+3 дауыс
373 көрілді

Құрметті сайттың қолданушылары. Мен сайтта қандай өзгерістер мен толықтыру, жаңартулар жасасам ол сайт үшін деп ұғуларыңызды қалаймын. 

Әрине кейде мен де пенде болған соң артық қыламын деп, тыртық қылып жатамын. Бірақ сіздер болып, біздеп болып сайтымыз дамып, осындай дәрежеге жетіп отырмын. 

Соңғы кездері мен статистикаға қарайтын болсам сайтқа кіретін қолданушылардың 3-тен бір бөлігі ұялы телефон арқылы сайтқа кіріп, сіздермен ақпарат алмасып жүрген белсенді қолданушылар екен. Тиісінше мен тез арада ұялы телефонға ынғайылы сайттың нұсқасын қарастыру еді. Қазір таңда менің Android пен iOS арналған қосымшасын жаздырту қалтам көтермейді. Сондықтан ұялы телефон арқылы сайтқа кіргенде ыңғайлы нұсқасын жасауды қолға алдым.

Менің жағдайымды дұрыс түсініңіздер, мен жалғыз дегендей толықтай үлгере алмай жатамын. (арасында кухняға барып шай ішіп келемін дегендей) https://surak.baribar.kz/506440/ осы жерде өз ойларыңызды жазып жатыр екенсіздер. Келісемін, мен алдағы 1-2 күнде толықтай ескертпелерді шешіп шығуға тырысамын. Бірденен өзгерте алмаймын. Локальный компльютерде отырып істеп, ауыстыра салайын десем басқа да өзгерістерді сайтта отырып тікелей жаңартқан тиімді. Сол үшін қазір мен сайтқа жаңа дизайнды кигізіп өзгерістерді енгізіп жатырмын.

Сайттың компьютерге арналған нұсқасында көп айырмашылық жоқ, тек түстермен жұмыс істеуді талап етеді. Ал ұялы телефонға арналған нұсқасы қолдануға барынша ыңғайлы етуге тырысып жатырмын.

Сәл шыдасаңыздар алдағы 2-3 күнде толықтай бітіретін боламын. 

Егер алып қосар ойларыңыз болса осында жауап ретінде жазсаңыздар болады. Мен мейлінше сол ескертпелерді жүзеге асыруға тырысамын.

Сайт статисткасы.

Ал төменде ұялы телефонмен кіргенде қандай болып көрінетіндігі туралы суреттер.

4 жауап

0 дауыс
Админ мырза маған сайт дизайн ұнады жаңартылуын қалап жүрген едім.
+1 дауыс

Сайтта Хабарландырудан қате шығып тұр. Алдағы уақытта жөндейтін боламыз.

+2 дауыс
Құрметті Админ! Сайттың өзгерісі былай дұрыс. Бірақ қолданушылар өте қызық жасалып қойыпты. Сосын осы сайттың әппақ түсі біртүрлі екен. Түсін өзгертсеңіз жақсы болар еді. Рахмет.
+2 дауыс
Негізі, СЖ сайты информациялық (ақпараттық) сайттар қатарында. Яғни, қажетті ақпараттар алуға арналған. Сондықтан, көп әшекейдің қажеті шамалы. Сайттың интерфейсі ақ түсті, текст қара түсті болып қала берсін. Басқа түстер көздерді тез шаршатады және басты ауыртып жібереді. Админ мырзаның болашақты ойлағаны ақылға қонымды. Болжамдар бойынша, енді 3-5 жылда Андроид типтес операциялық жүйелердің заманы басталады. Сәттілік тілеймін!
...