+1 дауыс
72.9k көрілді
Жұлдыздардың атаулары мен шығу тарихы?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Жұлдызды Аспан – аспан күмбезінде түнде көрінетін шырақтардың жиынтығы. Түнде жай көзбен аспан сферасының жартысынан, ауа райы жақсы жағдайда, бір мезгілде 2,5 мыңдай жұлдызды (6-жұлдыздық шамаға дейін) көруге болады. Олардың көбісі Құс жолы жолағының маңына орналасқан (кестені қ.). Бағдарлауға қолайлы болу үшін Жұлдызды аспан, шартты түрде, шоқжұлдыздарға (жалпы саны 88) бөлінген. Жұлдыздарды адамдар ежелден-ақ басты-басты шоқжұлдыздар мен зодиактік жұлдыздарға ажыратқан. Шоқжұлдыздардың атаулары ежелгі гректер мен римдіктердің мифологиясынан алынған (мысалы, Андромеда, Персей, Дельфин, т.б.) немесе егін, мал, аң шаруашылығына (мысалы, Сиыршы, Балықтар, Қоян, т.б.) байланысты қойылған, кейінірек белгіленген шоқжұлдыздардың аттары техниканың дамуына (мыс., Секстант, Микроскоп, т.б.) байланысты қойылды. Шоқжұлдыздардың шекарасы Халықаралық астрономиялық одақтың шешімі бойынша белгіленген (1930). Шоқжұлдыздардағы жарық жұлдыздар грек алфавитінің әріптерімен не цифрлармен, ал кейбір жұлдыздар арнаулы белгілермен белгіленеді. Бірсыпыра жұлдыздың меншікті атауы бар. Көптеген жұлдыздар жұлдыздар каталогындағы атымен аталып, оған каталогтегі жұлдыздың нөмірі қоса тіркеледі (мыс., Лакайль 9352). Жұлдызды аспаннан жұлдыздар шоғырын, жұлдыздар қауымдастығын, галактикалық тұмандықты, галактикаларды, квазарларды, т.б., сондай-ақ планеталарды, кіші планеталарды, құйрықты жұлдыздарды, Жердің жасанды серіктерін, т.б. бақылауға болады. Бұл нысандардың көпшілігі телескоппен бақыланады. Ал Торпақ шоқжұлдызындағы шашыранды жұлдыздар шоғырын (Үркер мен Гиадтарды), Тукан мен Центавр шоқжұлдызындағы шар тәрізді жұлдыздар шоғырын, Орион шоқжұлдызындағы галактикалық тұмандықты, сондай-ақ Шолпан, Юпитер, Марс, Сатурн, Меркурий, Уран сияқты планеталарды, қүйрықты жұлдыздарды, т.б. жай көзбен-ақ көруге болады. Жер атмосферасының жоғарғы қабатында өтетін атом. процестердің әсерінен аспан аз ғана жарқырап, аспан реңі ешуақытта қара болмайды. Жердің айналуынан болатын аспан сферасының көрінерлік тәуліктік айналуы салдарынан Жұлдызды аспан үздіксіз өзгеріп отырады

0 дауыс
Жұлдыз кейде тұрақты жұлдыз (лат. stella немесе лат. astrum; астрономиядағы белгісі: ✱) — салмағы ерекше ауыр, өзегіндегі термоядролық реакция арқылы айналасына тұрақты жарық шығаратын[1], плазмалық газ күйдегі аспан денесі. Жұлдыздарды арнаулы түрде Жұлдыз астрономиясы ғылымы зерттейді. Әдетте қазақ тілінде жұлдыз сөзі кең мағынада қолданылады: барлық аспан денелерін (күн, ай, Марс, Шолпан, құйрықты жұлдыздар т.б.) жай тілмен жұлдыз деп бірдей атай береді. Дегенмен, ғылыми арнаулы мағынада жұлдыз тек Күн секілді, сүмбіле, темірқазық, жетіқарақшы, үркер секілді, қосаржұлдыз, үйіржұлдыз, ғаламатжұлдыз секілді өзінен жарық шығаратын алып аспан денелеріне қаратылады. Астрономдар жұлдыздардың спектрін, жарық шамасын, кеңістіктегі қозғалысын өлшеу арқылы оның салмағын, жасын, құрамындағы металл мөлшерін және басқа да қасиеттерін таниды. Жұлдыздың жалпы сапасы оның өзгерісі мен кейінгі тағдырының маңызды көрсеткіші. Басқа қасиеттері, мысалы диаметрі, өз осьінде айналуы, қозғалысы мен температурасы қатарлылар оның тарихи өзгерісі барысында ұқсамайды. Жұлдыз температурасының жарық шамасына байланысты суреті әдетте "HR диаграммасы" деп аталады. Ол арқылы жұлдыздың жасы мен өзгеріс сатысы айқындалады. Жұлдыз негізгі уақытын өзегіндегі термоядролық реакция арқылы айналасына жарық шашуымен өткізеді. Өзегіндегі термоядролық реакция өзектің шетіне дейін жоғары энергия бөліп шығарады, сосын оны сыртқы әлемге радиация болып шашырайды. Сутегі мен гелийден ауыр элементтер термоядролық реакциядан пайда болады. Жұлдыздар негізінен сутегіні негіз еткен күйде пайда болады және гелий мен аз мөлшерде ауыр элементтердің сығылуынан құралады. Өзегінде жеткілікті тығыздық болса, кейбір сутегі термоядролық реакция барысында тұрақты түрде гелийге айналады[2] (мысалы, Күнде 4 атом сутегі 1 атом гелийге айналудан біз тұтынатын жылу мен жарық қалыптасады). Жұлдыздың ішіндегі артық энергия радиацияланып сыртқа шығып кетеді. Жұлдыз ішкі гравитация әсерінде өз салмағының жеміріп жібермеуіне (өз өзегіне бірақ құйылып, шөгіп кетпеуге де, айналасына шашырап тозып кетпеуге де) қол жеткізеді. Жұлдыздың өзегіндегі сутегі отыны таусылса салмағы күн салмағының 0,5 есесінен кем болмаса, онда ол өсіп Алып қызыл жұлдызға айналады[3] Кейбір жағдайда оның өзегінде тіпті де ауыр атомдар отынға айналып қайта жана бастауы мүмкін. Мұндай жұлдыздар ақыры ықшамдалып, ғарыштағы материялық денеге айналады, басқаларға қосылады, немесе жаңа элементтер пайда болу сатысына өтеді.[4]. Жұлдыздар ғарышқа біркелкі шашылған емес. Олардың көбі тартылыс күш әсерінде ұйысып екіден көп қосаржұлдыздарға біріксе, тіпті неше миллиард жұлдыздар топтасып алып үйіржұлдыздарға айналады. Екі жұлдыздың орбитасы оларды жақындатқанда олардағы өзгеріс тездейді[5]. Мысалы, Ақ ергежейлі жұлдыз өзінің серік жұлдызына жақындағанда оның газдарын өзіне сіміріп, жаңа жұлдыз болып жарқырайды. Жұлдыздар әлемі өте әр алуан. Кейбір жұлдыздар Күннен мың есе үлкен (көлемі бойынша) әрі жарығырақ болып келсе (алып жұлдыздар), ал кейбіреуінің мөлшері мен шығаратын жарығының энергиясы Күннен әлдеқайда аз болып (ергежейлі жұлдыздар) келеді. Жұлдыздардың жарқырауы да түрліше болады. Алтын Балық шоқжұлдызының S жұлдызы Күннен 400 мың есе артық жарқырайды. Күн өзінің барлық белгілері жағынан қатардағы жұлдыз болып саналады. Көптеген жұлдыздарды күн секілді ғаламшарлық жүйеден тұрады деп санауға толық негіз бар. Жұлдыздар өте алыс қашықтықта орналасқандықтан, олардың серіктері ең күшті телескоппен де көрінбейді. Оларды анықтау үшін зерттеудің нәзік әдістер қолданып, бірнеше ондаған жылдар бойы ұқыпты бақылау мен күрделі есептеулер жүргізу қажет. Жұлдыз спектріне талдау жасау арқылы да жұлдыздың ғаламшар серігі бар-жоғы анықталады.
0 дауыс
Жұлдыз атаулары
0 дауыс

Жер,ай шолпан,марс,юпитер,құйрықты жұлдыздар ж/е т.б оларды жәй  жұлдыз деуге болады.

 жұлдыз атаулары:Жетіқарақшы,Сүмбіле,Темірқазық,Үркер.laughblush

...