Қазақ халқына салт-дәстүр, әдет-ғұрып жағынан өте жақын халықтардың бірі Қырғыз халқы. Міне сол қырғыздар да біз сияқты ет асып жейді, және етті біз сияқты қолмен жейтін болғаннан соң "бешбармақ" - деп атайды. Қырғыздар аяқты бұт, қол саусақтарын бармақ дейді. Соны естіген өзіміздің кейбір сөз мағанасын түсінбейтін сауатсыз қазақтар да осы сөзді қолданып бешбармақ деп жатады. Негізі қолда саусақтар болады, ал аяқта бармақтар болады емес пе? Кім аяғымен ет жегісі келеді? Егер қолмен жегенді меңзегісі келсе неге бессаусақ деп атамаған? Бұл жерде сол ұлттық салтты кемсітуден туған қитұрқылық басым ба деймін. Қазақтар жай ғана "Ет асу" - деп атаған.