+4 дауыс
Қарбызды дұрыс таңдап алып жүрсіз ба? Жақсы піскенін қалай білуге болады?

31.07.2015 2.4k қаралым

6 жауап

+1 дауыс
Түсіне қараймын, ақшыл-сарылау жасылын аламын
31.07.2015
+2 дауыс
Мен интуицияма сенемін)))  (және ол алдап көрген емес)
31.07.2015
Сіздің интуицияңыз бізге де бұйырса ғо шіркін
+1 дауыс
Қысқасы шілденің аяғында аламын қарбызды.
31.07.2015
+1 дауыс
Қарбызды екіге бөліп қараймын,піспесе алмаймын))))Әкем ылғи таңдайды,қолымен қарбызды шертеді,осылай піскен піспегенін біледі,әзірге қателесіп көрген жоқ))
31.07.2015
Ал жақсы піскен болса қайтесің, суын ағызып көтеріп келесің ба???
Жоқ,жай қалжың ғой,олай істемеймін)))
Бізде үш бұрыштап төбесінен ойып, дәмін көргізеді, ұнаса аласың, крышкасын жауып. Ұнамаса қалады өздерінде, оларды кешке біреулер келіп сиырға беру үшін арзан бағада алып кетеді екен.
Бізде де солай үшбұрыш қып кесіп береді
0 дауыс
Үйде мен дүкенге барып азық-түлік әкелетін.Қарбыз алсам түбін яғни сабағынан үзілген жер шіріп тұру керек деп жатады,соған қарап аламын.Үлкен не кіші емес орташасын аламын )
08.08.2015
Қарбызды таңдағанда сырты қытырлап қатты болып тұруы керек. Ал егер, сырты жұмсарып, солып қалған болса алмаяқ қой ондайын, жеуге жарамай ескіріп, дәмі бұзылған олардың.
   Негізі дәл қазіргі уақытта барлық қауын-қарбыздар  нағыз пісетін мерзімі, Ең бастысы 4-5 күннен артық тұрып қалғанын алмасаң болды.

 Олардың мерзімі жұлынған соң бір аптадан соң құри бастайды.
 Ең дұрысы, жаңадан машинадан түсіріп жатқан кезде, свежыйын алып жесең өкінбейсің, ол нағыз қарбыз болады жегенде тура қар сияқты қытырлайды, дәмі де ерекше тәтті болады.
127,958Сұрақ
322,872Жауап
153,169Пікір
72,980Қолданушы