+4 дауыс
1.6k көрілді
Сіз [латын қарпіне][1]   көшуді қолдайсыз ба?


  [1]: http://www.azattyq.org/content/kazakhstan_kazakh_language_latyn/24373619.html

19 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Бұл сұраққа қоғамда бірауызды жауап жоқ, болмайды да. Ол да дұрыс. Бірақ, осы мәселені көтеру үшін, оның қажеттілігін, мақсатын, жеткізетін межесін барынша анықтаған жөн.
1. Қаншалықты "Кеңес бодандығы" тұсындағы қазақ халқының жиналған рухани құндылықтарын (әдеби шығармалар, ғылыми зерттеулер қорытындылары)  шашпай-төкпей, қаз-қалпында латын әліпбиіне қотара  аламыз, қотара аламыз ба? Кириллицаға ауыстырған кезде өз ықтияры өз басында болмаған қазақ халқы амалсыз көнген болатын, енді сол жағдайды өз еркімен қайталау қажет пе? Әрине, төте жазу, латын әліпбиінде жазылған әдебиет, ғылыми еңбектер де бар, меніңше, сол еңбектерді, 70-80 жылға жетім қалған құндылықтарды  қазіргі хатқа аудару, оны ғылыми айналымға қосу тиімдірек секілді.
Бұл мүлде болмайтын жұмыс. Латын әрпіне көшкен Өзбекістан, Әзербайжанның білсеңіз жаңа мектепке барған балдары оқуды білмейді, тілі келмейді.
Ал қазір біздің ө,қ,ү,ң әріптеріне әрең тілі келмей жүрген жастар латын әрпін қалай меңгермек ??
–1 дауыс
Қолдаймын.Қарсы пікірдің қажеті жоқ.Жәбірленуіңіз ғажап емес.
Сені жәбірлемеймін.Және қарсы пікіріңді жаза кет.
Бөлек жауап ретінде жаздым ғой, оқып көр.
Сосын, не үшін қолдайсын? қандай артықшылығын байқадың?
Маған ұнайды.Кезінде түріктерде,өзбектерде латын әріпіне көшкен жоқ па? сол секілді бізгеде қалыспаушылық керек.Біржағынан біздің елімізді тез танылуына ықпал етеді.Егерде осы кириллицамен жүре беретін болсақ,"токырау"-ға жақындап тұрмыз деген сөз.Общым кириллица ұнамайды.Өзімізді нағыз Евразиялық ел ретінде сезінуіміз керек.
Менің негізгі қарсы болған себебім де сол еді негізі. Өзбек-қырғыздарға еліктегендей боламыз ба?! Жыным ұстайд соған,  өту керек болса кезінде өтуі керек еді, ендігіде қажеті шамалы, меніңше
Айтшы,кириллица жақсы ма? қарсы сұрақ саған.
70 жыл бойы Ресейдің қол астынды болып келдік ғой, сондықтан басқа ұлттарға қарағанда бізга орыстар жақын. Елімізде қазақ емес ұлттардың ішінде орыстар басым ғой. Маған жақсы болсын жаман болсын сол кирил әріптерінің қалғаның қолдаймын. "Артық ғыламын деп тартық ғылдымның" кебін киіп қалмасақ сол-ақ. Мүмкін латын әріптеріне көшкеннің пайдасы болса бар да шығар, сондада зияны басым болып кетуі мүмкін.
Мұхтар Шағановтың өзі латын әріптеріне көшудің қажеті жоқ екенің, егер көшкен жағдайда қазақтар екіге бөлінуі мүмкін екенің айтыпты ғой. Ал Мұхтар Шахановты кім тіл жанашыра емес деп айта алады? Нағыз қазақтың патриоты ғой Мұхтар ағамыз.
<s>Мен де демейм)) бірақ айтқандарым/жазғандарым осы сайттың қолданушыларынан әріге бармайды ғой...</s>
[пікір[өзгерді
+1 дауыс
өз басым бұған мүлде қарсымын. неге десеңіз осындай азаттықтың ақ таңы келген шақта қазақ баласына латын қарпін үйрету солай жазуға тарту ақылға сыймайды
тіл байлығың зооор екен.
1 спам
+3 дауыс
Мүлдем (категорический) қарсымын!
-
*Біріншіден:* Тарихта белгілі Патша үкіметі бізді (қазақтарды) тарихын ұмыттыру мақсатында араб тілінде сауат ашқан қазақтарды 1929 жылы латын әріптеріне, кейін (шатаспасам 1940 жылы) кирилл әріптеріне ауыстырған жоқ па?! Қайтадан латын әріптеріне көшсек тарихымыздың кейбір парақтары ұмыт болмайды ма?
*Екіншіден:* Біз жастар, латын әріптеріне көшсек те, тіпті мүлдем қытай ироглифтеріне көшсек та әйтіп-бүйтіп үйреніп алармыз. Біздің миымыз жас әлі, ал үлкендер жағы қалай болмақ? Олар үйренсіп кетуі екі талай! Өтірік пе?! Әлде солар (үлкен кісілер) бақилық болғанша біз басқа кітап олар басқа кітап оқып жүреміз бе?
*Үшіншіден:* Бұл қосымша қаражат қажет етеді. Әлемдік дағдарыс келе жатқанда бұл не шашылу? Тасып бара жатсақ халақтың өмір сүру жағдайын жақсартпай ма, құрдан құр "халақ санын көбейту керек" деп зарлай бермей. Әлеуметтік жағы төмен болса халық саны қалай көбеймек...
Қорытынды: Мүлдем қажеті жоқ, тіпті ойлаудың өзі артық болады! Менің ойым осы.
*Мынадай "латын әріптеріне көшуді қолдаймын" деген қазақты көріп кирил әріптеріне қазақ әріптерін қосып қазақ тілді алфавит құрастырған Ахмет Байтұрсынов атамыз бір аунап тұрған шығар...*
Жақсы жауап,жарайсыз Ағасы!
Димаш,менде сені қолдаймын.
0 дауыс
Мен қолдамаймын себебі ол өз ана тіліміздің кірленуіне ықпалын тигізеді,дегенмен мына жерден бір кісілердің оған тіпті ұссыныс жасап қандайекенін көрсетіпті http://kz.mereke.kz/kz/allabout/index.php?ELEMENT_ID=521        мында ауыстыру туралы  http://www.massagan.com/news.php?mod=news&id=4659&catid=30
+2 дауыс
Мен латын қарпіне көшуді қолдаймын!Men latin karipine kowudi koldaimin!
0 дауыс
Маған бәрібір.Дегенмен, интернет сайттарда ,көбіне кириллден гөрі латын көп қолданылады.Димаштың айтқандары дұрыс негізі қаржылық тұрғыдан қарағанда.
Қ, Ө секілді қазақтың төл әріптері латын қарпіне ауысқанда жеке бір әріп болуы керек шығар, мүмкін.
+2 дауыс
Қолдаймын кирилица күлкүлі болып көрініп тұр және де керек емес қолданбайтын әріптер бар ал латын  әліппесін 21 ғасырда кім білмейді? көшпеімдейтін адамдардың басы совет пропагандасынан қатып қалған.
0 дауыс
Латынша болса бізде 26 әріп болама екен, әлде түріктердікіндей болама?
Әзірше тек болжам болғандықтан түрлі пікірлер айтылуда. Көпшіліктің пікірінше, үстінде я астында сиволдары бар әріптер қажет емес, оның орнына ағылшын тіліндегідей әріптердің қосарлана қолданылуы керек делінуде.
Онда жақсы ғой ағылшынша тез үйренеміз!!!)
0 дауыс
тілдін қадірін тусінейік агайындар, қазақ қайда болсада қазақ .
0 дауыс
Қарсымын себебі қазақ тілді оңыртпай жүрміз латын-ға көшсек тіпті ұмытып кетемізғо.Біз көп елге танылған елміз тіпті кейбіреулер басқа елдің азаматтары азаматшалары қазақ тілді үйренгісі келіп жүр ал біз болсақ басқаларға еліктеп өмір сүріп жүрміз.Осыдан мыңдаған жылдар бұрын ата-бабаларымыз тәуелсіздік үшін қазақ деген ұлт үшін оны жойдырмау үшін өз жандарын құрбан етті.Неге біз осыны ойламаймыз.Мұхтар Шаханов ағамыз қазақ тілі жойылмау ұмытылмау үшін барын салды.Неге біз осыны ойламаймз.Латын тілінің көп пайдасы бар да шығар бірақ мен түбегейлі қарсымын.Осы жоғарыда билікте отырғандар өздері шешім қабылдағанша халықтан сұрамайма?
0 дауыс
Мен қолдаймын ! бұл бізге саяси, экономикалық жағынан өте тиімді
0 дауыс
Латын әрпіне көшетін болсақ 2  ші сыныптан бастап қазақ тілді бекерге оқып келдік пе? Латын әрпіне көшкенде оның лексикалық, морфологиялық талдаулары өзгермей ме? Әлде латын әрпіне өткенде қазақ тілімізді қайтадан оқимыз ба? Мен жалпы қарсымын. Латын әрпіне өтсек таза сақау боламыз ғой.
0 дауыс

Латын әрпіне көшу қазақ тілінің дамуына зор үлес қосады. Ол бізге дейін-ақ ақ-қарасы ажыратылып, шешіліп қойған мәселе(2025 жылға дейін көшеміз), оны ары қарай көшу-көшпеуді талқылай берудің қажеті жоқ, керісінше көшуде қандай тиімді тәсілдерді қолдануды ойластырған жөн,қандай проблемалардың алдын алу керек, соларды ойластыра беру керек сияқты.

Латын қарпіне көшудің Плюстары/Минустары

Плюсы

-Техника тілін жақсы түсінетін боламыз/Ағылшын тілін білетін адамдар көбейеді

-Компьютерде тілдік раскладканы ауыстырып отыру қажет емес/Компьютерде жұмыс істеу жеңілдейді

-Түрік бауырлас елдеріне бір табан жақындай түсеміз

-Алфавиттегі артық әріп/дыбыстар қысқарады

Минусы

-Көп қаржы/еңбек жұмсалады

-Орыс тілінің ықпалы әлсірейді

 

0 дауыс
Көшсек көшерміз ! Қазақ тіоі сақталып қазіргіденде күшті орын валатын болса болады !Бірақ мен қолдамайм сонда да ?
...