0 дауыс
946 көрілді
Апай сұрап жатыр жаратылыстану сабағынан керек

1 жауап

0 дауыс
Әртүрлі материалдың өзіне тән түрлі ерекшелігі болады. Мысалы, ағаш әртүрлі жиһаз жасауға қолайлы болғанымен, одан автомобиль жасай алмаймыз.
Барлық табиғи материалдар күнделікті өмірде өте қажет. Сонымен бірге ғалымдардың ойлап шығарған жасанды материалдары да біздің қажеттерімізді өтейді. Жасанды заттарды жетілдіру арқылы біз оның пайдалану өрісін кеңейтеміз.
Табиғи және жасанды материалдардың артықшылықтары мен кемшіліктері:
• Артықшылықтары
Металдар – иілгіш, мықты.
Ағаш – экологиялық жағынан таза материал. Өңдеуге ыңғайлы.
Керамика, шыны – ыстыққа шыдамды, салмағы жеңіл.
Пластмасса – салмағы жеңіл, төзімді технологиялық өнім.
• Кемшіліктері
Металдар – салмағы ауыр, қақтанады, энергияны көп қажет етеді.
Ағаш – салыстырмалы түрде ұзаққа шыдамайды, үнемі күтімді қажет етеді.
Керамика, шыны – тез сынады, шыдамдылығы төмен.
Пластмасса – тез жанғыш, табиғи ортада ыдырамайды.
...