+10 дауыс
1.3k көрілді
Барша аруларды 8наурыз мерекесiмен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерді ару көктемнің алғашқы мерекесі 8 – наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіздер. Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, от басыларыңызға құт-береке, ауызбірлік пен тыныштық тілеймiн. Әйел-Ана - өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. Еліміздің сән-салтанаты мен Елордамыздың мерейінің үстем болуында да қашанда нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатыр. Олай болса, көктемнің осынау шуақты мерекесі көңілдеріңізді нұрға, жүректеріңізді жырға бөлесін.

8 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Иа сіздерді барша СЖ-сайттының қыздарынн әсемде-сұлу қыздарымызға тек тілерім денсаулық,денсаулық болса қалғанын бәрін сатып аламызғой,сондықтан тек денсаулық тілеймін?

Гүлдей болсын өміріңіз,

Нұрға толсын көңіліңіз.

Биік боп жұлдызыңыз

Көктемдей құлпырыңыз.

Бақыт қонсын басыңызға

Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!

Осындай әсем гүлдей-гүлмен-гүлдеп жүре берініздер?

 

рахмет көп-көп!
+4 дауыс

Рахмет!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

+1 дауыс

Рахмет!Айтқандарыңыз періштенің құлағына шалынсын!Сіздер аман болыңыздар.

0 дауыс

Менде барлық әйел адамдарға ұзақ өмір,қажымас-қайрат тілеймін.

+4 дауыс

Көп рахмет, айтқаныңыз келсін!Мен де осынау айтулы күні сұрақ-жауап сайтындағы нәзік жандыларымызды көктемнің алғашқы мерекесімен  шын жүректен құттықтаймын!Өмірлеріңіз мәнді де сәнді болсын,зор денсаулық тілеймін!

+1 дауыс

Әрқашанда жайнап, көркейе беріңдер қыздар!

+1 дауыс

8-наурыз құтты болсын!

+1 дауыс

көөөөөөөөөөп рахмееееееееееет!!!!)

...