–1 дауыс
540 көрілді
Сіз Қазақ әрпінің латын әріпіне көшуін қолдайсыз ба? немесе қарсысыз ба?
Тізесі шыққан сұрақғой...

6 жауап

0 дауыс
Жоқ өзі енді ғана оянып келе жатқан ұлтымыз одан сайын ұзақ ұйқыға кетпейме! Осы кириллицаға ештеңе жетпейді жете алмайды да! Қазір өзінде өзіміз кириллицаның өзінен кейбір сөздердің жазылуын білмейміз.Ал Латынға көшсе одан сайын міңгүрт болады.Артық ақшалай, рухани қаншама шығын шығады! Бұл бір еріккеннің ермегі. Ал егерде заң қинап көштіретін болса онда сол ағылшынның базалық 26 әрпімен қалу керек!(Айпадқа,ноуттерге,айфонға)арнап
Толық келісемін сізбен. Артық бюджеттен бұрын, біз жастар қиналсақ та әйтеуір амал жоқ үйреніп аламыз, ал үлкендер жағы қалай болмақ? Зейнеттік жасқа жақындаған мұғалімдерге обал ғой, қартайғандарынқа қайта оқытып әурелейді оларды әлі-ақ. Кирилицада жазылған миллиондаған кітаптардың барлығын толық латын әрпіне көшірілетіне кім кепіл? көптеген кітаптар шетте қалып қойып, жоғалып кетеді. Жоғарыдағылар қалай жұмытейтіні белгілі ғой "бармақ басты көз қыстымен" қатырады)) Тоқтай алмай қалсам иа)))))
Жоқ  Латын әріпіне ауысақ орыс тілінен құтыламыз және латын тілін білсек ағылшын тіліде біліеміз себебі екеуі ұқсас ?
0 дауыс
ақшаны ойламай ұрпақты ойла қазырғы жағдайда қала берсек қазақ тілі өшеды.  Сол себептен тезірек көшу керек жылдам!!!
0 дауыс
Бүгінгі күні өзге тілді былай қойғанда қазақ тілінде әзер сөйлеп жүргендер аз емес. Меніңше, латын әліпбиіне көшуден бұрын ана тілімізде еркін сөйлеп, сауатты жазуды үйрену керек!
0 дауыс
Бул жерде басқа тілді үйрен деп тұрған ішкім жоқ ,тек қазақ тіліндегі латын әрпі сонда өз тілімізде сөйлейтындер қызыға оқитын болады.
+1 дауыс
Ақыры сауатты жазуды да, қазақ тілін меңгеруді де тап қазір қызу үйреніп жатқандары шамалы. Сондықтан осындай "оңтайлы" сәтті пайдаланып латын әліпбиіне көшу керек тездетіп. Үйренеді екен жаңа әліпбимен қоса үйренсін. Жаңа тәртіп, тың серпінмен бастасын ана тілімізге деген құрметті!!! Мүмкін әліпби өзгергенде ғана түсінетін шығар кейбіреулер біздің ана тіліміз орыс тіліне мүлдем ұқсамайтын өз алдына дара тіл екенін... Бір күннің ішінде барлық жерде қазақша әріп  (латын әліпбиімен) қаптап кеткенде тым болмаса хат танымайтын сауатсыз боп қалмайық деп үйренетін шығар!!! Білмеймін бар ғой... Күнде сөйлесін, үйде сөйлесін демейміз.. Сөйлеуі тиіс жерде бір-екі ауыз қазақша сөйлесе не болады екен?!.. Әдет пе, немқұрайлылық па... Қазақ тілі туралы айтудан барлық қазақтың тілі шаршады((((
0 дауыс
Barlıq adamdar twmısınan azat jäne qadir-qasïyeti men kuqıqtarı teñ bolıp dünïyege keledi. Adamdarğa aqıl-parasat, ar-ojdan berilgen, sondıqtan olar bir-birimen twıstıq, bawırmaldıq qarım-qatınas jasawları tïis

Барлық адамдар тумысынан азат және қадір-қасиеті мен кұқықтары тең болып дүниеге келеді. Адамдарға ақыл-парасат, ар-ождан берілген, сондықтан олар бір-бірімен туыстық, бауырмалдық қарым-қатынас жасаулары тиіс
...