+1 дауыс
10.7k көрілді
Асқабақ қосылып жасалатын қандай дәмді тағамдар бар? Асқабақ мантысынан басқа. Қалай жасалады?

2 жауап

0 дауыс

Түрік десерті — Кабак татлысын жасау

 

Кабак татлысы,түрік десерті,Тәтті асқабақ,Қазақ пен түріктер

Кабак татлысы – түрік десерті. Тәтті асқабақ. Қазақ пен түріктердің бауырластығының тағы бір белгісі. Өйткені, қазақ аспаздығына да тән тағам түрі бұл. Асқабақ ұнатушылар міндетті түрде жасап көру керек. Қант мөлшерін талғамға қарай өзгертуді ұмытпаңыз.

Бізге қажет болады:

- 1 кг асқабақ
- 3 ас қасық қант
- майдаланған жаңғақ

Асқабақты аршып, үлкен емес бөліктерге тураңыз. Табаға немесе қазаншық түбіне туралған асқабақтардың астын төмен қаратып тізіңіз. Бір қатар етіп. Енді үстіне қант сеуіп қойып, үстін жабыңыз. қатты емес отқа қойып 15 минут пісіріңіз. Асқабақ су шығарып қайнай бастаған кезде, үстін ашып тағы 20-25 минуттай пісіріңіз. Піскен асқабақтарды ыдысқа қойып, үстіне майдаланған жаңғақ сеуіп қойыңыз. Суытып жеңіз. Ас болсын!

Микроволновкаға пісіруге бола ма?
интернеттен алдым
+2 дауыс

Картоп пен асқабақ

Құрамында жасанды талшық, ағуыздар, каротин, кальций, темір, магний, фосфор және A, B1, B2, PP және C дәрумендері, ағзадағы зат алмасу процесін жедел­дететін Т және қанның ұюына ықпал ететін К дәрумендері бар.

Асқабақтың мынадай қасиетін енді ғана білдім, өз басым. Бала кезімізден асқабақты көп пайдаланғаннан кейін бе, дүкен сөрелеріндегі асқабақты көрсем, алмай шықпаймын. Біртүрлі, бала кезімді еске салады. 
Кішкентай кезімізде анам асқабақты картоппен қуыратын, духовкаға салып пісіретін, асқабақтан орама, самса, рулет… тамақтың түр-түрін жасайтын. Қайдам, сосын интернетқа барған соң ұмыттық қой:) Ал, кейбір достарыма асқабақ мүлдем ұнамайды екен. Бүгін дүкенде асқабақты көріпқалдым. Негізі күзде пісетін емес пе еді дедім де, ала салдым. Анам сияқты картоппен қосып қуырдым. 

Сонымен, керек заттар:
image

Асқабақ көру қабілеті нашарлағандарға, қаназдықтан жапа шегетіндерге, артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін де таптырмайтын ем. Ол ағзаны шлактан тазартып, зат алмасуды тұрақтандырады. Тіпті мұны ішек құртын түсіруде де пайдаланатын көрінеді.

Тураймыз:
image
Қызып тұрған майға пиязды салып, қызарғанша қуырамыз. Қызарған пияздың үстіне қызанақты саламыз. 

Картоп B1, B2, B6, PP және C дәрумендерінің бай көзі болып табылады. Оның құрамында сондай-ақ белок және көмірсулар, кальций, калий, фосфор және магний бар.


image
Қызанақ қуырылған соң, артынан картопты саламыз да, жақсылап қуырамыз.

Картоптың құрамындағы кальций және калий организмдегі ас тұзының зиянды әсерін бейтараптандырады. Магний жүректі нығайтады, стрестің алдын алады. Сондықтан мамандар картопты стреске жиі бой алдыратын адамдарға жиі қолдануға кеңес береді.


Асқабақты да картоптың көлеміндей етіп тураймыз:

image
Картоп пісейін дегенде асқабақ пен болгар бұрышын салып жібересіз. Болгар бұрышын асқабақ пісейн дегенде салсаңыз да болады. 
Отты азайтып, кішкене ғана су құясыз, тұз қосуды ұмытпаңыз, бастысы.
Асқабақтың дәнегі де ағзаға өте пайдалы. Құрамында майы бар дәнектер іштегі құрттарды өлтіруге септігін тигізеді.

Асқазан-ішек жолының жұмысына жақсартады. Картоптың құрамындағы фосфор тіс және қызыл иекке пайдалы, сондай-ақ баланың өсу процесінде алатын орны ерекше.

Пайдалы мәлімет оқығанымызша, тамағымыз да пісті!
image
P.S: мәліметтер интернеттен алынып, өңделді.

...