Бешбармак, Бесбармақ - сөзі қалай пайда болған?

+1 дауыс
19.2k қаралым

Бешбармак тағамның негізгі қазақша аталуы Ет асу. Ал Бешбармак сөзі басқа тілден енген дейді. Бұл распа? Осы жайында толық малімет берсеңіздер...

• Санаты: Қазақ тілі

7 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап

Қазақ халқына салт-дәстүр, әдет-ғұрып жағынан өте жақын халықтардың бірі Қырғыз халқы. Міне сол қырғыздар да біз сияқты ет асып жейді, және етті біз сияқты қолмен жейтін болғаннан соң "бешбармақ" -  деп атайды. Қырғыздар аяқты бұт, қол саусақтарын бармақ дейді. Соны естіген өзіміздің кейбір сөз мағанасын түсінбейтін сауатсыз қазақтар да осы сөзді қолданып бешбармақ  деп жатады. Негізі  қолда саусақтар болады, ал аяқта бармақтар болады емес пе? Кім аяғымен ет жегісі келеді? Егер қолмен жегенді меңзегісі келсе неге бессаусақ  деп атамаған? Бұл жерде сол ұлттық салтты кемсітуден туған қитұрқылық басым ба деймін. Қазақтар жай ғана "Ет асу" - деп атаған.

Бармақ деп қол саусағының біріншісін айтпайтын ба еді. "Бас бармақ, балан үйрек..." дейтін бар ғой. Аяқта бақай болады.
+3 дауыс

Меніңше солай... Қазақта негізі бұл тағамның атауы "ет" деп аталған. Білмедім кейіннен бәрі "бесбармақ" деп атап кетті ғой. Меніңше бұл басқа ұлттардың сөзді бұрмалап "бешбармақ" деп атап кеткенінен пайда болған.

0 дауыс
Бізде ҚАМЫР АУҚАТ деп атайды )))))))))))
Ааа, қай жерде турасыз?
Оңтүстік Қазақстан обл, Отырар ауданы
0 дауыс

Бесбармақ (Бешбармақ) - қырғыздың бас тағамының атауы жане қазақтың бас тағамының орыс тілінен ауысып қалыптасқан атауы. XIX ғасырдың қазақ арасына орыстарға тілмаш боп келген татар-башқұрттардың қамыр қосып тартқан етті қолмен алып қабылдауын білдіретін «беш бармақ» деген атаумен байланысты қалыптасса керек. Соңғы бірнеше ондаған жылдар ішінде басқа халықтардың, әсіресе орыстардың айтуымен қазақша еттің жалпы атауы ретінде қолданысқа еніп кеткен. Шынтуайтында, қазақ даласындағы патшалық әкімшіліктің жергілікті шенеуніктерінің ет тағамын кемсітіп атауы. Қазақ ешкашан қонағына тартқан етін бұлай атамаған.

0 дауыс

Біздің дана халқымызда ешнәрсе де жайдан-жай еріккеннен жасалмаған, барлығының тәрбиелік мәні бар. Осы ет асқанда бас тарту тәртібін мына жерден оқып көрсеңіздер болады.http://jakup.ucoz.ru/blog/bas_tartu/2013-12-20-57

–2 дауыс

Қазақтардың көбісі БЕШБАРМАҚ-деп атайдыmail

0 дауыс
Бешбармак деген қазақта сөз жоқ, патшалық ресейдің тілмаштары жағынып, өз беттерінше қазақты күлкі етіп атап жіберген. Қазақ тілінде бес бармақ та, беш бармақ деген сөз тіркесі де жоқ. Қазақта саусақ ұығым төрт ұзын саусаққа қатысты, ал бөлек бармақты кейде басбармақ дейді. Мүшесімен ет тартуды қазақ АС, ас беру деген. Бертін келе туралған етке, жайма салып, дәмдеуіш қосқан тағам қазақша аталмай қалды, сонда орыстың әлгі басанды сөзі орыстілділердің арасында 2000 жылдан бастап, трендке айналды. Бәрін былжырықтатып, өтірік ақпарат бермеңдер. Аяқта саусақ жоқ, башайлар бар, бірақ үлкен башай демейджі, оны бақай деп бөлек атайды. Үлкен саус ақ - бармақ, үлкен башай - бақай аталады. Бұлардың тағамға ешбір қатысы жоқ. Сосын қазақта ешқашан "ет асу" деген тағамның аты болған емес. Бұл да өтірік. Ет асу - сварить мясо деген сөз, оның тағам атына ешбір қатысы жоқ. Иіл мен құндылықты құртпаңдаршы, айналайындар

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
0 дауыс
2 жауап
20.01.2013 • Санаты: Қызық сұрақтар Аноним сұрақ қойды
127,938 сұрақ
322,812 жауап
153,160 пікір
72,926 қолданушы