+2 дауыс
4.2k көрілді

Сіз  бастауыш сыныптан бастап 3(Ағылшын,Қазақ,Орыс) тілді үйреткенді дұрыс деп санайсыз ба?

Олар үшеуін бірдей ұстап жүре алама?

Соған байланыс ол бірақ бала бақшадағы бірақ қазір бастауышта 3 тіл оқытылады ғой оларға қиын ауыр емеспе?Мәжіліс депутаты сол туарлы әңгіме қозғапты бірақ ешкім құптамапты,сөйтіп отырғанда жерге түскен қағазды аламын деп орындығынан құлап күлкіге қалыпты-мыс!   http://news.nur.kz/290439.html

Енді негізгі сұрақ мынау:Сіз  бастауыш сыныптан бастап 3(Ағылшын,Қазақ,Орыс) тілді үйреткенді дұрыс деп санайсыз ба?

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Жақсы сұрақ. 

Қазіргі кезде 

мәселесі кеңінен қозғалып келеді, өз басым сенің сұрағыңды орынды деп есептеймін.

Көптілділік – АҚШ, Ресей Федерациясы, Үндістан, Нигерия сияқты жүздеген ұлт пен ұлыс мекендейтін мемлекеттерге тән құбылыс. Қазақстан да 134 (кейбір деректерде 136, тағы бір деректерде 200)  ұлт,ұлыс мекендейтін өркениетке жетуге тырмысып келе жатқан ел болып  табылады. Жер шарында алатын өзіндік орны бар,

бірақ Жер шарының мемлекеттерімен терезесі тең болуы үшін осы үш тілді білуі міндетті екен.

Ыбырай Алтынсарин өз заманында "Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы"  деп аталатын еңбегін жазды, Шоқан Уәлиханов орыс ғылымында көптеген жұмыстар атқарды, Абай Құнанбаев "Орыстың тілі-дүниенің кілті" деп орыс тілін үйретуді көздеді. 

Мұхтар Шаханов "Екі тіл тек жыланда ғана болады" деді, мен "Үш тіл жас баланы шатастырады, басына көп күш түсіреді" деймін.smiley Үш тілді мақлұқатты тек теледидардағы мультфильмдер мен кинолардан ғана көрдім (өз басым).

Байқап қарасақ, бүкiл әлемде үш-ақ әрiптiң көмегiмен өте мағыналы сөйлем құрап беретiн бiрде - бiр тiл жоқ екен. Бұл деген сөз үш тілдің көмегімен мемлекет басқа мемлекеттерден бірден аттап озып кете алмайды дегенге саятындай. 

Қазақ тілін оқу-міндетіміз, оны құрметтеп, аялауымыз керек. Бірақ қазақша сөздің өзін шұбарлайтын адамдардың өзі жетерлік. 

Орыс тілі онсызда бастауышта оқытады. Оны үйрену көп қиындық тудырмайтын шығар, себебі ата-аналарымыз орыстардың көзін көрді ғой, орысша үйретер деп сенейік. 

Шет тілі. Онсызда екі тілден басы қатып жүрген балаға күш, бірақ заман талабы екен. Кестеге зер салыңыздар:

Мынаны оқиық:

"Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес елдегі беделді тілдің бірі – халықаралық қатынастағы ағылшын тілі болып саналады. Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Ағылшын тілі халықаралық қатынаста қолданылатын ортақ тіл, бүгінгі таңда алыс-жақын шетелге шығушылар, шетелде оқушылар, білім жетілдірушілер , қызметкерлер үшін тіл үлкен маңызға ие болып отыр. Қазіргі кезде мектеп оқушылары ағылшын тілінде еркін сөйлеуді мақсат етеді, олар өзінің болашақ оқуы мен қызметіне кажет екенін түсінеді. Ағылшын тілі дүние жүзіне кең тараған тіл. Ол Канада, Ұлыбритания, АҚШ, Австралия, Жаңа Зеландия елдерінің мемлекеттік тілі болып табылады. Канада , Ирландияда мемлекеттеріндегі қос тілдің бірі. Алты құрлыққа кең тараған бұл тілде қазір 400 млн-нан астам адам сөйлейді. Қазақстанда да XX-ғ-дың 50-жылдарынан бастап жоғары және орта оқу орындарында ағылшын тілі оқытылып, мамандар дайындалуды. Ағылшын тілі Британдық және Американдық болып екі түрге бөлінеді. Британдық ағылшын тілі өз ішінде шотландиялық, солтүстік, батыс, шығыс, оңтүстік диалектілерге жіктеледі.
Ағылшын тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Мемлекеттің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері адамның практикалық және зияткерлік іс-әрекетінде ағылшын тілі сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр
ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлынғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән- мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.
Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару - біздің казіргі кездегі міндетіміз. Ағылшын тілін тереңдетіп, жан-жақты оқытуды қоғам, уақыт қажет етіп отыр. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін жетік меңгертуді талап етеді. Мектебімізде биылғы жылдан бастап 1 сыныптан ағылшын тілі оқытыла бастады. Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазір ағылшын тілін білу – уақыт талабы..."

Мынаған да көз сала кетейік, Жас Алаш ылғи да шындықты жазады емес пе? Әлде мұнымен келіскіңіз келмей ме? Мындағы пікір де үштілділікті қолдамаған екен.

Ал бірақ НӘТИЖЕСІ ҚАНДАЙ БОЛМАҚ? Міне, мынадай болмақ:

Не істемек болсақ та кешіктік. Біздің мектепте ағылшын тілін үйрету үшін кітаптар, дискілер, аудиокітаптар, сөйлейтін плакаттар сияқты көрнекіліктер әкеліп қойды, мұғалімдер оқушыларды оқытуды қолға алып та қойды. Бәрі ырза сияқты. Мүмкін бұл үштілділік  кім қалай жамандаса да жақсы жақтары басым шығар. Біздің мектепте былай боп жатыр (дәл бұлай емес, әрине, бірақ осыған ұқсас):

Ағылшынша үйрететін сайттар да ашылып қойды:

Сөз соңында айтарым:

Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін Қазір Қазақстандық қазақпен қазақша сзйлесу керек сөйлесу керек!
Ия,мынаның бәрі дұрыс-ақ екен.Меніңше жақсы жауапқа лайықты.Ия,қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.Қазіргі кезде қазақша сөйлеп тұрмын дегеніңмен,кез келген адам екі сөздің арасына орысшаны қосады.Енді амал қанша?
Белгісіз
+1 дауыс
Мен дұрыс деп санаймын)))ағылшын тілі соншамалықты қиын емес)))ол қайта оқушыларға қызықты болады .Біз 2 сыныптан бастадық ,ол кезде неше түрлі сурет салып,өлең айтып,би билейтінбіз,мұғаліміміз неше түрлі ойын құрастырып келетін қазірде сондай.Ағылшын таңдаса жаман болмайды,біздің мектептегі бір қыз ,флекс деген агылшындык жарыска катысып,ұтып ,қазір Америкада оқып жатыр,біз онымен вебкамерамен сөйлестік,оларға барлық жақсы жағдайды жасап қойған қыдыртады))5-6 демалыс)))сабаққа бару бармау өз еркіңде)))мұғаліммен ұрысу жоқ)))олардың өз отбасы болады,ол қыз сабаққа барарда машинамен апарып салады,алып қайтады.Айфон,айпад дегендердін бәрін беріп қойған олардың сондай мәдениеттілігі бір жақа кетерде жаңағы айфон айпад-тарын тастап кетеді екен,ұрлау жоқ.Өзі бір күн ұйықтаған төсекке жатпай келесі күні басқа төсекке(диван) жатады екен,Американы аралатып қыдыртады екен сондай сондай условиялары көөөпппп)))Ол қыздың аты жөні Гүлсезім Батырбаева
+2 дауыс
Мен дұрыс деп санаймын.Баланың кішкентай кезінде есте сақтау қабілеті өте жоғары болады.Сондықтан оны ешқашан ұмытпайды.Үйреткен кезде баланың жасына қарап үйретеді.Мысалы бірінші сыныптарға суреттер арқылы әріптерді үйретеді.Кейін екінші сыныпта сөздерді үйрете бастайды.Жалпы балаға ол қиын емес.Қайта сабақ оқуға қызығушылығы артады деп ойлаймын.
0 дауыс
Жақсы жақтары:

1. Жас кезде берген білім миға сіңімді болады.

2. Алтыжасарда сабақты ауызша, тек көрнекіліктермен өтсе,  2 сыныптан бастап жазуды үйретеді, яғни басты қатыртпаудың жақсы жолдарын қарастырған.

3. Үш тілде еркін сөйлейтін жастарды қалыптастырады.

Жаман жақтары:

1. Үш тілде сөйлеу оларды шұбарландыруына әкеліп соқтырады.

2. Ауыз әдебиетімен толығымен сусындап өспейді.

3. Сабақтар қысқартылып жетіспеушілік байқалады.

Алып қосарларыңыз бар ма?
+1 дауыс
Қазақстан Республикасы дамудың даңғыл жолына қадам басқан мемлекет. Біздің еліміздің алдыңғы қатарлы елдермен терезесі тең түсуі үшін жастар білімді болуы шарт. Себебі, қазіргі заманда білім - басты қару. Елбасымыз да "Ел болашағы - білімді жастардың қолында" деген сөзінде білімділер ғана мақсаттарына жете алатынын меңзеген. Сол себепті мемлекетіміз үш тұғырлы тіл саясатын ұстанып отыр. Бұл бір жағынан дамыған елдердің талабы болса, екінші жағынан, жастардың білімін арттыруды қолға алу керек екенін көрсетеді. Сондықтан мен бастауыш сыныптан бастап үш тілді үйреткен жөн деп санаймын. Бала кішкентай кезінде алғыр болады. Әрине, оларға бірден ережеден бастап үйретпейді ғой. Ойын, тренинг түрінде, өте қатты қысым көрсетпей, қызықты қылып өткізеді. Бірақ "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" дегендей, өз ана тілімізді ұмытып кетпеуілерін қадағалау шарт.
...