Біздің билік бәйбіше мен тоқалдай ма?

0 дауыс
422 қаралым
(Айбек Қалиев пен Ақмарал Ілеубаева айтысынан)
Парламент пен үкімет тілдеседі,
Тілдесіп өздерінше күн кешеді.
Мемлекеттің кемесін қайырлатпай,
Екеуі ескектерін бірге еседі.
Паламен пен үкімет қарап тұрсаң,
Бәйбішемен тоқалдай күн кешеді.
Қанша күндес болса да екеуінің,
Қашанда тұпкі мақсат бірге есебі.
Сырт көзге күндес болып көрінгенмен,
Екеуі біразжерде үндеседі.
Күйеуінің көңілін табу  үшін,
Жағынып жаутаң-жаутаң күн кешеді.
Қарапайым халықпен шеруасы жоқ,
Түгенделсе болды тек түнгі есебі.
                                                    (Айбек Қалиев)
• Санаты: Жалпы сұрақ | 422 қаралым

2 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
Айбек деген айтқыш жігіт қой сабаз,тіліп ақ айтқан екен. Абай атам айтқандай,осыны тыңдар құлақ табылса керемет болар еді.
+1 дауыс
Осы сияқты өткір сөздер үшін айтысты жауып тастаған болар

Ұқсас сұрақтар

127,951 сұрақ
322,848 жауап
153,167 пікір
72,952 қолданушы