0 дауыс
2.5k көрілді
Қарбыздың 100 гр. тағамдық құндылығы (калорийность) қанша?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Жалпы, қарбыздың аналығы мен аталығы болатыны белгілі. Аталығына қарағанда, аналығы дәмдірек келеді. Өкінішке қарай, өзіңіз өсірмесеңіз, өнімнің жүз пайыз сапалы екендігіне ешкім кепілдік бермейді. Сондықтан әсіресе, балаларға берген кезде абай болған жөн. Ең нитраттар жиналатын зиянды бөлігі болып қабығына жақын тұрған жұмсағы саналады, сондықтан балаларға ортасынан кесіп берген жөн. Бірақ 2 жастан кіші балаларға беруге болмайды. 2-3 жастағы балалар үшін 100 грамы жеткілікті болса, 3-6 жастағылар үшін 150-ден асырмау керек. Сонымен, оның адам денсаулығына пайдасына тоқталатын болса, адам ағзасына қажетті бір күндік магнийді бар-жоғы 150 грамм қарбыз қамтамасыз ете алады екен. Өйткені оның құрамында магний өте көп. Сондықтан артериялық қанқысымы бар жандарға оны ас мәзіріне міндетті түрде қосуы керек. Сондай-ақ қарбыз адам бойындағы холестиринді шығарады, бұл жүрек қантамырлары ауруларына шалдыққандарға пайдалы. Қарбыздың ерекшелігі сол, оның шырынында табиғи қышқылдар мен тұздар болмайды. Бұл оның басқа жеміс-жидектерден бірден-бір артықшылығы. Бірақ ол сілтіге бай. Осының барлығы оны несеп жолдары үшін өте пайдалы қылады.Сондықтан дәрігерлер бүйрегіне тас байланған жандарға осы жемісті жеуге кеңес береді. Қуықтың қабынуы, бүйректің қабынуы кезінде қарбызды көбірек пайдаланған жөн. Мамандар күніне тәтті жемістің кем дегенде 2 келісін жеуді ұсынады. Ол қа­наздықты емдеуде де жақсы көмекші бола алады. Бұл жеміс — арықтағысы келіп жүрген жандарға таптырмас құрал. Өйткені оның құнарлығы өте төмен. Жүз грамында бар-жоғы 38 килокалория болады екен. Оны жегенде тез тойып кеткендей әсер болатындықтан, тәбетті төмендету үшін де пайдаланылады. Тіпті оның жұмсағынан бетке арналған жақпа дайындайды. Жұмсағын мыжып, бетке жағып оны 20 минуттан кейін жуып тастаса, бет біраз жасарып қалады. Қарбыздың тек жұмсағы ғана емес, қатты қабығы да пайдалы бола алады. Оның қабығынан жүрек пен бүйрек ауруларына байланысты пайда болатын ісіну мен домбығудан арылтатын қайнатпа дайындауға болады. Қарбыздың дәндері де пайдалы. Оны құрғатып, кофе ұнтақтағыштан өткізіп, 1:10 қатынасында сүт қосып жіберсе, ағзаны паразиттерден тазартатын қайнатпа дайын. Бірақ мұндай қайнатпаларды дәрігермен кеңесіп барып ішу қажет. Өйткені қарбызды жеуге болмайтын жағдайлар да бар. Созылмалыішек ауруымен ауыратындарға қарбызды көп жеудің қажеті жоқ. Ол ішті кептіріп жібереді. Қант диабетімен ауыратындарға да пайдалы емес. Сондай-ақ жүктіліктің соңғы үш айында одан бас тартқан абзал. Қарбыз қабығынан қайнатпа Алдымен қарбыздың қабығын қысқатолқынды пеште кептіріп аламыз. Содан кейін құрғақ қабыққа 1:10 қатынасында су құйып, 5 минуттай қайнатамыз. Тұнбасын сүзіп алып, жарты стақаннан күніне 3-4 рет ішеді. Мұндай қайнатпаны жыл бойы дайындауға болады, өйткені құрғатылған қабық ұзақ сақталады. Сондай-ақ ол күйік пен ревматизмге де пайдалы екен. Ең қымбат қарбыз Әлемдегі ең қымбат қарбыз осыдан 2 жыл бұрын Жапонияда сатылған болатын. Салмағы шамамен 8 келі тартатын бұл қарбыз Хоккайдо аралында ғана өсірілетін«Densuke» деген сирек кездесетін сортына жатады. Оны теңіз өнімдерінің саудагері жергілікті ауылшаруашылық өндірушілерін қолдау үшін сатып алған көрінеді
0 дауыс
Қауынның отаны Қауынның ең алғашқы пайда болған мекенін дөп басып айту қиын. Дегенмен,қауынның отаны–Египетдеп тұжырым жасауға бірнеше дәлелдер бар. Есте жоқ ежелгі заманнан бері египеттіктер Ніл өзенінің аңғарларында қауынның алуан түрлі сорттарын өсіріп келген. Қабырғаларға салынған қауын суреттері мұның айқын дәлелі бола алады. Құдайларға құрбандық шалынып жатқан мұндай суреттер көне Египет ғибадатханаларынан, табыттардан табылған және олардан қауын суретін байқау аса қиын емес. Жер бетіндегі барлық мемлекеттер қауындар Египеттен тараған деседі. Арабтар ортағасырларда қауынды Жерге түскен«жұмақтың жемісі»ретінде таныған. Қауын гректер мен римдіктергеде бағзы замандардан бері танымал. Италияндықтардың сүйікті тағамадары болғандығы соншалықты, зиялы қауым өкілдерінің өзі тамақтану мәдениетін естен шығара отырып, қауынды асқан ашқарақтықпен жейтін болған. Тарихшылардың айтуынша, Рим императоры Клавдий Альбин таңғы асқа он қауынды бірден жеген екен. Қауынның құрамы және пайдасы Қауынның құрамында:қант, А, Р, С дәрумендері, аскорбин қышқылдары, темірдің минералды тұздары, калий, натрий және фруктоза, сахароза, глюкоза көміртектері бар. Ол жаздың аптапты ыстық күндері шөлді жақсы басады. Қауынды ыстық немесе салқын тағамдармен араластырып жеу асқазанға өте зиян, сондықтан тамақтан кейін немесе тамақтан соң2-3 сағаттан соң жегеніңіз абзал. Қарбыздың отаны Қарбыздың отаны– Африка, дәлірек айтқанда Оңтүстік Африка болып саналады. Онда бүгінгі күнге дейін бұл өсімдіктің жабайы түрлері ұшырасады. Қарбыздар дәл осы мекеннен әлемнің түкпір-түкпіріне таралған. Ежелгі Египетте де қарбыздар кең танылған, ал Еуропада ХІ ғасырлардан бері белгілі болса, Ресейде XVII ғасырдың ортасында ғана өсіріле бастады. Өсімдіктің Қытайдағы мәртебесі өте жоғары.«Батыс қарбызы»деген атау бергендеріне қарағанда, Қытайлықтар оны еуропалықтардан әкелген. Күні бүгінге дейін қытайлықтар қыркүйек айында«қарбыз мерекесін»жоғары дәрежеде атап өтеді. Қарбыздың құрамы және пайдасы Қарбыздың сөлі мен қызыл еті – несеп және өт айдауда аса пайдалы.Оның етінде фруктоза, азотты заттар, жасұнық, темірдің минералды тұздары, В1, В2, С және РР дәрумендері, каротин бар. Қарбызды буынның ұстамалы және қабыну ауруларын, жүрек-қан тамырларын емдеуде қолданады. Сонымен қатар, оны үздіксіз пайдалансаңыз, гастрит ауыруын да емдепшығуға болады. Пісіп-толған қарбыздың құрамында 2,5-12% қант, ал дәнінде 25-30% май болады. Қауын мен қарбыз– өте жақсы тағам және дертке дауа болар дәрі. Олар геморой, бүйрек, бауыр, асқазан-ішек жолдары ауруларына, әсіресе тас немесе құм жиналып қалған жағдайда ем бола алады. Ұмытпаңыз, бұл жемістерді шамадан тыс жеу –денсаулығыңыз үшін өте қауіпті. Қауын мен қарбызды қалай таңдау керек? Бұл жерде бірнеше қулыққа толы іс-әрекетке баруға тура келеді.Піскен қарбыздыңбүйірінде сарғыш дақтар болатынын біле жүріңіз. Жетілген қарбыздың қабығы да жалтырап тұрады және сыртынан саусақпен немесе алақанмен ұрып көргенде, қатаң дыбыс емес, таза әрі анық дыбыс шығуы керек. Жақсы қауынның сабағы қалың болады. Ал қауынның піскендігін білу үшін сабағына қарама-қарсы беттегі қыртысын басып көру керек, шала қауынның сол тұстағы қабығы– қатты, ал піскен қауынның қабығы – басқан кезде аздап басылып, жұмсақ екендігі байқалып тұрады. Ең ұтымды тәсіл– сатушыдан тілік кесіп көрсетуін талап ету болмақ.
...