+4 дауыс
638 көрілді
СЖ сайытының қолданушылары арасында қыздар да бар екендігі мәлім. Сол себепті 8-наурыз мейрамына арнап тілектеріңізде жолдап отырсаңыздар.

Сондай-ақ әрбір тілекке дауыс беруді ұмытпасаңыз. Дауыс бойынша жж таңдалады.

Ендеше мен бастап берейін.
Құрметті сайт қолданушылары (қыздар) сіздерді 8-наурыз мейрамы менен құттықтаймын.

Әсемдіктің бағында жаралғандар,

Нәзік-болмыс, гүл-үміт, ақ армандар.

Жігіттердің бақытын жырлай жүріп,

Өз бақытын сол әннен таба алғандар.
Және бір рет мейрамдарыңыз құтты болсын. Біз сіздер менен бақыттымыз.

5 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Ал әйелдер қауымы, жалпы қыздар сіздерді келе жатырған мейрамдарыңызбен құттықай отырып, сіздерге мол бақыт, зор денсаулық, қажымас қайрат, сарқылмас талап тілеймін.
+2 дауыс
Әйелдер мерекесін шын жүректен құттықтаймын! Бұл ай сіздерге жаңа табыс болуды тілеймін. СЖ-сайтынада да жақсы балл жинап ЖЖ көбейе берсін. СІздерге бар жақсылықты тілеймін.
+1 дауыс
Сәлем бәріңе! Бүгін міне 1 наурыз, көктемнің алғашқы күні.Бұйырса, 7 күннен кейін әйелдер мейрамы болады.Ақ жаулықты аналарымыз, бойжеткендеріміз, көпті көрген әжелермізді жылына бір келетін мерекесімен құттықтаймын! Адамға қажетті денсаулық.Денсаулықтарыңыз мықты болып, 100 жастан әрі-қарай жасай беріңіздер.Сіздерге тілерім табыстарға жетіп, отбасыларыңыз да, өздеріңізде аман болып жүре беріңіздер!
0 дауыс
Белсендi болайық..
0 дауыс
Құрметті әйелдер қауымы, сіздерді келе жатқан 8 наурыз Халықаралық Әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Әрдайым осылай жайнап , гүлдей құлпырып жүре беріңіздер дегім келіп отыр.
...