shyngys.rajabov/

https://m.facebook.com/profile.php?refid=8

https://vk.com/shyngys.rajabov
+5 дауыс
Танымадық, тойдан адасып келген тамадасың ба
))))))))
менің бір көршім бар еді, өлерінен 3 күн бұрын адам танымай қалған. Ескертіп жатқаным ғой
сосын, номеріңді жазып жібер, грға қосам.
номеріңді жазып жібер, грға қосам
Метти Басты Қатырма
+2 дауыс
Баршаңызға Сəлем!

Сайтқа көптен бері кіріп тұрғаным еді, сайтта көптеген жақсы жақсы өзгерістер болыпты, ризамын, дами беріңіздер!

Иа, шыныменде бұрыңғы кезде жақсы еді ЖЖ алу үшін, апта белсендісі болу үшін 3-4 сағаттап сайттан шықпайтын еді)) (Қазаққа бəсекелестік деген қанға сініп қалған қасиет шығар))

Алдағы уақытта күйбін тіршіліктен бос уақыт табылып жатса кіріп тұрамын

P.s.Сіздің жазғаныңызға жауап ретінде бірдеме жазбай кетуден ұялдым)) Сіздердің сайтта əліде белсенді екендеріңіз қуантады!
жастық шақтағы белсенділік жоқ қазір))
номеріңді жазсайш, грға қосайын
0 дауыс
Көзіме еріксіз жас келді(( Қайтейін, қайтейін... Өзім 1 жылдан кейін жауап жазып отыр екенмін. Уақыт зымырап өтеді...

Ұқсас сұрақтар

+3 дауыс
2 жауап
+5 дауыс
4 жауап
+6 дауыс
5 жауап
Белгісіз 26.11.2013 Жалпы сұрақ сұрақ қойды
...