+13 дауыс
3.4k көрілді

Сұрақ-Жауап сайтына 5 жыл!

Құрметті Сұрақ-Жауап сайтының қолданушылары, оқырмандары!

Осыдан 5 жыл бұрын 2010 жылдың 10 қазан күні өз жұмысын бастаған Сұрақ-Жауап сайты бүгін 5-ке толып жатқан жайы бар. О бастан барша Қазақстандықтарға қол ұшын созып, пайдалы ақпараттар мен сұрақ-жауаптарды бір ортаға топтастыру мақсатында ашылған Сұрақ-Жауап сайты сіздер үшін аянбай еңбек етіп келеді.

Сұрақ-Жауап сайты бұл: "Өзіңе қызықты кез келген тақырыпта сұрақ қойып, жауап алуға мүмкіндік беретін танымдық сайт."

Осы 5 жыл ішінде Сұрақ-Жауап сайты біршама биіктен көрініп, сіздер үшін еңбек етіп келеді. Жоба арқылы танысып, отау құрған сайтымыздың белсенді қолданушыларымыз да бар екендігін мақтанышпен айта аламыз. Көптеген қолданушылар өздеріне тек онлайнда да емес офлайнда да дос тауып, үлкен бір қауымдастыққа айналып жатқандығы біздің жасап жатқан еңбегіміздің ақталып жатқандығын білдірсе керек. Бұл күн сіздердің мерекелеріңіз, себебі Сұрақ-Жауап сайты сайт әкімшілігінің сайты емес, бұл сіздердің сайттарыңыз. Мерекелеріңіз құтты болсын, достар!

Құдай қаласа Сайт ұжымы сіздер үшін еңбек етіп, жақсы жаңалықтармен қуанта бермек. 
Сәтін салса жаңа жылдан бастап Сұрақ-Жауап сайты толықтай
www.surak.szh.kz доменіне көшсе,
www.market.szh.kz домені бойынша қазақ тілінде жарнама беру алаңына айналады.
www.szh.kz бетінде сұрақтар мен жауаптар ғана болмай, қазақ тілінде жаңалықтар, фото-видеожаңалық, сұхбаттар т.б. орналасып шағын бір порталға айналдыру жұмыстары жасалынып жатыр.

Осы 5 жылдыққа орай шағын бір мерекелік шара, конкурстар ұйымдастырамыз деп жоспар құрғанбыз. Өкінішке орай жағдайларға байланысты жоспарымыз өзгеріп кетті. 5 жылдықты ескере отырып жыл соңына дейін сайттымыздың белсенді қолданушыларына деген естелік сыйлықтарымызды міндетті түрде салып жіберетін боламыз!

Бізбен бірге болыңыздар! Өз сұрағыңды қой!

Құрметпен Сұрақ-Жауап сайтының ұжымы!

14 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Біріншіден, Сұрақ-жауап сайты қазақ тілді интернеттің дамуына өте көп үлес қосты деп ойлаймын (рейтенгісі ашылғалы бері өте жоғарғы деңгейде келеді), екіншіден өзім білмеген сұрақтарыма толықтай қанағаттанарлық жауаптар алдым, үшіншіден қойған сұрақтарға жауап іздеймін деп өз білімімді кеңейттім, Сосын осы сайт арқылы өте жақсы достар таптым...

Қысқасы ... сайттың 5 жылдығы құтты болсын, қазақ тілі, қазақ тілді интернет көркейе берсін, егер ұлтжанды болсаңыз, қазақ тілінің болашағын ойлайтын болсаңыз осы сайтқа тіркеліп, көкейіңіздегі сұрағыңызды қойыңыз, өзіңіз білетін сұраққа жауап беріп, жұрттың алғысын алыңыз....

Осы сайтты ашқан Админге, Ербол бауырымызға мың рахметІІІ Осы сайтқа тіркелген, барша белсенді қолданушыларға, модераторларға, редакторларға мың рахмет
арзымайды! не ғо, ұлТжанды болатын сияқты..
кешірерсіз дұрыстап қойдым, сізге де рахмет белсенділігіңізге
Рақмет ағасы. Құдай қаласа жақсы жаңалықтармен қуанта береміз деп ойлаймын!
+1 дауыс
5 жасқа толуыңмен құттықтаймын!!! Сайт ары қарай дами берсін.
Рақмет! Құдай қаласа
+1 дауыс
Құтты болсын!  Еңбектеріңіз алға баса берсін!
Рақмет! Айтқаныңыз келсін.
+1 дауыс
Бұрынырақта әр жасқа толған сайын қызықтырақ бола түсетін еді. Whatsapp-та сайттың группасы бар Вк-ны қойғанда. Тіркелерсіздер.

Сәттілік тілеймін саған, СЖС! Әлі де талай жетістіктерге жете бер, Ербол ағасы!
Рақмет үлкен үлкен. )
+1 дауыс
5 жылдық мерейтой құтты болсын. Бұл сайтта көптеген сұрақтарымды жазып, жауаптар алдым. Білетін сұрақтарыма жауаптар жаздым. Өз ойымды ортаға салып, алмастым. Алдағы уақытта сайт жұмысы жандана берсін.
0 дауыс
Құттықтаймыннн!!!
+6 дауыс

5 жылдық құтты болсын! Казақ сайтының жанашырлары!

 

+1! Қалай істедің?
+2 қойсаң айтатын едім.
Тыңдап тұрмыз?
"SZH Effects" деген программамен.
0 дауыс
Құттықтаймыз! Өмірі ұзақ болсын. Еңбектерің жемісті, əрқашан да тек қана N1 бола берсін!!!!!!!
0 дауыс
Маған бұл сайт шынымен ұнады.Туған күнінмен
0 дауыс
5 жыл дейді?.. 1 жыл болғаны кеше ғана сияқты еді) Жасай бер қазақ тілді Сұрақ-жауап сайты. Еңбегіңнің жемісін көр)
0 дауыс
5 жылдық той құтты болсын СЖ лықтар! Сайт өркендей берсін, Біздер сол жолда аянбайық. Бұл сайт қазақ халқына ең бір пайдалы, зиялы сайттардың бірі және бірегейі. Ұлтымызға  қызмет жасай берсін, қызығын адамдар көрсін! Ербол, еңбегің жансын!
0 дауыс
Мә саған! 5 жыл өтіп кеткеніма?))))) Құттықтаймын!!!
0 дауыс
ескі дүние бөлігіне қандай  материктер кіреді
0 дауыс
Сәлеметсіз бе.Сіздердің жастарыңыз құтты болсың. Қсзақша сұрақ-жауап сайтының барына қуанамыз. Қазағымыздың қазақ тіліндегі сайттары көбие берсін.

Ұқсас сұрақтар

...