0 дауыс
3.8k көрілді

10-11 айлық баланың тәбетін қалай ашуға болатындай етіп тамақтандыруға болады?

3 жауап

+1 дауыс
Жалпы, ғаламтордағы аналарға және балалар күтіміне арналған арнайы сайттар мен форумдарды аталған мәселе - баланың өсіп-жетілуіндегі дәл осы кезеңде тәбетінің болмауы және оны тамақтандыру машақаты жиі талқыланады екен. Әгәраки, орыс тіліне жетік болсаңыз, сол ресурстарды бір шолып шығуға кеңес беремін. Өйткені, баланың бұрынғы тамақтану дағдысынан тануының себебі сан алуан болуы мүмкін. Оның дәл осы уақытта тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуындағы алғашқы қадамдардан бастап, нәрестенің әлдебір көзге көрінбейтін, бізге білінбейтін ауру кесірінен тәбетінің болмауы сияқты сан алуан себеп болады екен.

Ал, егер, орыс тілін жетік меңгермеген болсаңыз, көмектесуге әзірміз. Еш қысылмаңыз :)
0 дауыс
Кез келген адамның тәбетін ашу үшін, оған витаминдер беру керек. Мысалы, В1, В6 витаминдері тәбетті жақсы ашады. Жемесе, уколын салу керек 3-4 күн.
0 дауыс
Дүниеге перзент келді.Сізді алғашқы аптадан-ақ нәрестені қалай қоректендіру керек деген мәселе толғандыра бастайды. Өйткені кей аналар нәрестеге дәкеге орап печенье,құйрық салады немесе дүкеннен қолына түскен қоспа алып береді. Бұдан нәрестенің іші өтеді. Экссудативтік диатез деген немесе басқа қауіпті ауруға шалдығады. Нәрестеге көрінген нәрсені бергенше, алдымен балалар дәрігеріне жолығып, оған қандай тамақ беруге болатындығын біліпалыңыз. Қосымша тамақ беру қажет болса, сәбилерге арналған арнайы қоспаларды алыңыз.Біздің өнеркәсібіміз мұндай тамақтардың алуан түрін шығарады.Олардың ішінде құрғақ та, сұйық та сүт қоспалары бар. Бұл ет қоспалары құрамдары жағынан жақын және емшектегі балаларға арналған. Емшек сүтінде нәрестенің дұрыс өсіп жетілуіне қажеттік қоректік және биологиялық белсенді заттар бар, олар өсіп келе жатқан сәби организмінің талап-тілектерін қанағаттандыра алады. Сиыр сүтін ана сүтіне жақындату үшін оған өнеркәсіпте қоспа әзірлеген кезде кілегей,өсімдік майын,қант, қарақұмық ұнын, күріш пен сұлы ұнын, А.С,Д,В,Е,РР витаминдерін темір препараттарын қосады.Нәрестенің асқазанына барған бұл қоспа іріген кездеана сүтінің белогы ұйыған кездегідей өте майда әрі жұмсақ іріктер пайда болады. Нәрестеге беруге арналған мұндай қоспаларға «Малютка», «Малыш», «Нан», «Нестле», «Нестожен», «Нутрилон», «Хумана» қоспалары және т.б. жатады. Нәрестелер үшін ана сүті таптырмайтын қоректік зат болғанымен тез өсіп келе жатқан балаға қосымша витаминдер, микроэлементтер, кейде тіпті белоктар да қажет. Витаминдер мен микроэлементтер бала организміне жеміс, көкөніс шырындарымен, пюрелермен бірге енеді. Балаға беретін шырынды ішкізер алдында ғана әзірлейді. Жас көкөніс пен жаңа піскен жемістер жоқ болған жағдайда 1-2 айлық нәрестеге тазартылып қалбырланған шырындарды, ал 3 айлығынан бастап жемістердің еті араласқан шырындарын беруге болады. Баланың ішін өткізіп алмас үшін шырындарды нәрестеге алғаш аз-аздан ішкізіп үйрету керек, әдетте бірінші күні балаға 2-3 тамшы шырын, екінші күні 5-6 тамшы шырын береді, сөйтіп оның мөлшерін ептеп бірте-бірте көбейте бреді. Баланың витаминдерге деген қажетін өтеу үшін 2-3 айлық нәрестеге күніне 30-50 мл шырын, ал 7-12 айлық сәбиге 60-80 мл шырын берген жөн.
...