+2 дауыс
56.9k көрілді
біржан сара айтысында көтерілген маселелер біржан мен көтерілген мәселелер сараның жеке басына ғана тән бе сіз қалай ойлайсыз ойыныздыдалел келтире отырып эссе

3 жауап

+1 дауыс

Біржан мен Сара айтысы – өзінің құрылысы мен мазмұны жағынан болсын, көркемдігі жағынан болсын, қазақтың ақындар айтысының ішіндегі үздігі. Біржан мен Сара айтысы айтыстың екі түрін де (қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы) толық қамтиды. Бір жағынан, бұл шаршы топта сөз таластырған саңлақ ақын жігіт пен шешен ақын қыздың дарынды айтысы болса, екінші жағынан, ру атынан сөйлейтін екі ақынның да айтысының үлгісі болып саналады.

Біржан да, Сара да – көпке мәлім, тарихта белгілі адамдар. Біржан сал Қожағұлұлы бұрынғы Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданында 1834 жылы туып, сол жерде 1897 жылы қайтыс болған. Біржан жас шағынан әнге, өлеңге әуестенеді. Өнер жолына түскен табиғи талант иесі көп ұзамай-ақ, әнші ақын, сал Біржан деген атаққа ие болады. Ел аралап, ән салып, айтысқа түсіп, ойын көркі, той көркі атанады. Арқаның ардагер әнші-композиторлары Жарылғапберді, Ақан, жаяу Мұса, Балуан Болақ, Естай сияқты өнерпаздар Біржанның әншілік мектебінен шыққан. Біржан көптеген ән шығарды. Оның «Көкшетау», «Жанбота», «Ләйлім шырақ», «Адасқақ», «Жамбас сипар» сияқты әндері – қазақ музыка мәдениетінің алтын қазынасына қосылған үздік туындылар.

Біржанның басқалардан ерекшелігі – ол жай ақын ғана емес, сонымен бірге әнші де. Оның даңқы – әуелде әнмен жайылған адам. Бірақ ол – әнді әрі шығарушы, әрі тамаша орындаушылығымен қатар, әніне лайық сөз өрнегін, бояуын таба білген ақын да. Біржан мен Сара айтысындағы асқақ, өр сөздердің түп-тамыры да осы қысқа-қысқа ән мәтіндерінде жатыр. Біржанның Сарамен айтысы – бүкіл халық игілігі, халықтың тамаша сүйсініп тыңдайтын өлеңі болады.

Сара Тастамбекқызы бұрынғы Талдықорған облысы, Ақсу ауданында туған. «Тұрмыстан туысымен таяқ жедім» деген Сара жастайынан әкесі қайтыс болып, жоқшылық тақсіретін тартады. Ән мен күй, асқақ жыр өнерлі Сараны ынтықтырып, оны өз биігіне бастайды. Сара талай белгілі ақындармен сөз сайысына түскен, талай жүйріктерге алдырмаған.

Біржан мен Сара айтысының тақырыбы – әйел теңдігі. Айтыста феодалдық заманның қатал да ащы шындығы бейнеленген. Қазақ әйелдерінің аянышты, қайғылы халі суреттелген. Қалың мал – қазақ әйелдерін шырмаған ескіліктің мықты торы, айтыста сол қырсықты ескі әдет-ғұрыпқа, салт-санаға наразылық білдіріледі. Біржан Сараның осындай аянышты халіне күйінеді. Ақын қыз сол кездегі әйелдердің ауыр тұрмысын, әйелді тұтқын еткен дін тұзағына да наразылығын білдіреді.

Айтыстың негізгі өзегі әйел бостандығы болса да, мұнда айтыстың дәстүрлі әдісі бойынша, өз рубасыларын, би-болыстарын дәріптеу, мадақтау сияқты қайшылықтар да кездеседі. Соның өзінде де Біржан сөздерінде жаңа бағытқа аз да болса талпыну бары байқалады.

Халық айтыстары, негізінен, екі ақынның бір-бірінің қай жағынан болсын кемшілігін табуға құрылады. Бұл әдіс Біржан мен Сара айтысында да бар. Біржан Сараны сүріндіру үшін оның күйеуінің нашарлығын тілге тиек етеді. Ақыры, сол Жиенқұлдың айналасынан ұзатпай, Сараны жеңеді.

Екеуі де айтыста өздерінің адамгершілік, ақындық сипаттарымен көрінеді. Біржан да, Сара да – үздік өнер иесі. Бір-бірінің бойындағы осы қасиеттерді қапысыз тани біледі. Өлшеусіз талант, әрі әнші екі саңлақтың шешен сөздері – өзінің көркемдік жағынан бүгінге дейін үлгі. Бұл айтыстың сөздері анықтық, тазалық, дәлдік жағынан, көркемдік, сұлулық жағынан да қазақ әдебиетінің төрінен орын алады.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/27236/

+1 дауыс
Біржан мен Сара айтысындағы көтерілген мәселелер Саараның жеке басына ғана тән бе? Қалай ойлайсыз?

  Біржан мен Сара айтысы – өзінің құрылысы мен мазмұны жағынан болсын, көркемдігі жағынан болсын, қазақтың ақындар айтысының ішіндегі үздігі. Қазақ халық ауыз әдебиетіндегі Біржан мен Сара айтысының өзекті тақырыбы Саранын қиын тағдыр тауқіметі яғни қалың малға аттастырылып кетуі. Сонда Біржан мен Сара айтысындағы көтерілген мәселелер Сараның жеке басына ғана тән бе?

Біржан мен Сара айтысындағы көтерілген мәселе Сараның жеке басына ғана тән емес, бұл барлық қазақ әйелдерінің теңсіздігі, бас бостандығынан айырылуы.

Бесінен қалмай жетсін жаны болса,                                                Бөгелмей жете көрсін әлі болса                                                            Елден қайыр сұраған кедей Біржан                                                      Алмай ма мендей қызды малы болса?- деген өлең жолдарында айтылғандай түрлі бай, би болыстар өз балаларына қызды қалың малға сатып алатыны. Ал кедейлердің малы болмағандықтан байлар секілді қызыды қалың малға сатып ала алмайтыны айтылады.Қалың мал – қазақ әйелдерін шырмаған ескіліктің мықты торы

 Асылым Құдай берген өз бағыма,                                                             Тең келмес жеті Біржан тырнағына                                               Найманда ұлы дария саяткері                                                             Балық боп ілінгенмін қармағына.- деген үзіндіде Сараның және барлық қазақ даналы қыздарына бай балалары тең келмей, тек балық секілді қармаққа ілініп қалың малға сатылып, өнер білімге деген құқығы тапталып, қиын тауқімет тағдырды басынан өткеріп тұрғанын баяндайды. Қалың малға сатылып махабаты үшін күресе алмай, өз еркі өзінде болмай, байлаулы, жандай сүйген адамына қосақталмаған арулардың мұны еді.

Қорытындылай келе Біржан мен Сара айтысындағы көтерілген мәселе Сараға және барлық қазақ қыздарына тән. Қалың мал – қазақ әйелдерін шырмаған ескіліктің мықты торы, осы торда қазақтың небір ақылды,көрікті қыздары тағдыр тауқіметін көрді.
0 дауыс
Екі Тұлпардың Тартысы: Біржан-Сара Айтысындағы Көтерілген Мәселелер

Біржан сал мен Сара ақынның айтысы – қазақ әдебиетінің інжу-маржаны, сөз өнерінің шыңы. Бұл айтыста екі дарынды тұлғаның шешендік өнері ғана емес, сонымен қатар сол заманның әлеуметтік мәселелері де көтерілген.

Біржан мен Сара айтысындағы басты мәселелердің бірі – әйел теңдігі. Сара ақын өз дәуіріндегі әйелдердің қоғамдағы орнын, ер адамдармен тең құқылы болуға ұмтылысын жырлады. Ол өзінің ақыл-парасатымен, білімімен ер адамдардан кем емес екенін дәлелдеп, әйелдердің де қоғамға пайдалы істер тындыра алатындығын айтты.

Айтыста сөз өнерінің маңызы да айқын көрінеді. Біржан мен Сара өздерінің шешендік шеберліктерін паш етіп, сөз құдіретімен бір-біріне тойтарыс берді. Олардың айтысы – ақындық өнердің биік үлгісі, қазақ тілінің байлығы мен көркемдігін көрсететін айшықты туынды.

Сондай-ақ, айтыста әлеуметтік теңсіздік мәселесі де қозғалды. Сара ақын бай мен кедейдің арасындағы алшақтықты сынап, әлеуметтік әділетсіздікті әшкереледі. Ол халықтың мұң-мұқтажын жырлап, қоғамдағы теңсіздікті жоюға шақырды.

Біржан-Сара айтысы – тек екі ақынның тартысы ғана емес, сонымен бірге қазақ қоғамының сол кездегі тыныс-тіршілігін, әлеуметтік мәселелерін көрсететін құнды тарихи-әдеби мұра. Бұл айтыс бүгінгі күні де өзектілігін жойған жоқ, себебі онда көтерілген мәселелер әлі күнге дейін қоғамды толғандыруда.

Қосымша:

Айтыстағы махаббат тақырыбын талдау

Біржан мен Сараның бейнелерін салыстыру

Айтыстың тілдік ерекшеліктеріне тоқталу

Осы тақырыптарды қосымша зерттеу арқылы Біржан-Сара айтысының мәнін тереңірек түсінуге болады.
...