0 дауыс
3.1k көрілді
Өмірден кейде түңіліп кетемін, соңғы кездері өмір мен өлім, бақыт пен бақытсыздық, адамгершілік пен  әділетсіздік туралы көп ойланамын.... Маған сіздердің өмірге деген позитивті көзқарастарыңыз ауадай қажет...

7 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Байланысқан сұрақтарды қарап шық. Көже қарным аш емес, көңіл қарным ұлып тұр...-демекшісің ғой:
Сұрағыңа жауап:
Өмір мәні: "Көбірек қуаныш. Орынды рахатқа бөлену. Тозақтық еңбек." - "Больше радости. Меры удовольствия. Адский труд."
Өмір заңы: "Адам боп келдім. Адам боп кетем."
Өмір қызығы: "Адамдармен қарым-қатынас. Ұнаған іс. Қуаныш әкелетін процестер. Отбасы"
Өмір ғанибеті: "Сағыныш. Махаббат/Сүйіспеншілік. Жақсылық."
Өмір сынағы: "Барлық күшіңізді сынайтын дүниелер."
Өмір сыйлығы: "Сәби. Сіз бағындырған белес. Бақыт"
Өмір сәттері:"Балалық шақ............."
Өмір мақсаты: "Сенің мақсатыңды іске асыру...."
Өмір кезеңі: "Ғасыр тоғысы......."
Дәл осы сәттен бастап табиғатыңа   ұнайтындарыңды  100%-ға іске асыр.Өмір сүр. Мына көңілсіз  сәтің де өмір қызығы. Әр секундыңды бағала.
Өміріңді қызыл-жасыл-сары-ақтан тұратын қыл.Тұрады деп есепте. Күл.
Өмір таусылмайтын бірақтардан тұрар, СЕН үшін емес........!
+1 дауыс
Абайдың қара сөздерін оқысаңыз содан көп нәрсе ұғуға болады.өмірді танып білесіз.Сондықтан соны оқуға кеңес берер едім.
көп көп рахмет)
Белгісіз
0 дауыс
Осы сайтта толып жатыр.Сайттан [САЙТТАН СҰРАҚ-ЖАУАП ІЗДЕУ][1] дегенді шерт.Өмір деген ілмек сөзді жазып басып қалшы.Болдыыыыы.Осы сайттағы соған қатысты барлық мәліметтер табылады.Сәттілік.Түсінбесең, сұрарсың.Сайтты дұрыс қолдан.


  [1]: https://surak.baribar.kz/izdeu
бұл сайтқа жазылғаныма 2 күн болар болмас, сіздердің  дөрекі жауап беретіндеріңізге көзім жетті... көп көп рахмет! РАХМЕТ! бірақ ол айтқандарыңыздың бәрін оқып шыққанмын... бірақ мен басқа пікірлерді естігім келетін болар, кешірерсіздер...
Белгісіз
Дана бірақ мен дөрекі жауап бермейтін шығармын,солай ма?
Алдында нақ. жіберген Кім болатын, Айсара ?  өте дөрекісіз, өте дөрекі)
0 дауыс
Өмір деген осындай боладыго кейде жаксы кейде жаман,тап бір шахмат сиякты ақ пен қара.Кейде бірумен ренжісіп қалганда болады жакын адамдарыңмен ата-анаңмен немесе суйіктіңмен ,бірак бәрі уақытша ертеңгі күні бәріде жаксы болады.Үмітсіз шайтан дейдіго сондықтан үміт күту керек,ешқашанда күдер ұзбеу керек.
кейде үміттене үміттене одан да шаршайды екенсің... өміріңнің қара жолақтары көбейгенде ол үміт атымен жоқ болып қараңғылық батып кететін тәрізді болады... дегенмен рахмет сізге де)
Белгісіз
0 дауыс
Дана, өмірден түңілу қалапты жағдай. Бәлкім бір тілегің орындалмай жатқан болар, әлде біреу ренжіткен шығар, бомаса көңіліңе қайшы көрініс көрген боларсың... Рас өмір өзің айтпақшы өмір мен өлім, адамгершілік пен әділетсіздік, бақыт пен бақытсыздық қатар жүреді. Екеуі алма-кезек, шахмат тәрізді бірде қара, бірде ақ. Күн батады, таң атады. Өмір сонысымен де қызық, егер бар арманың орындалып сен ойлағандай бола берсе мына өмірдің де қадірін білмеген болар едің, әр қиындықтың соңында бір жақсылық бар "жаман айтпай, жақсы жоқ" қиындыққа төзе білген дұрыс. Сондай-ақ, төзіп қана емес алдағы күннен қуаныш, бақыт күте біліп, үміттену керек. Кішкентай нәрсеге бола өмірден түңіле берсең нең қалады? Әлі алдыңда талай-талай асулар бар, соларды жеңе білуің керек. Сен қыз баласың, алдыңда әділетсіздік те, қиыншылық та, жабылқаулы күндер де әлі талай кездеседі, соның бәрін жеңу үшін саған күш пен қайрат, төзімділік пен шыдам, сабыр мен мейірім керек. Ал осының бәрін сен қиналған сәтті қалт жібермей өмірдің сабағынан аласың, иә әр көрген құқайыңды өмірдің сабағы, Алланың сынағы деп біл. Бұл дүниенің ақысы ол дүниеге кетпейді, не көрсең де өзгені кінәламай өзіңнен көр...

<p>
    <span style="color: rgb(255, 0, 0);"><span style="font-family: Georgia,serif;"><em><span style="font-size: 16px;"><span style="background-color: rgb(255, 240, 245);">Үш алыстың біреуі аспан мен жер,
Адамның бір ғұмыры есік пен төр.
Өзіңе берілген сол ғұмырыңды,
Мағыналы өткізбесең өзіңнен көр.
0 дауыс
өмір-ол күйсандық секілді.Ақ және қара жолақтардан тұрады.Егер екеуін де қолданбаса,әдемі музыка шықпайды.

Саған афоризмдерді оқуды ұсынар едім.Жігерлендіретін өлеңдер оқы.Өмірге философиялық тұрғыдан қара.Уайым түбі-теңіз,бара берме.Өзіңнің айналаңа деген махаббатты қайта тудыр.Бастысы өзіңнің адамгершілігіңді сақта,Алла бізді осы өмірге сынау үшін ғана жіберді.Саған қиянат жасап жатса,оған қайғырып қажеті жоқ.Бірінші орында ойыңды өзгерт,өзіңе деген,өзгелерге,өмірге.Себебі сенің ойың іс-әрекетіңде байқалады.Ақырын-ақырын көңілшеңдік тудыр.Бақытты болудың ең кереметі-ол өзгелерге бақыт сыйлау!
0 дауыс
Менинде омирден тунилип кетип бир шетелге кетип калгым келет ешким танымайтн жерге балдарыммен бирге, балдарымды асырауга мурсам жок денсаулык дегенди
...