0 дауыс
6.2k көрілді
Қазақстанның өзге қалаларына барсаңыз,қандай *диалект* сөздердерді естідіңіз?  Ол қандай мағына береді? Таң қалдыңыз ба?


Қай жақтан екеніңізді және  қай жаққа барғаныңызды айта кетсеңіз,түсінікті болу үшін!

9 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Мен өзім Шымкенттікімін. Бұл жерде мынандай сөздер бар. Айта кетсем: әпке деген сөзді әпше , әке деген сөзді көке, аға деген сөзді тәте, шара ж.т.б.
Мен Қазақстанның  басқа қалаларына барғанда қатты таңғалам. Өйткені мен Қазақстанда емес басқа елде жүргендей болам. Негізінен біз тілдерді қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, француз тілі, неміс тілі ж.т.б деп бөлеміз. Сол секілді Қазақстанның әр аймақтарында тұратын халықтар қазақша сөйлегенімен сөйлеу мәнері әр түрлі. Мысалы мен Атырауға барып көргенмін. Ол жердің, жергілікті тұрғындары кішкентай деген сөзді құтақандай, дейді екен. Жәнеде әпке дегенді апа, телефонмен біреуге звандашы(қоңырау шалшы) дегенді телефонмен соқшы, 2 жарым теңге дегенді 2 мың жарым теңге, 100 дегенді дүз деп атайды екен. Бұл сөздерді мен Атырауда өз құлағыммен естігеммін. Әрине бұлардың бәрі диалект сөздері емес пе?
Ия,әрине ,диалект!
"Ол жердің, жергілікті тұрғындары кішкентай деген сөзді құтақандай, дейді екен. Жәнеде әпке дегенді апа, телефонмен біреуге звандашы(қоңырау шалшы) дегенді телефонмен соқшы, 2 жарым теңге дегенді 2 мың жарым теңге" дәл осы сөздерді Ақтөбеліктерде айтады)
Және 100 дегенді "дүз" деп  айтпаймыз,"не зат " Ақтөбеліктер демейді
Мен де Шымда болдым,сіздердің "әпше" дегеннің алғашқыда тіпті,"общий" деп ойлағаным бар))
танертеңді "азан" дейсіңдер,ия төмендегі қолданушымыз айтып кеткендей "бақырашты" ожау ,қайғыру дегенді "қапа болу" дейді екенсіңдер, қызық))
тағы..
есіме түспей тұрғаны,
рахмет,шыныменде Жақсы жауап)
Ия айтқандарың дұрыс. Шымкентте тағы, қияр дегенді бәдірен дейді. Және де мынандай сөз бар "өлә". Бұл сөзді қатты таңғалғанда қолданамыз.
иии зат деп кеттиндер))))))))
+1 дауыс
Ағила, шынымды айтсам, маған ешқандай диалектілер кедергі келтіре алмайды, мен мұныммен мақтанғым кеп отқан жоқ әрине, Алланың берген қызыл тілім болғансоң, кез келген ортаның атмосферасына көндігіп кетем. Және 1-2 күннің ішінде сол жердің таза диалектісін сөйлеп кетем, жергілікті адамдар өзіміздікі деп ойлап қалады)))) :-)
мммм Жақсы екен.....Тек маңа бір Атыраулық қолданушымен сөйлескенде неше түрлі диалект естіп,таң қалғаным бар!)
Ахахахах)мені айтасың ба?!))
Туф,Наргиз қайдан ғана шыға келдін))))))
Сенің атынды айтпағаным дұрыс болар деп ойладым,хехе))
Сезіп жүремғо)):D
Сіз қолданып отырған МАҢА сөзі де диалект сөз болса керек бұрын соңды естімеппін)))ал өзіме келер болсам бізде орталықта мысалы Түк немесе ештеңе деген сөздің орнына тық дегенді қолданады))көбіне басқа өңірден келгендер соған таң қалады)))
ия мен тық дегенді ,"тық-тық "етті  дегенмен шатастырар едім))
Aғила қай сөзімді айтасың? Мен оны махаббатқа мас боп отырып жаздым...
+1 дауыс
мысалы біздің ақтауда туған шешелерін апа дейді. шымкентте сестрларын әпше, семейде апайым. Кейде тіпті таң сөзін чимкетте азан деп атайды
Ия дұрыс айтасыз,ал Ақтөбеліктер ,несің жасырайын, аналарымызды мама дейміз)
Апа деп апаларымызды айтамыз)
Яғни,сестра.Ал сізде мүлдем  басқа екен.Сонда мысалы,өзінен үлкен әйел адамды қалай атайсыз,егер анаңызды апа десеңіз?
Жаңаөзенде мамаларын жеже деп атайды ))))))))))))))))))
жылдам айтқанда іжже  )))))))))))))))))))) қызық дә
Ыыы өте қызық))
+1 дауыс
Мысалы қиярды оңтүстікте  бадыран, бәдірен десе, Шығыста әгүршік дейді, тақтайды (ағашты) қарағай деп жалпылама атай салады
Ақпарат көзіне рахмет,бір күліп алдым))))
+1 дауыс
Мысалы, бізде Аралда ,яғни, Сексеуілде "бақырашты", Тараздан келген бала "ожау" дейді және тамақ салатын "табақты"  соны "лейген" дейді.
+1 дауыс
Өзеннен Шымкентке барғанымда Шымкенттік бір жігіттің мәшінінің аяғы жарылып қалыпты.Шопырына соны айтсам түсінбейді.Өзі түсіп көрген соң өөө, балоннан жел шыгыпты дей ма бірдене дейт.)))Диалект....
"балоннан жел шықты " дегенді де біз айтамыз))
мәшінінің аяғына суық тигенғо, нәски кимегенғо
0 дауыс

Бұнда маған тәш!, ығышиш ,(ақшаны) уақтайсың ба? деген сөздер таныс емес...)

0 дауыс
Мен негізі Қазақстанның басқа қалаларына барып көргем жоқ. Бірақ барсам да ондай сөздерді естісем таң қалмас едім.
0 дауыс
Сәлем! Маған қатты қызық болғаны кей Шымкенттіктер нағашыны таға деп атайтындықтары
Және Петропавлдық бір қыздың мектепте сабақ беретін ұстазына тәте деп айтатыны ( сабақ үстінде де тәте дейді екен)  ол ол ма? Үйіндегі атасына да тәте деді екен!
Соңында айтарым, қазақтың тілі бай, шұрайлы тіл. Иә, диалектілеріміз де жетерлік! Бірақ әр сөзді таңдап, талғап пайдалансақ екен!

Ал жоғарыда айтылған сөздердің қолданылуы жеке басым қате жеп есептеймін.
...