+1 дауыс
1.7k көрілді
Бұл сұракты қоюдағы басты себебім Қазақстанның өзге елдерден артықшылықтарын толығырақ біліп өз еліме деген өз сенімімді арттырғым келеді.Сондайак бұл сұраққа жауаптарды қаншама жастарымыз оқып ееее біздің еліміздің мынандай артыкшылыны бар екенгой деп өз еліне деген сенімі мен құрметі артарына сенемін.Сондыктан құрметті бауырлар,достар өз елімізді өзіміз сыйламасак өзіміз көтеріп мактамасак өзбек не орыс кеп бізді көтермесі кәмілгой сол үшін сұраққа патриот ретінде жауап жазуларыңызды сұраймын.

7 жауап

+1 дауыс
Қазақстанның жерлері бай қазақстан мұнай бар
Мұнайы бар әрине.Ал ол мұнайды кім пайдаланып жатыр?
Байлығымыздың өзімізге тиіп жатқан пайдасы шамалы. Қызығын біреу көреді.
Ия,өңдей алмағасын басқа жерге сатып,үстінен ақыры өз мұнайымызды өзіміз сатып алып отырмыз.Бар жерді игере алмай жатырмыз ғой.Күйіндіреді!
+2 дауыс
Қазіргі Қазақстанды мақтай алмаймын, бірақ қазақ халқын мақтай алам
+1 Қосыламын.
0 дауыс
Қазақстанның емес қазақтың артықшылығы - қонақжай, бауырмал!
0 дауыс
Ерекшеліктері:Қазақстан Жері Еуропаға да Азияға да жатады !!!  Қанша Жол түзесе де салса да Жол тақыр болып шықпайды!!!   Мұнай бар барлық жерде Тек Атырау мен Маңғыстау жерін көп пайдаланатынын білмедім!!!

Еліміздегі сол akjol_96-ның айтқанындай Қазақтар - қонақжай, бауырмал!
0 дауыс
Жері кең. Әлем бойынша 9-орында. Ең жас Астанасы бар.
0 дауыс
Жаратылыстың бәрін Алла тағала жаратқанын білсеңіз,Ешкім де,еш нәрсе де бір-бірінен артық емес,бәрі де Алла тағаланың алдында Бірдей!!! Мына жеріміз артық , не кем еді дегеннен ешкім ешнәрсесін суырып бермейді. "Бетегеден биік,жусаннан аласа "болайық !
0 дауыс
*Қазақстанда басқа елде жоқ қымыз,шұбат,айран бар.

* Қазақстан әлемде шаршы километр жердің адам басына шаққандағы мөлшері өті жоғары болатын жалғыз мемлекет.

* Қазақстан - жүз жыл ішінде астанасын 4 рет ауыстырған әлемдегі жалғыз мемлекет.

* Қазақстан территориясы жағынан әлемде алғашқы ондыққа кірсе де, теңізге шығу жолдары жоқ.

* Қазақстан өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан әлемдегі жалғыз мемлекет.

* Қазақстан - әлемде тұңғыш болып ядролық полигон жұмысын тоқтатқан жалғыз мемлекет.

* Қазақстан - әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін ұйымдастырған әлемдегі жалғыз мемлекет.

* Әлемде қызыл қайың өсетін жалғыз мемлекет - Қазақстан.

* Араққа қарағанда, сыра салығы жоғары болып есептелетін әлемдегі жалғыз мемлекет - Қазақстан.
...