+2 дауыс
5.4k көрілді
Атам айтады: Ел басына күн туған сәтте құйрықты жұлдыз шығып тұрады деп. Сол рас па? Жалпы құйрықты жұлдызды көргенсіз бе? Оның шығу себептері не?

4 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Ел басына күн туғанда көрінетінін білмеймін да, бірақ тоқсаныншы жылдардың ортасында көрінген еді, үлкендердің естерінде шығар, мен ол кезде кішкентаймын, емес емес есімде. Біраз уақыт аспанда көрініп тұрды, күндіз де.

Ал енді ол не десең, ол комета не астеройд болар )
+1 дауыс
Құйрықты жұлдыз, комета – Күн жүйесінің кіші денесі;аспанда оқтатекте тұманданған нысан түрінде байқалып,жұлдыздарға қатысты орын ауыстыратын, центрінде ядросы аспан денесі. Құйрықты жұлдыздың басы ядро бөліп шығаратын газ бен тозаңнан түзіледі.(Мұз,метан және будан) Күнге жақындаған кезде буланып кетеді. Қазіргі таңда 400-ге жуық қысқакезеңді кометалар анықталған. Олардың 200-ге жуығы бір үлкен өлшемде байқалған.Олар үлкен тұқымдас қауымды құрайды.Мысалы: көбінесі қысқакезеңді комета (олардың Күнді айналуы 3-10 жылға созылады)Юпитер тұқымдасынан құралады. Бұған Сатурн,Уран және Нептун (соңғысына әйгілі Галлея кометасы жатады) да әсерін тигізеді.Құйрықты жұлдыздардың эволюциясына Күн жүйесіндегі үлкен планеталар, негізінен, Юпитер көп әсерін тигізеді. Құйрықты жұлдыздың пішініне және ондағы өтетін процестердің қалыптасуына Күннің корпускулалық сәуле шығаруы – Күн желінің ықпалы да өте үлкен. Күн жүйесіндегі құйрықты жұлдыздардың саны орасан көп: кейбір мәліметтер бойынша олар жүздеген миллиардқа жетеді. Ядросының массасы 1011 – 1015 кг шамалас, ал оның басының өлшемі 103 – 106 км аралығында; құйрығының ұзындығы жүздеген млн. км-ге жетуі мүмкін Күннен алыс жерде құйрықты жұлдыз – қатты дене. Күнге жақын келгенде Жерден телескоп арқылы, кейде көзбен көруге болады. Күннен қашықтаған сайын құйрықты жұлдыздың жалтырауы кеми береді. Көзбен көруге болатын кометаларды «үлкен кометалар» деп атайды.
Номенклатура

Толығырақ  http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%BE%D0%BC%D0%B5%D1%82%D0%B0
Минус басам деп, ЖЖ белгілеп қойыппын Саған, айып етпе
+3 дауыс
Мен құйрықты жұлдызды 2-3 рет көрдім. Құйрықты жұлдыз ол бір мезетте жарқ етіп көрініп бір бағытқа қарай бағытталып жоқ болып кетеді, шығу себептерін білмедім.
ол құйрықты жұлдыз емес, кәдімгі аққан жұлдыз ғо
шатастырма аққан жұлдыз басқа, ол түнде болады көбінесе, ал мен күндіз көрдім
+4 дауыс
Ол кез келген сәтте шығып қалуы мүмкін.Яғни кездейсоқ жерден.Мен 1 ақ рет көргем
...