0 дауыс
994 көрілді
Қазір қауын-қарбыз сатылып жатыр, оның жақсы піскенін және тәттілігін қалай білуге болады?  Мысалы: кесіп жеп көрмей. Кесіп жеп көрсең, тәтті болса алып жүру қиын ішінен суы ағып ыңғайсыз жағдайға қалдырады. Тәтті болмай шықса, тастап кету де сатушыдан обал, ыңғайсыз жағдай.

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Қарбыз алар кезде мына кеңестерді есте ұстау керек:
-Піскен қарбыздың ақ жолағы жалпақ болады әрі жолағы қанық болуы тиіс;
-Қарбызды шертіп көрген кезде дауысы анық шығуы керек;
-Сыртында қоңыр-қара дағы бар немесе жырылған қарбызды көрсеңіз мүлде жоламағаныңыз жөн;
-Ірі әрі салмағы ауыр қарбыз жақсы піскен;
-Қарбызды сондай-ақ, жеміс сабағына қарап та таңдауға болады. Егер жеміс сабағы шірімеген болса онда ол жаңа жұлынып әкелінген және іші де түспеген;
-Қарбызда болатын сары дақтар оның толық піскенін білдіреді;
-Қарбыздың сырты жылтыр болса да жақсы піскендігінің белгісі.
...