+6 дауыс
961 көрілді

Сайтымыздың жаңарғанын осы жазбаны оқымай-ақ байқап қойған боларсыздар. Сайтта ұзақ уақыттан бері күрделі жаңарту орын алды. Сайттың 1.7 нұсқасы дайындалып жатыр, бірақ нақты қай уақытта дайын болатыны белгісіз. Не де болса деп сайттың дизайнын өзгертуге бел будық, себебі жаңа дизайн сатылымға шыққан болатын. Бірақ қателіктері өте көп. Соңғы 4-5 күн бойы, қосымша осы демалыс күндердің барлығы, уақыт осы дизайнды өзімізге қарай биімдеуге кетті. 

Beta нұсқада қосылды деп есептеңіздер. Қателіктері көп, біршамасы маған белгілі. Алдағы күндері жөндеуге тырысамын. Егер ол қателіктерді жоя алмасам амалсыз бұрынғы нұсқасына көшіп қалуымыз да ғажап емес. Мен алдыңғы нұсқасынын көшірмесін сақтап қойдым. Бұл дизайнның да өз ерекшеліктері бар. Шыны керек маған ұнап жатыр. Алдағы уақытта жетілдіруге тырысамыз.

Егер барлығы жақсы болатын болса, яғни техникалық ауыртпалық түсірмей жақсы жұмыс істеп тұрса осы дизайнда қалады. Сайтты қалай қолдануға болатын жаңа видеонұсқаулықтар түсірмекпін, қайта Cайттың ережесі мен FAQ жаңартылынып, қажет болса өзгертулер енгіземіз.

Жақсы жаңалықтарды алдағы уақытта күтіңіздер.

Құрметпен сайт әкімшілігі!

Бір қателігі бар екен. Чатта қанша адам және кім-кімдер отырғаны көрінбейді екен.
Жақын уақытта ол олқылықты шешетін боламын. Әзірге қателіктерді біртіндеп шешіп, әлде де сайтты өзгертулер жүріп жатыр.
Түсінікті, Рахмет!
Тағы да дизайнды өзгерттіңіз бе?
Алдағы уақытта өзгертуі мүмкін,тек осы дизайндағы қателіктер шешілмесе алдыңғы дизайнға көшуіміз мүмкін дейді-админ Мырза.
Алдыңғы оранжевый түстегі дизайн.

16 жауап

+5 дауыс
Сайтымыз әдемі болып кетіпті . Осы қалыпта қалғанын қалаймын. Сұрақ қою да өте жеңіл. Бәрі тамаша.
Сайт күшті икен да? Көркем
Белгісіз
+2 дауыс

Иә әдемі! тек кішкене көз үйренбей жатыр 

Сайттың жоғары жақтағы менюды орнына қойған жоқпын. Ертең ойластырып көремін, қою, қоймауымды. Әзірге сайтта қандай мүмкіншіліктер бар. Солардың сілтемесі сайттың ең астындағы менюде көрсетілген.
Кешіріңіз Admin  Онлайн Чаттың адресін бересіз бе?
Белгісіз
https://surak.baribar.kz/chat
Сайттың төменгі жағында тұр
рахмет Скринімен жауап  бергеңізге)
Белгісіз
Чат адресін жаттап алатын кездерің болды ғой.
осы сайтқа кірмегелі 5 айдай болды ұмытатын уақыт болған ау осы)
Белгісіз
+3 дауыс
Иә, мұндай өзгерістердің болып тұрғаны да дұрыс.
+3 дауыс
Мына жасаған дизайныңыз сайтқа ерекше әр берiп керемет болып тұр. Осы дизайн маған ұнады. Сайтыңыз одан әрi дами берсiн.
әумин.....
Рахмет. Мейлінше сайтты жетілдіріп жатырмыз.
+2 дауыс

Қызық, сайт жинақы болып қалыпты. 

Бірақ, сайттағы белсенділік бөлімін ашқанда оң жағында соңғы әрекеттер көрсетілмегені дұрыс сияқты. 2 рет жазылып тұрғаны керек емес.

Мәке сайттың виджеттер жүйесі дұрыс жұмыс жасамай жатыр. Сен айтып жатқан жерді тез шеше аламын.
Сосын, өзіміздің бұрынғы сұрақтарымызды көре алмайды екенбіз баяғыдағы сұрақтарды, жауаптарды.
Оны шешіп қойдым. Астында бет ауыстыру пайда болды. Тек өзіңнің ғана емес, басқалардың да бұрынғы сұрақтары мен жауаптарын көре аласың Мәке :)
Дұрыс болыпты :)
+2 дауыс
Шынында да сөз жоқ керемет екен. Алғаш кірген адамды өзіне әдемілігімен тартатын сынды. Барлығы да жинақы. Жұмысыңыз өрге басып, осы қалпында қалса игі болар еді.
+2 дауыс

Сайттың дизайны маған ұнады тек қана пікірдің үстіне тышқанды апарғанда пікір қозғалып кете береді қалғандары керемет

Тышқанды апарғанда пікір қозғалмайтын етіп қойдым. Енді дұрысталған болар деген үміттемін. Сайтты жаңартып-жаңартып жіберіп барып тексеріп көреміз.
+2 дауыс

Жақсы дизайн.Жаңа күрсем,таң қалып қалдым..

+5 дауыс

Керемет! Айтарға сөзім жоқ!

Бұл Елекенің суретті ғой...
Иә, менікі деп жатқаным жоқ. Төбесінде жазылып тұр ғой кімдікі екені.
+1 дауыс
Сайт тамаша. Бәрі жақсы болды. Осы дизайнда қала берсе екен деген үміттемін.
+1 дауыс
Жақсы, қателіктерді дұрыстап. Жылдамырақ жасайтын етсеңіздер.
+1 дауыс
Сайттың дизайны ұнады,бірақ бұрынғысына үйреніп қалған екенбіз.Әдемі көрінеді екен,сізден алдағы уақытта жақсы-жақсы жаңалықтар күтеміз!Рахмет.
+1 дауыс
Мен үшін түсініксіз болып кетіпті Мысалы менің қанша ЖЖ бар екенін қалай көрем?
https://surak.baribar.kz/user/nu?state=edit
+1 дауыс
Сайт көркейіп келеді, жақсы!Сайттағы аударма ерекше ұнады! Өйткені ішінде қазақ тілі де бар, бірақ сол тілде аударуымен қоса, латын қаріптерімен оқылуын да жазып қойса, құба-құп болар еді.)
Аударманы біз жасамаймыз. Оны арнайы сайт сондай аударма мүмкіншілігін береді. Біз тек сайтқа орнаттық. Мейлінше жаңа нұсқалары шығып жатса сайтқа қосып, жаңартып отырамыз.
0 дауыс
Ия, басында таңырқап қалдым. Енді-енді көзім үйренісіп келе жатыр. Сайт ӨТЕ ТАМАША
Сайтқа кірмегеніңізге көп болған сияқты. Сайт осымен 2 рет жаңартылды
жоқ, күнде кіремін бұл сайтқа

Ұқсас сұрақтар

...