0 дауыс
1.5k көрілді
Есте сақтау қабілетінен толықтай айырылу үшін не істеуге болады (полностю потерять память) мысалға амнезияға қалай шалдығуға болады? Бəрін ұмытып қалып өмірді жаңадан бастағым келеді. Əйтпесе бұлай өмір сүре алмаймын. Суицид (өзіне қол жұмсау) жайлы ойлар да жиі мазалайды. Белгілі бір себептермен есте сақтау қабілетінен айырылып, өткен өмірінің бəрін ұмытып қалған, сосын жаңа өмір бастап жатқандар да бар ма жалпы əлемде?!. Сол сияқты өмірді жаңадан бастағым келеді. Хочу полностью потерять память и начать жизнь с чистого листа. Амнезияға қалай шалдығуға болады? Таблеткалары болама не басқа нəрселер арқылы шалдығуға болады ма?

4 жауап

–1 дауыс
Барлығын тастап кішкене демал басқа қалаларға бар я болмаса ата ажеңнің туысқандарыңның жанында бол, ойыңды басқа жаққа аудар, ойланып әрекет жасаған дұрыс, артыңдағы ата анаңды, алдағы болашағыңды ОЙЛА!
0 дауыс

"Өмірді қайтадан бастауға болмайды, бірақ басқаша жалғастыруға болады". Осы сөзді өткенде бір жерден оқып едім. Бәрін жаңадан бастау деген өткеннің бәрін ұмыту, жадымыздан өшіру емес, өткенде қалған жағымсыз естеліктерді, қателіктерді, содан алған сабақтарды, жанымыздағы жараны... осының бәрін есте сақтай отырып, соған қарамастан болашаққа деген үмітті жоғалтпау деп ойлаймын. Түсінем, өміріңізден біржола өшіріп тастағыңыз келетін естеліктер болуы мүмкін. Осында мынадай сұрақ қойғаныңызға қарағанда қатты қиналып жүрген сияқтысыз. "Уақыт - бәріне емші" деген сөз жай ғана жұбату болып естілетін. Бірақ сол рас екен. Ұмытуым керек, еске алмауым керек деп міндет қоймаңыз өзіңізге. Ұмытуым керек деген ойдың өзі оны еске салып отырады. Негізінде ештеңе де ұмытылмайды. Ұмыту мүмкін емес. Шынайы "ұмыту" дегеніміз - ол жайлы мүлдем ойламау емес, қайта көңілді мұң шалмастан "менің өмірімде осындай сәттер болыпты-ау"- деп жымия еске алу. Бәрін уақытқа тапсырыңыз. Сүрініп кеттім деп ойлаңыз да, үстіңізді қағып тастап түрегеліңіз. Маңыздысы сіздің сүрінгеніңіз емес, қайта тұрғаныңыз. Жаңа өмір сол қайта түрегелуден басталады!! Бақытты болыңыз!

Бұл кісінің өмірінде жаман жағдай орын алса керек, ол соны ұмытпақшы, ешқандайда уақыт ешнарсені емдемейді, адам не болсада күресе білу керек уақытың өтіп бара жатыр ол емдейтіндей ешқандай жағдай жасамайды, қандай да бір жамандықтың  артынан міндетті түрде бір жақсылық бар, ондай жаман жағдай орын алғанда дереу өзіне ұнайтындай жағдай жасау керек, ешқандай жамандықтан қашпау керек,  мен әзірге дейін осы қағиданы ұстанып келем. Уақыт емдемейді уақыт өзгертеді, үйретеді, мойындатады! Мұны адамдар мойындамайды.
Қайта оқып шығыңыз!)
+1 дауыс

Өзіне қол жұмсау немесе өмірді жаңадан бастау.

Екеуі де дұрыс емес. Біріншісін кез келген әлсіз айтса, екіншісінің мүмкін емес екенін кез келген ақымақ түсінеді. 

Көзтартарлық ғұмыр болмаса да, қайыршы өз өмірінің құнын біледі. Кей адамдар өмірінің соңына дейін дүние жыяды. Ал қайыршы жанын сақтау үшін тіршілік етеді. Себебі олар өмірді сүйеді. Қазіргі уақытта өз-өзіне қол жұмсайтындар қатары артқан. Ең қызығы, өмірін қиюға баратындардың көпшілігі тұрмыс-тіршілігі әлдеқайда жақсы адамдар. Олар барды бағалауды ұмытқандықтан ғана осындай қадамдарға барады. Ал қайыршыны қуанту оңай. Көктемгі күннің шуағы, самал жел, ыстық нанның иісі, тәтті шайдың дәмі олардың жүзіне күлкі əкеледі
0 дауыс
Вавилондағы ең бай адам деген кітапты оқы
...