0 дауыс
(Айбек Қалиев пен Ақмарал Ілеубаева айтысынан)
Парламент пен үкімет тілдеседі,
Тілдесіп өздерінше күн кешеді.
Мемлекеттің кемесін қайырлатпай,
Екеуі ескектерін бірге еседі.
Паламен пен үкімет қарап тұрсаң,
Бәйбішемен тоқалдай күн кешеді.
Қанша күндес болса да екеуінің,
Қашанда тұпкі мақсат бірге есебі.
Сырт көзге күндес болып көрінгенмен,
Екеуі біразжерде үндеседі.
Күйеуінің көңілін табу  үшін,
Жағынып жаутаң-жаутаң күн кешеді.
Қарапайым халықпен шеруасы жоқ,
Түгенделсе болды тек түнгі есебі.
                                                    (Айбек Қалиев)
03.09.2011 436 қаралым

2 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Айбек деген айтқыш жігіт қой сабаз,тіліп ақ айтқан екен. Абай атам айтқандай,осыны тыңдар құлақ табылса керемет болар еді.
03.09.2011
+1 дауыс
Осы сияқты өткір сөздер үшін айтысты жауып тастаған болар
03.09.2011
127,960Сұрақ
322,892Жауап
153,169Пікір
73,013Қолданушы