+2 дауыс
3.5k көрілді
Жалғыздык деген жаман нәрсе екен. Я аға-інім, я қарындасым, апам да жоқ. Әкем күнде арақ ішіп жүреді. Менің мінезім әкеме ұқсаған, тұйықтаумын. Әжеміздің 8 баласы бар. 8 баласының да бастары бiрiкпейдi. Бәрi бiр-бiрiмен ұрысып калған-ау, баяғыда. Біздің үйде 4 отбасы бар. Күнде айқай-қырғын, ұрыс-керіс болады, шаршадым.

9 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Жалғызбын деме,
Демеушің -  Аллаһ!
Сыркатпын деме,
Емдеушің - Аллаһ!
Қиналдым деме,
Сынаушың - Аллаһ!
Досым жоқ деме,
Сырласың - Аллаһ!
.
Қуаныш, түсінемін...қиналып жүрсіз...Бірақ мойынсыңбаңыз! Сіз ер-жігітсіз ғой! Қиындықтарға төтеп бере алуыңыз қажет! Олармен күрессеңіз ғана, жеңе аласыз! Әлі өміріңіз алда! Алдыда көптеген қуанышты жағдайлар күтіп тұр! Әлі-ақ осы сәттерді жымия еске алатын күндер келіп жетеді...Олай болуы да, болмауы да Сізге байланысты...Өз өміріңіз өзіңіздің қолыңызда!
Әр мәселенің бір шешу жолы болады...Түн батса, ертеңгісін жаңа, шуақты, нұрлы, арайлы таң атады! Кез келген қиыншылықтың артынан қуаныш болады! Оны сабырмен күте білу керек! Осыны ұмытпаңыз! Сізге үнемі Аллаһ жар болсын!
МОль сәлем неге АЛЛА демейсің? Неге һ қосып айтасың?
Сәлем, Арду! Қал қалай?) "АЛЛАҺ" дегенім дұрыс емес пе?!
Жаман емес.Білмедім, мүмкін дұрыс болар, бірақ мен Алла деп естіп уйреніп қалған едім.
Аллаһ деген дұрыс емес.Арабша.Қазақшалап алла дей бер.
Олай ойлама өмірін алда. Алла бағынды ашсын.
+1 дауыс
Қорықпа, өмір жақсы.Сен тек өмірдің жақсы жақтарын көре алмай тұрсың.Қорықпа, барлығы жақсы болар, Иншалла.
0 дауыс
Ай қиын-ау бауырым,түсінем сені.Жасың қаншада?
18 демiн Байконырда турам
18 болсаң ата-анаңа түсіндір,жасың жеттіғо сол жағдайға!
Белгісіз
+1 дауыс
Қуаныш алдағы күндерден үміт үзбеніз.Ағаларыныз әлі-ақ татуласып кетер,бір қарыннан шыққан балалар ғой.Әженізге қамқор болыныз
сеніміңді жогалтпа бари жаксы болады. Алда сени бакытты кундер кутип тур!!!
0 дауыс
Салем Қуаныш! Білесің бе,Алла сүйген пенделерін көп сынайды деген сөз бар ғой! Сол сияқты бұл да жай сынақ болар.. Жігітсің ғой..сендерге боркеміктеніп бұлай езіліп кеткен мүлде жараспайды! Жай ғана жақсы күннің келетініне сеніп отыра бергеннен түк шықпайды..Ол жақсы күн мүмкін сен отыз-қырық жасқа келгенде келетін шығар..Сен сол уақытқа дейін осылай жыланып отыра бересің бе? Сынақты мойымай көтере білу керек қой..Алламыз мейірімді! Сен жақсы өмір суруге талпынсаң ОЛ да көмектеседі..Сынақты көтере алмайтын пенделеріне бермейді..Солай Қуаныш..Әрине адамның әлсіз жерлері болады..Бірақ бұлай әр қиындыққа әлсіздік тантып,шарасыздыққа тусе беруің дурыс емес..Түннің артынан қалай күн шықса,сенің де бұл қиын балалық өмірің бақытты өмірге ұласады! Сабырлық таныта біл! Өмірің де атыңа сай ҚУАНЫШТЫ күндерден тұрсын,ИншАЛЛАХ!
0 дауыс
Қуаныш,Пайғамбарлар тарихын оқып көріп па едіңіз?!Айтайын дегенім: Алла Тағала Аиюб деген пайғамбарға бүкіл дүние беріпті, 14 бала берген екен!Жасы 70-ке келгенде,14 баласыда дүниеден озады екен!Сондай ақ бүкіл байлығы,малдары өліп қалады да,тақыр кедей болып қалады екен.Оған қоса өте бір ауыр дертке ұшырайды екен,ол дерті іштегі түгел ішкі құрылысын жұмысын тоқтатып келе,тек тілі мен жүрегі қалады екен!Сонда, бүкіл бйлығын,бала - шағасымен тартып алғанда,сол пайғамбарға әйелі келіп:
- Сен пайғамбарсың ғой,Алладан жеңілдік тілесейші, депті.Пайғамбардың жауабы мынадай болады:Маған 70 жыл бала,дүние мүлік бәрін берді.Алла Тағалаға неге 70 жыл шүкіршілік қылмасқа деп жауап беріпті.
Сонда, сол сөзіне Алла Тағала қатты риза болып түсіне аян береді:
-  Сол аягыңмен жерді теп, деп айтады .
Оянып кетіп жерді тепсе, жерден су шығады екен, сол суға шомылса, барлық аурудан демде жазылып шығып тура жап - жас қалпына келген екен !
Сонымен айтпағым: әр нәрсеге сабырлы болғаныңыз дұрыс деп ойлаймын!
 Бір хикметі бар шығар, болмаса Мешіттен рахат табасыз!
0 дауыс
Қуаныш,отбасы болғасын әртүрлі жағдайлар болады!Ең бастысы, сабырлы бол!Өз болашағыңды ойла,алда сені үлкен бақытты күндер күтіп тұр!Мен соған сенімін!Бақытты бол!
0 дауыс

Алдымен жамандық болмай, жақсы болмайды. АЛЛА ТАҒАЛА СІЗГЕ ЖАҚСЫ ӨМІР сыйлау үшін жамандықпен сынайды,төзсеңіз жақсылық келеді!!Өмір ақ пен қара жолақтан тұрмай ма?Мойымаңыз)

куаныш салем. байқоңырда тұрсаңыз, өзім көмектесеиін. менде жалғызбын. арине, жалғыздық қиын бәрін түсінем. бірақ, бәрі алда мойынсынбағаның дұрыс болар. хабарлас, бірге шешеиік бәрін. мүмін сырласармыз, ой бөлісіп. өзім көмектесиен саған. жеке хатқа жаз, оқысан осы хатты асыға күтем.
0 дауыс
денсаулык болсын
...