+4 дауыс
15.7k көрілді

Бананның қабығына онша мән бермейіз  бірақ бананның қабығының пайдасы бар шығар?

11 жауап

+7 дауыс
 
Жақсы жауап
Банан қабығының 5 пайдасы 1) Банан қабығының ішкі жағын денеңіздің маса шаққан бөлігіне жақсаңыз қышуын және ісінуін кетіреді. 2) Аяқтағы күстерді жұмсарту үшін банан қабығының ішкі жағынан бір қасық мөлшерде қырып алып, күстелген бөліктерге жағып байлап қойыңыз. Бірнеше сағаттан кейін ашып, таза сумен шайып тастаңыз. Немесе тікелей бананның қабығымен байлап қоюға да болады. 3) Бананның қабығын безеулерді кетіру үшін де жағуға болады. 4) Тізе буындары ауруының кетуіне көмекші болу үшін бананның қабықтарымен тізелерді уқалау керек. 5) Құрамындағы калий және май аяқ киімді жақсы жылтыратады. Банан қабығының ішкі жағымен аяқ киіміңізді ысқылап, бір матамен тазалап жіберіңіз. Балмұздақты да бананнан жасауға болады. Бірнеше бананды қабығын ашып, бөліктерге бөліп, 30 минут мұздатқышқа салып қойыңыз. Оны мұздатқыштан қатты тоңдырмай алып, блендермен араластырыңыз. Қалауыңыз бойынша сүт те қосуға болады. Содан соң өзіңіз ұнататын дәм беруге де болады, иіс шығаратын какао, ваниль, таңқурай (малина) сияқты қоспаларды да қосуға болады.
керемет!!!! Мен бұларды білмептім
Тағы бір сұрақ: Осыларды істеген кезде қандай әсер болады??? Соны білу керек еді
+5 дауыс

Пайдалы,керек нәрсеге жаратуға болады. Мәселен, әжеміз суға қайнатып, ерітіп,анық есімде жоқ...осы банан,қауын,апельсин қабықтарынан бізге қолдан чупа-чупсты сіріңке ағашына жағып,кептіріп жасап беруші еді.Өте дәмді...Бәрінің түстері бірдей-қоңырқай,күйдіріліп пісірілген))),есесіне таршылық заманда керек емес деп тапқан нәрседен,пайдалы көп дүниені жасап,дайындап үйреніп алуға болатынына көзім жетті.

Дұрыс түсінбедім толығырақ жазшы. Қызықты екен.
+4 дауыс

Кез келген жеміс қабығында витаминдердің мол қоры болады. Бананды білмедім, апельсиннің қабығын кептіріп, ұнтап, ароматизатор ретінде қолданады.

–1 дауыс
Қазіргі кезде бананнан эбола ауруы  жұғып жатыр.Жемегендеріңіз дұрыс болар
Жоқ вирус ауаға ұзақ өмір сүре алмайды?
ЭБОЛА жеміс-көкөністерден жұқпайды деп жатыр .Бірақ сонда да оқып кетіңіз
1)  http://rus.tvnet.lv/novosti/obschjestvo/273360-frukti_iz_afriki_mozhno_li_zarazitsja_virusom_ebola_v_latvii
2) http://www.kazpravda.kz/news/view/28559
0 дауыс
Біреуге өшіксең, жүретін жолына қоюға болады дейді ғо.
0 дауыс
Адамның аяғының сырқырағнын басады
0 дауыс
Қарсыласыңды тайып құлатуға жақсы)
0 дауыс
еденге койсан басып биреу кулайды сосын олип талип кулаймыз
0 дауыс
Мынадай пайдасы бар: Полға қойып кетсең, біреу ауып түседі!!!
0 дауыс

Ағзаға пайдалы астың бәрі дәмді бола бермейді. Бірақ, мұның бананға еш қатысы жоқ. Жемістің бұл түрін сүйіп жейтіндер көп әрі ол организмге де пайдалы. Күніне 2 банан жесеңіз, денсаулығыңыз айтарлықтай жақсарады.

1. Артериялық қысым деңгейі қалпына келеді

Бананның құрамында 420 мг-ға жуық калий бар. Сондықтан ол жоғары қан қысымын төмендетуге сеп болады.

2. Артық салмақтан арыласыз

Банан жасұныққа бай – соның арқасында адамның қарны аша бермейді.

3. Анемия қаупі төмендейді

Анемиядан адамның жүзі солғын тартып, үнемі шаршап жүреді, ентігіп қалады. Мұның бәрі эритроциттердің азаюы мен қандағы гемоглобин деңгейінің төмендігінен.

Бананның құрамында эритроциттердің көбеюіне көмектесетін темір өте көп. Сондай-ақ, қандағы глюкоза деңгейін реттейтін В6 дәрумені де бар.

4. Ас қорыту жақсарады

Банан тез қорытылатындықтан, асқазанға кері әсері жоқ. Жемістің бұл түрін гастрит, қыжыл кезінде, сонымен қатар, диареядан кейін алғашқы ас ретінде жеуге болады. Себебі олар ағзадағы жоғалған минералдарды түзеді.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
Алибаева Куаныш 17.10.2016 Қазақ тілі сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
...