0 дауыс
1.1k көрілді
Өмір сынақтардан құралады.Менің ойымша.Ал сол сынақтан сүрінбей өту үшін неліктен алдымызға мақсат қойып талпынбаймыз?неліктен өзімізге қол жүмсауға дайын тұрамыз?

6 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
- Талпыну - қиын. Қол жұмсау - екі-ақ секунд.

- Талпыну - Орасан зор моральдық және физикалық күшті қажет етеді. Қол жұмсау - қолың бар болсын.
- Талпыну - Үмітіңнің үзілмеуін қадағалау да бір шаруа. Қол жұмсау - арманыңның, мақсатыңның іске аспайтынын шегімееен сезінген - үміті үзілген жандыкі.
- Талпыну - психикалық тұрақтылықты қажет етеді. Қол жұмсау - басың бар болсын.

- Талпыну - Қаншама дұшпан атының жолыңды кесуінен көрініс табатын тұтқиыл. Қол жұмсау - дұшпандарың қуанар.

- Талпыну - Демеуіңнің болуымен сипатталады. Қол жұмсау - Жалғыздық...

~~~~~~~    Қайсысы ауыр, қайсысы оңай екенін көрдіңдер ме?! ____ Өмірде тек сол сынақтан өтудің амалын ойластырып, иман атауын алып жүрген, мықтылыққа жүгінген, саналы "қарапайым" тұлғалар өтері анық. Әркім шамасына қарай өзін қалыптастырады.Әркім ақыл-ойына  қарай дамиды. Алға жылжиды. Сен бақыттың құшағында шомылған Азаматсың!         ...Ал қазіргі деңгейіңнен бір не бірнеше саты көтерілу өз қолыңда.                 .           .
0 дауыс
(facepalm)Кім өз-өзіне қол жұмсайын деп жүрген?Қарашаш апай? жылпы бұл сұрақты куйзеліске түсіп жүрген жандарға қойдыңыз-ау дейімін....куйзеліске түсетіндерде өз-өзіне қол жұмсамайды.Жалпы адамның жаны тәтті болады.Суицидке бару ол дұрыс емес екенін бәрі біле тұрсада, қиын қыстау уақыттарға шыдай алмайтын осындай ақымақтыққа жол береді.Адамды жаман жаман дей берсең жамандыққа жанасады демекші қазіргі жастар көз де сөз де тимесін өз-өздерін танып, болашаққа үлкен үмітпен алға қарай жылжуда....Өз ортамдағы адамдардың осындай кереағар әрекетке барғанын көрмедім(болашақта да көрмеймін деп ойлаймын Алла бетін әрі қылсын)
+2 дауыс
Өмір түрлі сынақтардан құралады... Сол сынақтарға шыдап, төзе білу керек. Ал кейбір жандар, өкінішке орай, сол қиындықтарға төтеп бере алмайды... Қиындықтан қорқады... Өзінің неге күші жететін білмейді... Өзіне сенбейді... Менің ойымша, "әлсіз, өмірді бағалай алмайтын" адамдар ғана өзіне қол жұмсайды. ОЛ - үлкен күнә!
"Өмірдің барлық сәтсіздіктері, БАҚЫТСЫЗДЫҚ емес" деген жақсы сөз бар ғой...)
0 дауыс
Менімше өзіне қой жұмсау ол нағыз ақмақтық. я әркімнің өмірі әр түрлі. Мен  қаншама рет Аллх сынаса да оған көне білу керек. Аллах сүйікті құлдарын көп сынайды соған сабырмен көне білсе онда ол дұрыс.
Мен мысалы қаншама рет Аллах сынаса да оған көне білу керек депсіз дұрыс айтасыз бірақ мен және мысалы деген сөздің мына жерде қатысы жоқ немесе деп ойлаймын деп қосып қойыңыз....)
ойым әр жақта отырып жазғаным ғой. Дұрасытап алар. )
0 дауыс
Бір сөзбен айтқанда,адамдар жалқау!қиындықтан қашады,жеңіл жаққа жүгіреді.
0 дауыс
Табиғатта бірде шуақты күн,бірде қараңғы түн болатыны секiлдi өмірде де жақсы сәттермен қатар қиын сәттерде болатыны анық.Сондай қиын сәттерде өлім ең оңай,әрі жеңіл шешiм болып  көрiнетiнi өтiрiк емес!Бiрақ ол тек әлсiз адамның өмірдің ызғарына төтеп бере алмайтындардың баратын әрекеті.Мен бұл әрекетті құптамас едім.Әр адам - өз  тағдырының иесі.(hi)
...