Достар,
Samsung Electronics Kazakhstan және SURAK-ZHAUAP.KZ сайты бірлесіп, көктемгі Наурыз мейрамына қарсы "Samsung-тің наурыз көжесі" байқауын бастайды. Байқауда мерекелік дастарханға өз тағамыңыздың нұсқасын ұсынуыңыз керек.
Қатысу үшін Наурызға арналған кез-келген ұлттық тағамның дайындалу әдісін сайттағы арнайы 18-ші наурыз күні ашылатын санатта жариялаңыз. Тағамның дайындалу әдісін мәтін, фото, видео форматында жазып, түсіріп, арнайы санатқа сұрақ ретінде орналастыруыңыз керек.
Бағалау үшін қолданушылар астына пікірін қалдырып, дауысын беруіне болады. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде бөлісу батырмаларын қолдану арқылы достарыңызды дауыс беруге шақыруға болады. Жеңімпазды анықтауда тағамның талқылануы мен оған берілген дауыстардың және әлеуметтік желіде көп бөлісу саны ескеріледі. Нақты жеңімпазды Samsung пен сайттың әкімшілігі бірге анықтайды.
Өткізілетін уақыты: 18-ші наурыздан 27-ші наурыз аралығында өтеді. Екі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең: 18-ші наурыздан бастап 22-наурыз аралығында ұлттық тағамның дайындалу әдісін мәтін, фото, видео форматында қабылдау жүргізіледі. 22-ші наурыздан кейін жіберген ұлттық тағамдар сайысқа қатыса алмайды.
Екінші кезең: 18-ші наурыз бен 22-ші наурыз аралығында жіберілген тағамдар 27-ші наурызға дейін дауыс беруге қатысады. 28 наурыз күні жеңімпазды анықтаймыз.
Ең үздік екі аспазға Samsung өзінің микротолқынды пештерін ұсынады. Сондай-ақ, қатысушыларға жұбаныш сыйлықтары да қарастырылған. Барлық сұрақ бойынша "Кері байланыс" арқылы сайт әкімшілеріне хабарласыңыз немесе астында жауап ретінде сұрақтарыңызды қалдырсаңыздар болады.
Жеңімпазды Samsung пен сайттың әкімшілігі бірге анықтайды.
http://www.samsung.com/kz_ru/consumer/home-appliances/microwaves/solo/ME83XR/BWT
UPD:
Байқауға қабылданатын тағамдар 25-наурызға дейін жалғасатынын ескертеміз. Дауыс беру 27-наурызға дейін жалғасады.