+2 дауыс
2.2k көрілді
Жұлдыз жорамалды жалпы кім ойлап тапты.Оған кім сенеді.Қазіргі таңда адамдар неге астрономия мен астрологияны шатастырады?Неге оларды адамдармен байланыстырады.???
Олардың адамдармен қандай байланыстары бар.Мысалы көптеген газет-журналдарда,радиоларда,теледидарларда айтып жатады.Мысалы айтып жатады ғой:Бүгін оларда сәтті күн немесе бүгін оның жолы болмайды.Ол бастығынан мақтау алады немесе оның дәрежесі көтеріледі.Жақында бақытты болады деген сияқты.Оларлың адаммен нақты қандай байланысы бар?

4 жауап

0 дауыс
Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:
«Кімде-кім астрологияның бір бөлшегін үйренсе, ол кісі сиқырлықтың бір бөлшегін үйренгені. Астрологияны көбірек үйренген сайын сиқырлықты көбірек үйренген болады».
(Ахмад 1/227, 331, Ибн Әби Шәйба 25646, Әбу Дауд 3905, Ибн Маджаһ 3726, әт-Табарани «әл-Кәбир» 11278, әл-Бәйһақи «Сунан әл-Кубра» 8/138).

Иә, қазіргі кезде біраз адам әр күні таңертең іске кіріспес бұрын, сол күннің жұлдызнамасын бір қарап, не тыңдап алғанды құп көреді. Біреулері кәдімгідей мән беріп, «бастығыңызбен түсініспеушіліктер болуы мүмкін» деген сандырақ жазылса, сол күні өзін бастығынан алысырақ ұстап, «қуанышты хабар күтіңіз» десе, алақанын ысқылап, әбігерге түседі.
Осы орайда айтатын жәйт, астрономия мен астрологияны шатастырып алмаңыздар. Астрономия аспан денелерін, олардың орналасу заңдылықтарын, қозғалысын зерттейтін нақты ғылымдардың бірі ретінде қалыптасты да, ал астрология аспан денелерінің жердегі әлем мен адамдарға: олардың мінезіне, әрекетіне, болашағына әсерін білдіретін болжамдар мен сенімдердің жиынтығы, психологиялық тұрғыдан әлсіз жандарға жұбаныш болатын «әлеуметтік апиынға» айналды.
Бірақ, мұны көп адам шатастырып алды, себебі бір кездері астрологияны толыққанды ғылым санатына жатқызуға тырысқан әрекеттер көп болған. Соның әсерінен бе, мектеп оқушыларының барлығы дерлік, ересектердің көпшілігі астрологияны ғылым ретінде қабылдайды.
Асыл дінімізде сиқырлықпен айналысу — кісіні мәңгі Тозаққа душар ететін аса ауыр ширк күнәсіна жатады. Астрология (жұлдызнама) осы сиқырдың бір бөлшегі болып есептеледі. Қазіргі таңда қазақ қоғамында осы жұлдызнамаға қарап, жоспар жасау кең таралып кеткен жайы бар. Кейбір газет-журнал бір бұрышын арнайы осы жұлдызнамаға арнап қояды. Немесе телеарналар арнайы уақыттарын бөліп, осы зодиак (жұлдыздың белгілі бір тұлғаға әсер етуі) жайында айтып жатады. Интернет беттерінде де осы жаман үрдіс жалғасуда. Тіпті, кейбір адамдар өз жарын табу үшін осы жұлдыз жоралмаға жүгініп жатады.

Сөз соңында айтарымыз жұлдызнама ол сіз бен біз сияқты адамдардың ойлап тапқан сандырағы! Керек десеңіз сізге жазылған нәрсені келесі күні басқа адамға аудара салады! Аспан әлеміндегі жұлдыздар, адам тағдырына еш әсер етпейді! Бұған сену Ислам дініде үлкен күнә! Себебі болашақты Аллаһ ғана біледі! Аллаһқа шынайы түрде иман келтірейік!
0 дауыс
Жұлдызнаманы алғаш бұдан 5000жыл бұрын Оңтүстік Месопатияны мекендеген ежелгі халық-шумерлер ойлап тапқан.Солар аспанды 12 бөлікке бөліп жұлнаманы жасаған екен. Мен өзім сенбеймін сондықтан болар оқымаймын.
–1 дауыс
Гороскоп (грек. horoskopos – уақытты бақылаушы) – астрологияда қолданылатын, планеталар мен жұлдыздардың белгілі бір уақыт сәтінде орналасу кестесі.

Гороскопты жұлдыздардың қозғалуына байланысты гороскопшылар жасайды...

Осыдан 5000 жыл бұрын шумерліктер ойлап тапқан.

Зодиак, зодиактік дөңгелек (грекше zodіakos, zoon – жануар) – Күннің бір жылдық көрінерлік жолының бойында (эклиптика бойымен) орналасқан 12 шоқжұлдыз [Балықтар, Тоқты, Торпақ, Егіздер, Шаян, Арыстан, Бикеш, Мизам (Таразы), Сарышаян, Мерген, Ешкімүйіз, Суқұйғыш]. Күн жүйесіндегі планеталар мен Ай да Зодиак арқылы өтеді. “Зодиак” атауы шоқжұлдыздардың ежелден-ақ жануарлардың атымен аталуынан шыққан. Ежелгі Грекияда Зодиак шоқжұлдыздары таңбамен белгіленген (қара Астрономиялық таңбалар). Күн мен түннің көктемгі (Тоқтыда) және күзгі (Мизамда не Таразыда) теңелу нүктелері мен жазғы (Шаянда) және қысқы (Ешкімүйізде) күн тоқырау нүктелері де Зодиак шоқжұлдыздарына сәйкес келетін таңбалармен белгіленеді. Прецессия салдарынан бұл нүктелер 2 мың жыл ішінде жоғарыда аталған шоқжұлдыздардан ығысып кеткен, бірақ таңбалары сақталған. Зодиак шоқжұлдыздар Қазақстан аумағының барлық жерінен көрінеді.
–3 дауыс
Мен тек миллиардер боласың деп жатса сенемін, былайынша сенбеймін.
миллионер боласың?Қорықпа боласың әлі сен миллионер.)))боласың...(алла қаласа)Бірақ жорамалдар өтірік//
Алла деген сөзді келесіде үлкен әріппен жаз.
...