+12 дауыс
4.1k көрілді

құттықтау 4-жыл

Құрметті Сұрақ-Жауап сайтының қолданушылары, оқырмандары!

О бастан барша Қазақстандықтарға қол ұшын созып, пайдалы ақпараттар мен сұрақ-жауаптарды бір ортаға топтастыру мақсатында ашылған Сұрақ-Жауап сайты 4 жасқа толып отыр! Тура осыдан 4 жыл бұрын, яғни 10.10.2010 күні сайт өз жұмысын бастаған болатын. Сайт сіздер үшін еңбек етіп келеді.

Осы 4 жыл уақыт ішінде Сұрақ-Жауап сайты талай қызықты басынан өткізіп келеді. Сайт арқылы танысып, отау құрған сайтымыздың белсенді қолданушыларымыз да бар деп мақтанышпен айта алады. Оларға бақыт тілейміз. Көптеген қолданушылар өздеріне дос тауып, үлкен бір қауымдастыққа айналып шыға келдік. Бұл күн сіздердің мерекелеріңіз, себебі сайт админнің сайты емес, бұл сіздердің сайттарыңыз. Мерекелеріңіз құтты болсын, достар!

Құдай қаласа Сайт ұжымы сіздер үшін еңбек етіп, жақсы жаңалықтармен қуанта бермек. Бізбен бірге болыңыздар!

Құрметпен сайт ұжымы!

26 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Құтты болсын ! Сайт өркендей берсін! Күннен күнге оқырмандары көбея берсін!
+1 дауыс
Шын жүректен құттықтаймын!!! Істеріңіз алға қарай жүріп, өркендей берсін. Сайтқа тіркелгеніме 3 ай болса да, көп пайдасы тиді. Админге, сұрақ-жауап сайтының белсенді, ақылды қолданушыларына рахмет!!!
+1 дауыс

Дүниеге әкеліп қана қоймай, туындысына азартпен қарап, жанын-тәнін-білімін сол өнімнің аяғына тік тұрып, "әй осы халқыма, в частности жас өрендерге үлесін қоссыншы" дейтін жігіттердің бірі, Ербол.  Шындығы сол, бастапқыда осы жобаның болашағына сенбеген де едім, қайбір қазақ тілді сайт ұзақ жасаушы еді, жоооқ, күннен күнге жаңартулар енгізіліп, "күлімсіреп" тұрғанын байқаудамын. Ар жағында IT-шник шұқылап отырғаны сезіледі)   Белгілі бір сұрақтар категориясына үздіксіз жауап қататын мамандардың жоқтығы қынжылтады, өзгесінде мін таба алмадым, іздедім. Туған бауырым 5-ке келді, жалпы, даму үрдісі салыстыруға келерлік: тілі шықты, көп адамдармен тіл табысып үлгерді, көп адамның басын қосты, көптеген  амиголарға күлкі сыйлады, алда біреуіне - мектепке дайындық, екіншісіне - ұлғаю... Іздері суыған қолданушыларды кері шақыра отырып, Ерболға  зор денсаулық, үзақ ғұмыр тілеймін. (Біртұтас қой екеуі)  Абылайдың шаурмасы мәңгілік:

+2 дауыс
Мә, төрт жылда болып қалды ма, құтты болсын
+1 дауыс
Сұрак-жауап сайты туған күн құтты болсын,Қазақстандағы №1 сайт бол.
+1 дауыс
Осы саитқа ризамын, өркендей берсін. Іш пыстырмайды, өте жақсы, тамаша бәрі
+2 дауыс
0 дауыс

Осы барғанда Шымкенттік достарым, таныстарым болып шағын жиналған едік. Құдай қаласа келесі жылы Сұрақ-Жауаптың 5 жылдығына орай Шымкентте үлкен шара етіп өткізетін боламыз.

Бұл жиынға Берікбол, Раушанбек, Сержан, Нұршат, Жәнібек, Әйгерім, Абіл келген еді. Келесі жылы алдын-ала 2-3 ай бұрын дайындалып керемет қылып өткіземіз деп отырмын. Мерекелеріңіз құтты болсын достар!

Сұрақ Жауап сайты, сұрақ, жауап

Бер жағында көк-ақ жолақты жидемен отқан біздің ауылдағы әкімнің орынбасарына ұқсайды екен!
Келген адамдар сайтқа кірмейді-ау шамасы.
+1 дауыс

Құрметті СЖ қолданушылары, сіздерді сүйікті сайттарыңыз СЖ ның 4 жасқа толуымен құттықтаймын!

+2 дауыс
Құрметті СЖ қолданушылары, сіздерді СЖ ның 4 жасқа толуымен құттықтаймын! СЖ сайты биiк белестерден көрiне берсiн. Сайт оқырмандары көбейiп, жоғары деңгейдегi сайт болуына тiлектеспiн.
+1 дауыс
Барша қолданушыларды осы бір ерекше күнмен құттықтаймын!
0 дауыс
Сіздерді шын көңілден құттықтаймын!Осы сайт ары қарай өркендеп,дами берсін!Биік биік шыңдардан көріне берсін!!!!!!
0 дауыс
Сайт өсіп өркендей берсін! Сайт қолданушылары көбейіп, күніне 200 мың адам кіретін сайт болып компания деңгейіне көтерілсін. Ербол баурым жарайсын!
0 дауыс
Туылған күніңмен СЖ сайты,жасыңа жас қосылсын!Админ ағамыздың арасында осындай керемет сайттардың үздігінде келесің,сан сұрақтардың жауатарын тауып біз де бір қуанып қалдық.4жылдың ішінде осы сайттың қолданушыларымен бірге дос боп келеміз,бәрі адал еңбектің жемісі!Бірге болсын 4жылдығымыз!
Елеке, көрінбей кеттің ғой?!
Армандап міне армандап, сол арманға жорғалап, Ақтөбеге оқуға түстім. ЕНТ деп қол тимей кетіп еді. Бұрынғы қолданушыларды бұл сайттан сирек көргендіктен қызықсыз да болып қалған сияқты. Бір жағынан оқудан қол тимейді.
:) Ия, бұрынғы қолданушыларсыз сайт  қызық емес ))
қазір ұбт-ға дайындалып жатырмын,көп қолым тимей кетті,барынша жаңалықтардан құр қалмай кіруге тырысамын!осы сайттағы елеке,vwww т.б. сынды достарымды сағындым,қызық бауыр басып қалғанмында сұрақ-жауаптан көрмесемде.
Бұрынғы қолданушылар болмағасын ... енді...  :))
Ен Амор әлі кіріп жүрген шығар :) Чаттың гүлі еді ғой. Осы сайтта бір уақыт аралығындағы бірге чаттың көркін қыздырған служактар уатсап, ВК болса хабар алмасып тұруға қарсы емеспін :)
Елеке, вкда подписчикке тастапсың, енді ватсаппта чс-ке тықпайтын шығарсың?! :) жх-ға номеріңді қалдырсай )
:) Подписчикке тастағаным есімде жоқ. Жаппай танымайтындарды өшірген кезде байқамай кетіп қалған шығарсың. ренжіме.
+2 дауыс
СЖ сайты және қолданушылары, сіздерді 4 жылдықтарыңызбен құттықтаймын! СЖ сайты болашақта мега сайтқа айнала берсін! Ербол ағамызға рахмет, осындай сайт ашып, дамытып, осы күнге жеткізгені үшін! СЖ-ның 100 жылдық мерейтойын бірге тойлай берейік!
...