+5 дауыс
610 көрілді
Келді, міне, Жаңа жыл ортамызға,
Құт-береке әкелсін баршаңызға.
Аңсаған арманыңыз орындалып,
Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға.

Жаңа жылың жаңа нұр ала келсін
Қуанышқа құшағың тола берсін.
Ескі жылың есіркеп көкейіңде
Қимас шақтың бірі боп кала берсін!

-деп құрметті сұрақ жауап сайтының барлық қолданушыларын құттықтағым келіп отыр.Баршамыз жаңа жылмен бірге ізгі жаңалықтардың келуін күтеміз. Келер жаңа жыл Сіздерің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстар ала келсін, жетістіктерге толы болсын. Сіздерге зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ-береке, ашық аспан, шуақты күндер тілейміз.Керегелеріңіз кеңейіп, шаңырақтарыңыз биіктей түссін!
Әрбір жаңа бастамаларыңыз тек қана жеңіс пен сәттілікке үлесе берсін!

4 жауап

+3 дауыс

Рахмет.Сізгеде сәттілік алып келсін.СҰРАҚ-ЖАУАП САЙТЫНЫҢ ҚОЛДАНУШЫЛАРЫ:
Сіздерді Жаңа 2014 жылдарыңызбен құттықтаймыз! 
Жаңа жылдың жақсылықтары әрқашан жандарыңыздан табылсын! 
Ел болашағының қалыптасуына, еліміздің биік тұғырлардан көрініп, одан әрі дамуына Сіздердің қосып жатқан үлестеріңіз өте зор деп білеміз. 
Жаңа жылдың жаңа белестері барлықтарыңызға қуаныш сыйлап, үлкен жетістіктерге жеткізсін, өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі еңбектеріңіз жемісті болсын. 

Құрметті Қазақстандықтар, Сұрақ-жауап сайтының қолданушылар! 

Жақсылықтың бастауы жаңа күннен,
Ескі күнге өкінген болмас мүлдем.
Отбасына қазақтың береке мол,
Жаңа жылым өзіңмен сен ала кел.

 

Рахмет Икер!
+3 дауыс

Рахмет! Сізді де жаңа жылыңызбен құттықтаймын.

Санаулы күндерден кейін келетін 2014 жыл сайтымызға үлкен орасан қуанышын әкелсін. Казнеттің төрінен орын алып, бәйгелерде тұлпары оза шапсын. Күніне жүз мыңдай адам кіріп, мерейі асып тассын!!! Әрқашанда жұлдызы оңынан туғай.

Марат рахмет!
+3 дауыс

Рахмет! Арнайы менің атымнан видеослайд!

Елеке рахмет саған!>>3
0 дауыс
Рахмет бірге болсын
...