0 дауыс
5.0k көрілді
Арыстанның пайдасы бар ма? Терісі ма, еті ме, әлде жан-жануарларды өлтіргенінен болсын,  пайдасын жазсаңыздар.

3 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Қандай болсын, мейлі ол аң немесе жәндік болсын Алла тағалам барлығын табиғат тепе-теңдігін сақтау үшін пайдалы етіп жаратқан. Мысалы өзіңіз сұрағыңызда жазған аңдар мен жануарлары өлтіруінің өзінде табиғатқа санитарлық пайдасы тиіп жатқанына ешкім дау айта қоймас.  Егер арыстандар болмаса қорқау қасқыр (шакал)  сияқты сүйкімсіз аңдар белең алып қоян, суыр т.с.с. сияқты өзінен әлсіздерді қырып-жойып жіберер ма еді кім білсін. Ал енді етін білмедім, терісі деген аяғыңның астында жатса да әркімнің қолы жете бермейтін байлық қой, оған қайда.
–2 дауыс
Арыстан (лат. Panthera leo) — мысық тұқымдасына жататын ең ірі жартқыш жануар. Орталық Африка мен оңтүстік-батысАзияның саванна, шөлейт аймақтарында, шөлді жерлерінде де кездеседі. Арыстанның дене тұрқы 2 м-дей, салмағы 250 кг-ға жетеді. Құйрығының ұзындығы 1 м, оның ұшы қара түсті болады. Арланының мойны мен кеуде жағында қара қоңыр, кейде ұзын қара жалы болады.Ұрғашы мен жас арыстанның жалы болмайды. Арыстан жеке-жеке де, 5 – 10-нан топтанып та жүреді. Олар 3 жасында жыныстық жағынан жетіліп, 2 жылда бір, 1 – 6 күшік табады. 30 – 35 жыл өмір сүреді. Арыстандар ірі сүтқоректілерді – бөкен, зебр, мүйізтұмсық, т.б. аулап, солардың етімен қоректенеді, кейде жануарлардың өлімтігін,тышқандарды да жейді. Негізінен қорегін аулауға түнде шығады. Арыстанның саны өте азайып кеткендіктен, оны аулауға тиым салынған. Үндістанда кездесетін түрі – Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген. Арыстандар негізінен көптеген хайуанаттар паркінде ұсталады.
Бұндай жауаптарды жазғанда сілтемесі қойылмаса ұрлық болып саналады, әрі бұл жауаптың бұл жерде не қатысы бар, сұраққа жауап беріп тұрған жоқ қой. Бостан бос былықтыра бергеннен не шығады?
мен урлаган жокпын..жай гана коширип алып турмын!
Нұрхан, сол көшірген жеріңнің сілтемесін қойғаның дұрыс болады, бұл интернеттегі бұлжымас этикалардың бірі. Тағы бір айтарым спам қоя беруге үйір бола бермеп, мен сені мүлдем жауып тастауға мүмкіндігім бар, бірақ олай істеп жатқан жоқпын ғой.
0 дауыс
Арыстанның пайдас болады.Кез келген нәрсенің пайдасымен зияны болады

Ұқсас сұрақтар

...