0 дауыс
13.1k көрілді

Жүзімнің қандай пайдасы бар?

5 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Жүзім құрамындағы дәрумендер миға өте пайдалы. Түстен кейін қос уыс жүзім немесе жүзімнің бір кесе таза сығынды шырынын ішу денеге де, ми жасушаларына да өте пайдалы. Калория тұрғысынан 1 келі жүзім, 1,150 грамм сүт, 390 грамм ет, 300 грамм нан және 1,200 грамм картопқа тең деп саналады. Бұған қоса, емдік қасиеті бар амин қышқылы, А және В дәрумені (В1, В2), калий, магний, кальций, силиций, йод, цинк, күкірт және маргенец секілді микро элементтері де жүзімнің құрамында кездеседі. Жүзім адамның иммунитетін күшейтеді, жүйкені тыныштандырып, терінің түлеуін арттыра түседі. Толығырақ http://www.info-tses.kz/red/article.php?article=64230 осы сілтемеде.
0 дауыс
Жалпы жүзім туралы мына сайттарда жазылған:

http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D2%AF%D0%B7%D1%96%D0%BC

http://massaget.kz/bastangy/kulinariya/4214

 

Сұрақты бас әріппен жазамыз.
0 дауыс
Жүзім адам ағасында тез қорытылатын, дәрумендер мен глюкоза, фруктоза сияқты қанттарға бай жеміс. Одан басқа, жүзімнен әртүрлі тәттілер мен сапалы шараптар жасайды.
маган сокыршекке ен алгаш операция жасауды ойлап тапкан галымды тауып берниздерши.те арада керек болып тур
http://ru.wikipedia.org/wiki/%C0%EF%EF%E5%ED%E4%E8%F6%E8%F2
Мен бас әріппен жаздым ғой
Рахмет көп нәрсе білдім
0 дауыс

Жүзім ағзаны токсиндрден тазартады және жасартады. Жүзім - тек дәмді ғана емес, сонымен қатар пайдалы өнім. Адамзат жүзімнің емдік қасиетін көп жылдар бұрын пайдалана бастаған.

Бүгінгі күні заманауи зерттеулер «ампелотерапия», яғни, жүзіммен емдеу ұғымының пайда болуына алып келді. Қызыл жүзімнің сүйектері полифенол және биофлавоноидтерге бай және жүрек қан тамыр жүйесінің жұмысын жақсартатын және тұтас ағзаны жасартатын күшті антиоксидант болып табылады.

Жүзіммен емдеудің өзі зат алмасу, бірінші кезекте, су-тұз алмасу үрдісінің белсенділігін арттыруға бағытталған. Жүзімнің құрамында зәр айдайтын және ісікке қарсы зат ретінде әсер ететін, жүректің қызметін қалыпқа келтіретін калий тұздары бар. Мұнан басқа жүзіммен емдеу зат алмасудың уытты заттарын тез шығарумен айналысады.

Бірақ, жүзімнің құрамында көп мөлшерде қант бар, сол себепті сусамыр ауруымен ауыратындарға оны көп мөлшерде жеуге болмайды.

Бүгінгі күні бәрінен бұрын жүзімнің пайдасы туралы косметологтар біледі. Осы жемістің қолданылуымен көптеген маскалардың рецепттері белгілі. Ал жүзім сүйектерінен алынған май арнайы дайындау әдісінің арқасында барлық белсенді заттарды сақтайды. Және ол дәрумендерге, минералдарға және майлы емес қышқылдарға бай.

Сілтемесін қойған дұрыс болады, мысалы былай: http://jakup.ucoz.ru/news/zh_zimni_andaj_pajdasy_bar/2013-11-15-156
0 дауыс
Негізі жүзімнің құрамында барлық дәрумендер бар. Жүзім мидың да тынығуына да ерекше әсер етеді. Ол сондай-ақ аллергия мен буындарда тұз жиналуының алдын алуда таптырмайтын жеміс.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
Белгісіз 2.06.2015 Жалпы сұрақ сұрақ қойды
...