+1 дауыс
1.8k көрілді
Мен өте тұйық  адаммын, бирақ ашуым қатты, ренжісем тез қайтуым қиын. Тұрмысқа шыққаныма шілдеде 1 жыл болады. Жолдасым үйдің үлкені, әрі жалғыз бала, өзінен кейін 4 қарындасы бар. Екеуі тұрмыста. Ата енеммен бірге тұрамыз. Олар қалаға келгендеріне он жылдан астам уақыт өтсе де әлі пәтер жалдап тұрады. Енем намаз оқиды, бірақ өте сабырсыз адам. Ол өзінің тұрмыстағы қыздарының өмірлеріне араласып жүреді, бірақ менің өз үйіме барып, өз туғандарыммен араласқанымды қаламайды. Барлық кірістегі ақшаны атамның жалақысын, жолдасымның жалақысын, қыздардың стипендиясын алып отырады. Бастарында кредиттен  көп нәрсе жоқ, одан ауысқан ақшаға өзіне қымбат киімдер сатып ала береді. Жолдасыма киімді мен алып беремін...

Тұрмысқа шыққаннан 2айдан кейін аяғым ауырлап, 4 мамырда 37 апталығында ұл босандым. Мен бұлар қуанып асты үстімізге түсіп көмектесетін шығар деп ойлап едім. Қателесіппін. Үйдегі екі студент қайынсіңлілерім не үйдің шаруасына, не баланы бағуға көмектері жоқ , өздерімен өздері жүреді де қояды. Басқа қалаға тұрмысқа шыққан қайынсіңлім баласымен келген төркіндеп. Ол бәрін маған қарсы қойып ештеме істемеңдер деп қыздарды қасына жинап алып отыр. Енем де соның сөзін сөйлейтін болған. Мен жүрмін енді не шаруам бітпейді, не ұйқым қанбайды, не менің ісімді ешкім елемейді. Сыр ашып айтатын құрбым да жоқ, сіздерден кеңес сұраймын. Ауылға кеткім келеді баламды алып, тек жолдасымның еш кінәсі жоқ қой. Соны ойлаймын. Қатты қиналып жүрмін. Кіммен ақылдасарымды да бімеймін, Далада қалып қойғандаймын, ешкімім жоқ екен менің, құрбыларым да маған хабарласуларын қойды.

Өмірден түңіліп бара жатқандаймын. Менің өз өмірім, өз ойып, өз қажеттілігім жоқ адамдаймын, барін мен үшін шешеді де қояды мыналар. Барінің көңілін табам деп шаршадым. Өз дегеніммен қалай жүруіме болады?

Маған тезірек жауап беріп, көмектесіңіздерші, өтінем...

7 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап

Сәлем бердік! Сізге ақыл айтудан аулақпын. "Біреуге ақыл айту - оңай, өзіңді өзің тану - қиын" дейді, сізді сабырға шақырар едім. Өз басыма түспеген соң, бәлкім жаныңызды түсінбейтін де болармын, дегенімен сабырлылықтың түбі жеңетіні ләзім.

Енеңіз намыз оқиды, әрі сабырсыз... болып тұрады. Бәлкім кінәні өзіңізден іздеп көрерсіз? Мүмкін, ісіңіз олақтау, яки олардың заңына кереғар шығар, не де болса енеңізбен ашық сөйлесіп көріңіз. "Жылы-жылы сөйлесең жылан да інінен шығады" дейді, бәлкім ол жалғыз ұлын сізден қызғанатын болар. Қанша айтқанымен ол кісі сіздің күйеуіңіздің анасы емес пе, сізді жақтырмай отырса да анаңыздай сыйлаңыз. Әрдайым күліп жүріңіз, өз-өзіңізге қарап, таза жүріңіз, көңілдірек болыңыз, қабағыңыз шытылмасын. 

Тірліктен шаршау заңды да шығар, бірақ бәрібір бітпейтін жұмыс емес пе, бөлек тұрасыңыз да сол тірліктен қаша алмайсыз. 

Ажырасу жақсы емес, оны ойға алудың өзі күнә. Адамның ойы орындалатын қасиет. Қайынсіңліңізді ұнатпасаңыз да шыдаңыз, ертең кететін, ол да бір үйдің түтінін түтетіп отыратын жан. Қазір түсінбесе, ертең түсінеді. Шыдаңыз, бәрінен де шаңырағыңыздың шайқалуына жол бермеңіз.

Расында да ойлап қараңыз, сіз жаман дегеніңізбен сізге ешкім де жақсы енесін әкеліп бермесі анық. Ауылға кете қалған күнде де "қайтып келген қыз жаман" деген сөзге жамалар едіңіз. Кетсеңіз де, кетпесеңіз де көретініңіз осы, яғни, Алланың сынауы бұл.

Құрбыларыңыздың болуы міндетті емес, сіз онсызда жеңіске жетесіз! Себебі, сіз -әйелсіз, АНА бақытына ие әйелсіз! Ғажап емес пе , иә? Бұл бақытқа жете алмай жүрген қаншама жан бар десеңізші...

Сізге сабырлылық тілеймін!

+1 дауыс
Сізге еш көмек көрсете алмайды екенмін, бұны жазып сіз де бір жеңілдеп қалған боларсыз. Өмірде түлі жағдай болаы береді екен-ау... Сөзіңізге қарағнда күйеіңіз жаман емес сияқты, үйдің үлкені болған сон қарындастарын өз орындарына қоймайды ма екен... Медальдің екі беті болатын сияқты бұл тек... Сізге ең дұрысы күйеуіңізбен дұрыстап ашық сөйлесіңіз, күйеуіңіз түсінсе барлығын өз орындарына қояды, не дегенімен еркектің аты еркек, ал әйелдер вечно не доволен. Оның үстіне сіз күйеуіңізге ұл туып берсеңіз.. Тығырықтан шығыр жолды тек күйеуіңізден таба аларсыз деп ойлаймын
жолдасым бәрінен хабардар, бірақ сәл шыдашы, бәрі жақсы болады дегеннен басқа айтары жоқ
+1 дауыс
Артық айтсам кешіріңіз Разита!Меніңше сіз жәй ғана ерігіп,іші пысып,бізді ақымақ қылып жүрген біреусің ба деп отырмын!Себебі:

1)Сайтқа бар болғаны 2 күн болыпты тіркелгеніңе

2)НЕ шаруам бітпейді,не ұйқым қанбайды депсіз,сонда сайтқа бос уақытты қайдан табасыз?

3)Жағдайы қиын адамға ұқсамайсыз
Мүмкін оған осы сайттан жауап аласың міндетті түрде деп айтқан шығар!!Тіркеле салып өзінің шаруасын айтып отыр!Бүкіл Сұрақ Жауап сайтының қолдануышыларынан көмек сұрап отыр!Сіздің мынауыңыз дөрекілік МФ !!!
Белгісіз
Братишка,саған не жоқ?
Данко інішек МФ сөзіңнің мағынасын жазып жіберші, әйтпесе МФ-ны мен бір жаман боқауыз сөзба деп отырмын.
МФ-сы сол менғо Мадридтің фанаты
Біздің жақта МФ мазафа деген ағылшынша жаман сөз барғой сондай мағынада айтылады.
МаДрИдТіҢ фАнАтЫ сенин жазгандарынга -1 берипти мен +1 бердим раханды (рахмет) айтарсын братишка
Дәу жігіт бол )))
+2 дауыс
балаңызды ойлаңыз, шыдаңыз!!! ұлыңыз ер жетіп асқар таудай азамат болсын, сізді төбесіне көтерсін анашым деп!!!  әзірше шыдаңыз!!!!!!!!
+2 дауыс

"Ислам және  Өнеге" авторы Қ.Бағашар

осы кітапты оқуға кеңес берер едім. Сұрағыңызға жауап тауып, сергіп қаларыңызға сенімдімін.

0 дауыс
Сенің жағдайың мәз емес сияқты дегенмен соңында сен жеңесін. Күрес өмірдің өзі күрес емеспе күрестен шаршама әліақ алдыңнан жарқырап күн шығады соған сен. Сенің жағдайың келін атанған көп  қыздардың басынан өтетін жағдай сабыр сақта,бірақ жеңілме жолдасыңды тастама неде болса шыда. Қаты шаршап жүйкеңді тоздырта берсе балаңнан нәр ал. Балаң сенің басты байлығың оны әкесіз қалдырма.
0 дауыс
"сабыр түбі сары алтын" демекші шыдам керек сен әлі жассын өмірің алда азғана қиындыққа шыдай алмасан алдағы өмірді қалай сүресің өмір сонысымен қызық сондықтан да ата- енеңнің алдында ешқашан көңіліңді түсірме олардың көңілін табуға тырыс сенің өз бақытың балаң мен жолдасың бар соларды ойла, күт Қазіргі кезде біз позитив болуымыз керек сондықтан да ешқашан ешкіммен ренжіспеуге тырыс. Балаңның өмірі алда оның болашағын ойла. Сен күштісің , сен сыпайысың, сен бақыттысың, сен асылсың соны ұмытпа
...