+1 дауыс
3.7k көрілді
Ажем жаздын, кайнап турган кундерi аягын кумга салып отырып алатын адетi бар. Оте пайдалы бул дейдi, бiрак накты кандай пайдалы жактары барын озi де бiлмейдi. Тек ажем гана емес, коптеген егде жастагы адамдар да сол кумтобеге аягын салып отырады. Куммен кыздырынудын, кандай пайдасы бар?

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Құм демекші, бұл құмның өзіндік қасиеті де жоқ емес. Ауыл тұрғындары құмға «шомылып», емдік шаралар жасайды. Ғылым тілімен айтқанда, бұл — «псаммотерапия» — (латыншадан аударғанда «psammos» — құм, therapia — емделу) құммен емделу. Ыстық құм көптеген ауруларға шипа. Ең алғаш құммен емделуді вавилондықтар бастаған деседі. Кезінде бұл емнің қасиеті жайында Геродот, Гален, Авиценна секілді ғалымдар жазған. Ыстық құм тірек-қимыл ауруларына, буын, омыртқа, бұлшық ет, бүйрек, жүйке аурулары, әйелдердің жыныс мүшелері ауруларына ем. Ем қабылдау кезінде 45-55 градусқа дейін қызған құмға денені көміп, тек бас пен жүректің тұсын ашық қалдырады. Осылай ыстық құмның астында ересектер 25-30 минут, балалар 10-15 минут жатуы керек. Кейін жарты сағат көлеңке жерде демалады. Аурудан айығу үшін бұл емді 10-12 күн қайталау қажет.
+1 дауыс
аяқтағы суықты алады буын аяқ сырқырамайды
+1 дауыс
Егер сіздің аяғыңыз сырқырап қақсай беретін болса одан емделудің бірден бір жолы құмға қыздырыну. Құмға қыздырынудың көп пайдасы бар, денедегі суықты шығарады. Менің анамның аяғы қақсай беретін, анам солай емделетін.
+2 дауыс
*Д*   дәрумені бойға жиналады, оны пайдасы көөөөп!)))))))

 

осы жерден қараңыз:

http://hghltd.yandex.net/yandbtm?fmode=inject&url=http%3A%2F%2Fwww.mycharm.ru%2Farticles%2Ftext%2F%3Fid%3D3731&tld=kz&text=солнечные%20витамины&l1
Барлык жауаптар ушiн коп рахмет.

Ұқсас сұрақтар

...