0 дауыс
11.0k көрілді
Мен өмірден түңіліп кеттім не істесем болады?
түңілмей кет!

8 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Ақбөпе, өмірден түңілуге не себеп болғанын түсіндірмегендіктен, сізге кеңес берудің өзі де қиындау. оның себептері тым көп (отбасындағы мәселелер, қарым-қатынас, мектептегі қиындықтар, бірсарынды өмір, т.б.). Бірақ өмірден түңілмеуге және позитивті көңіл-күйде жүруге себеп болатын басты нәрсе ол - Аллаһқа деген сенім және оның заңдарымен жүру, Аллаһты тануға ұмтылу. Сондықтан, қандай себеп болмасын әрқашан Аллаһтан оның шешімін іздеңіз дер едім. Әрине, айту оңай ғой деп ойлайтын шығарсыз, бірақ, Аллаһтың рақымында жүрмін деп сезіну үлкен күш береді, өз жеке өмірімнен айтып отырған кеңесім:) Және де, жақындарыңыздан алшақтамауға және спортпен шұғылданыңыз.
+2 дауыс
Өмірдің өзі қыс, көктем, жаз бен күздеген Біз бір жолаушы сарылып бақыт іздеген Гүлдерің солып, көкте күн сөніп қалсада Жөн болар жаным Алладан үміт үзбеген Келседе жаным тағдырдың қанша сынағы Сөнгендей болып тұрсада көңіл шырағы көтеріп басты, көрсетпей жасты кө3іңнен жолдас ет дәйім жаныңа төзім шыдамды қашаңғы дауыл соғады дейсің дамылсыз болмайды өмір қарсыз, борансыз, жауынсыз сейіліп тұман, күлімдер күнің әлі-ақ жүрерміз сонда жаздайын жанып жадырап "ах" ұрып жылап, нешеме жандар сабылған жігерлен жаным, өмірің бағың әлі алда өйткені сенің жаныңнан өзім табылам ( авторы Жансейт)
0 дауыс
Ештеңеге мән берме тек алға жылжы қара да тұр өкінбейсің.
+1 дауыс

Бұл өмірде біз жай ғана қонақпыз.Алла Тағаланың жіберген сынағана төзе білу керек сонда  ғана бақытты бола аласын.Қандай жағдай болсада шыдамды бола біл.Мен өмірден түңілдім деуге болмайды,керісінше мен әлі де бақытты боламын,менің қолымнан бәрі келеді,мен бәріне де қарсы тұра аламын,мен бәрін жеңе аламын деп өз-өзіңді жігерлендіруің керек.Егерде өмірдең түңіліп өмір сүргім келмейді десең,көшеге шықта қара бұл өмірде сенен де бақытсыз адамдар бар,тіпті күні санаулы адамдармен сөйлес сол кезде ғана бұл өмірдің қандай екенін түсінесің.

0 дауыс
Мен өмірден өте қатты түңілдім. Отбасымдағылардың бәрі маған айқайлай береді. Мектептегі қиын жағдайлар. Анам маған жиі ренжиді. Ғашығымда тастап кетті.

Бірақ мен өміріме қапа болмаймын. АЛЛАҺ ТАҒАЛА мені денім сау қылып жаратқан. Аяқ қолым бар, ата-анам жанымда одан артық не керек. Бірақ мен Құдайдан бақытты болуды сұраймын.
0 дауыс
Алла естен шықпаса бәрі дұрыс болады.
0 дауыс
Өмірден қатты түңілдім ата анамнан қатты көңілім қалт өлгім кеп жүр
0 дауыс
Негізі менде өмірден түңіліп кеттім  Кейде өзімнің басым өзіме үлкен болып көрінеді  Басқалар қалай ойлайды екен.Мен бұл әлемде өмір сүргім келмей қалды
...