+1 дауыс
Асқабақтың пайдасы қандай?
29.09.2014 10.7k қаралым

5 жауап

+3 дауыс

Асқабақтың денсаулыққа пайдасы:

Асқабақ әсіресе асқазаны ауыратындарға таптырмайтын дәрі. Сонымен бірге жүрегі әлсіздерге, түрлі аурудан жүдеп, шаршағандарға қуат беретін бірден-бір пайдалы ас. Асқабақтың ішіндегі жұмсақ жерін, яғни «етін» күйген денеге таңуға да болады. Мұны дәрігерлер де мақұлдайды. Отқа, ыстық суға күйіп қалғандар үй жағдайында асқабақтың сары етін алып таңса болғаны.

Мың да бір ауруға дауа болатын асқабақтың пайдасын айтып тауысу мүмкін емес. Ол:
– көзі нашар көретіндерге;
– қаназдыққа (анемия);
– семіздікке;
– несеп-жыныс жүйесінің көптеген ауруларына;
– өт айдауға;
– бүйрекке;
– паразиттерді жоюға КӨМЕКТЕСЕДІ.


Науқастарға жарасын таңуға кеңес береді. Асқабақ көру қабілеті нашарлағандарға, қаназдықтан жапа шегетіндерге көмек бере алады. Құрамындағы жасанды талшықтың арқасында артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін де таптырмайтын ем.
Асқабақ ағзаны шлактан тазартып, зат алмасуды тұрақтандырады. Несеп-жыныс жүйесінің көптеген ауруларын емдеуге көмектеседі. Несеп айдаушы, қабынуға қарсы, өт айдағыш қасиеті бар және де паразиттерді жояды.

29.09.2014
асқабақ туралы кароче озын тауып ал
0 дауыс
Массагеттен окысаныз болады
29.09.2014
http://massaget.kz/bastangy/kulinariya/3960
0 дауыс
Құрамында жасанды талшық, ақуыздар, каротин, кальций, темір, магний, фосфор және A, B1, B2, PP және C дәрумендері, ағзадағы зат алмасу процесін жедел­дететін Т және қанның ұюына ықпал ететін К дәрумендері, калий, кальций және темір бар. Құрамында дәрумендердің көптігінен болар, ол мың бір ауруға ем боларлық көкөніс деп есептеледі.

Асқа­бақтың шипалық қасиеттеріне тоқталсақ, жүрек әлсіздігінен жүдеген­дерге ем ретінде қолданылатын асқа­бақтың ішіндегі жұмсақ жерін, яғни «етін» дәрігерлер отқа немесе суға күйген науқастарға жарасын таңуға кеңес береді. Асқабақ көру қабілеті нашарлағандарға, қаназдықтан жапа шегетіндерге көмек бере алады. Құрамындағы жасанды талшықтың, судың және жасұнықтың көп мөлшерінің арқасында артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін де таптырмайтын ем.

Асқабақ ағзаны шлактан тазартып, зат алмасуды тұрақтандырады. Несеп жыныс жүйесінің көптеген ауруларын емдеуге көмектеседі. Несеп айдаушы, қабынуға қарсы, өт айдағыш қасиеті бар және де паразиттерді жояды.
29.09.2014
0 дауыс

Асқабақ және алма қосылған пирог (галета)

 

 

http://www.gourmania.kz/2014/09/alma-qosilgan-galetta.html

30.09.2014
0 дауыс
Асказанга ем болыу ушын Аскабакты калай пайдаланамыз яагни писирип жеу керекпе?толыкрак жауап берсениз
24.08.2015
127,956Сұрақ
322,866Жауап
153,167Пікір
72,970Қолданушы