0 дауыс
21.8k көрілді
Әлемдегі қай жұлдыз ең жарық?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Әлемдегі ең жарық жұлдыз-Сириус. Сүмбіле немесе Сириус (лат. Sirius), сонымен қатар Үлкен арлан шоқжұлдызындағы α жұлдыз (лат. α Canis Majoris) — Тазы шоқжұлдызында, аспанның орталық жарты шарына орналасқан, (Қазақстанда қыста шығыс оңтүстік аспаннан көрінеді) жерден қарағанда ең жарық көрінетін жұлдыз. Белгісі - Bd:α CMa. Сүмбіленің жалтырауы 1,46 жұлдыздық шамаға тең болып, екінші жарық жұлдыз Канопуске қарағанда екі есе артық жарқырайды. Оның ағылшынша аты Sirius /sɪɹiəs/, ол ежелгі грекше Σείριος сөзінен келген. Оның Байер белгілемесіндегі аты - Үлкен арлан шоқжұлдызындағы α жұлдыз. Көзімізге сүмбіле бір тұрақты жұлдыз болып көрінгенімен, ол шынтуайтында Қосаржұлдыз болып есептеледі. Ол спектрі A1V болған ақ негізгі тізбек жұлдызы мен спектрі DA2 болған күңгірт ақ ергежейлі серігі Сүмбіле B дан құралады(Bd:α CMa B).[1] Сүмбіленің басқа жұлдыздардан өте жарық көріну себебі оның жарық шамасының жоғарылығынан ғана емес, және оның жерге өте жақындығынан болған. Ол күнге жақын жұлдыздардың бірі есептеледі. Сүмбіленің Күннен қашықтығы 2,6 парсек (8.6 жарық жылы). Сүмбіле диаметрі жағынан Күннен екі есе үлкен, жарқырауы Күн жарқырауынан 25 есе артық. Сүмбіле Қосаржұлдызы 200 - 300 млн жылдық тарихқа ие. Ол әу бастан-ақ екі көк түсті жарық жұлдыздан құралған. Жоғары энергияға ие Сүмбіле B өз энергиясын сарқып, алып қызыл жұлдызға айналған және сыртқы қабатынан үздіксіз жеміріліп, осыдан шамамен 120 млн жыл бұрын қусырылып қазіргі Ақ ергежейліге айналған екен.
Мхм, жауабыңызға рахмет
0 дауыс
Ең жарық жұлдыз деп қай жұлдызды атайды
...