+2 дауыс
837 көрілді
Егемендігімізді алғанымызға 20 жылдан аса уақыт өтті. Әлемге атымыз шықты. Ең дамыған 50 мемлекеттің қатарына ендік. 30 елдің қатарына ену үшін жастару білімді болу керек деп жаңадан заң шығардық. Бірінші сыныптың оқушылары орыс тілі аз болғандай ағылшын тілін оқып бастайды. Енді сіздерге сұрақ: сіз үштұғырлы тілді қолдайсыз ба? Және айта кетер жайт бұл саяси немесе ұлттар арасына іріткі салатын сұрақ емес. Бұған әрбір қазақстандық өзінің жауабын беруі тиіс.

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Мен осы тақырып жайын зерттеуде едім, енді мәліметтеріммен бөлісейін:

Абай атамыз "Орыс тілін оқыңыздар. Ол сіздердің көздеріңізді ашады!" дегеніне келісесіз бе?

-Келісу керек, Абай атамыз тірі болғанда казір де сол сөзін қайталаса қателеспес еді деп ойлаймын.Абай атамыз "Орыстың тілі, дүниенің кілті"-деген кезде біздің қазақ халқына ең жақын ғылымға көзі ашық жұрт орыс халқы еді,олай болса Абай атамыз білімді орыстан үйрен демегенде, ол заманда аздаған оқыған қазақтар болмаса жалпы қазақ өмірі атын естімегенағылшын, неміс т.б. туралы не айта алар еді.Жалпы адам қанша тіл білсе де артықтық етпейді,оның ішінде орыс тілін бәріміздің білгеніміз абзал болар еді.Орыстар біздің, біз орыстардың көршілеріміз, ешқайсымызда жерімізді арқалап басқа бір жаққа көшіп кетеалмаймыз. Демек бір-бірімізбен белгілі бір қалыпта қарым-қатынасымыз болады, сондай жағдайларда керегі болады деп ойлаймын.

Үштұғырлы тіл жай ғана әдемі тұжырымдама немесе тілдік саясаттың жаңа формасы ретінде пайда болмағанын, ол өмірлік қажеттіліктен туындаған игілікті идея екенін көп шенеуніктер айтып жүр. Оған мысалдар көрсетіп, халықты сендірмекші болатындары да бар. Мысалында, қазіргі кезде күллі әлемге есігін айқара ашып, «ақылды» экономиканы енгізіп жатқан батыс елдері қарыштап дамып жатқанын, бұл бағыттағы толайым табыстарға, ілім-білімге алып барар жол - ғаламшардағы үстемдік құрған тілдерді (ағылшын, орыс тілдері)  үйрену керек екендіктерін айтады. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырғанын ұдайы назарға алып, ежелгі дүниедегі Мысырдың өзінде бірнеше тілді білетін мамандар иерархиялық сатымен жоғарылап, көбіне салық төлеуден босатылғандығы жайлы осыдан Х немесе ХХ ғасыр бұрын болған тарихи оқиғаларды да айтудан тайынбайды. Әрине, бұл мысалдарды көбінесе қазақ тілінен жұрдай, өзге бірнеше тілді меңгерген шенеуніктеріміз айтатыны белгілі. Алайда, тарихтағы мысырлықтармен  қазіргі дәуірді салыстыруға еш келмейтінін көбі түсіне бермейді.

Ағылшын тілі халықаралық тіл екені, әлемнің 70 пайыз ақпары осы тілде екені де белгілі. (Орыс тіліндегі әлемдік ақпар саны 0,01 пайыз ғана.) бірақ бұл неміс, француз, жапон, үнді тілдері маңызсыз дегенді білдірмейді. Ол тілдерде де көп ақпар топтасқан. Ендеше тұғыр тек біреу ғана (Бүркіт тұғыры екеу болмайды ғой!) - ол қазақ тілі. АЛ ол тұғырдағы бүркіт қазақ қай тілді үйренеді, өз еркі. Қазақ тілінен басқа тілдің бәрі шет тілі. Шет тілі ретінде орыс тілін, қытай тілін, чукча тілін үйренсе болады, ағылшын үйренсе жарайды, тіпті латын америкалықтар тілін (испан) үйрену де керек. Тек өз тіліңде ойлай білуің, құрметтей білуің, еркін әрі таза меңгеруің керек.

–1 дауыс
Үшінші тіл есебінде қытай тілін оқу керек, қытай тілін. Ағылшын тілін емес!
жай ма, қытай тілі
Белгісіз
Бір жерден естіп алған шығар: "қытай тілі әлемде ең көп қолданылатын тіл" дегенді. Бұл информация қате деп ойлаймын.
Қытай тілінде 2 миллиардқа жуық адам сөйлейді. Бұл бүкіл адамзаттың үштен бірі. Екіншіден келесі 10 жылда Қытай экономикалық және инвестициялық даму жағынан әлемде бірінші орынға шығады, юань әлемдік валютаға айналады.
Бірақ қазақ елінде қытай өнімдері ең сапасыз деген бағада. Әрі барлық техника мен тауарларда ағылшынша және орысша анықтама кездеседі.
Тіпті де олай емес. Қазақстан мен Ресейдегі бүкіл компьютерлік және офистік техникалар Қытайда жасалған. АҚШта аяқ киімдердің жартысы қытайлық өнім. Қазір қытайлық компьютерлік бағдарламалар, антивирустар басқаларын ығыстырып келе жатыр.
Оны айтканнан ешкiм к.тiлiн уйренiп кетейiн деп жаткан жок, ал болашакты ешкiм бiлмейдi
Белгісіз
0 дауыс
Әрине қолдаймын. Менің ойымша  тек қана қазақ тілін білу керек деп ойлайтын адамдар қателеседі! И так от мира отстоем, тіл білмесек вообще чукча боламыз)
Сөзіңе қарар болсам солардың бірі өзің секілдісің. Жаздың ба толық қазақша немесе орыс тілінде жаз. Үштұғырлы тіл саясаты осындай шалақазақтарды өсіріп шығармаса игі еді.
Ал сенің  сөзіңе  қарасам  мен айтқандардың  бірі  сияқтысың!   Қалай жазатынымды өзім білемін*
Мен айтамын, сөйлеймін, орын жерде пікірімді де жасырмаймын. Ал мәңгүрттермен салғыласу қиынның-қиыны!
поезд уехал(
+3 дауыс
қолдаймын, тіл білудің еш зияны жоқ, ал ағылшын тілі әрбір жерде керек
+3 дауыс

Қолдаймын. Жанжүрек айтқандай тіл білудің ешқандай зияны жоқ. Қазіргі кезде ағылшын тілі әрбір адамға керек. Басқа тілдерді білу арқылы 50ғана емес, алдыңғы 10 елдің қатарына да кіруіміз мүмкін. Бұл саясатты қолдамайтындар  азаматтарды сана-сезімі төмен және тілді білмейтін, үйрене алмайтын адамдар деп білемін.

...