+1 дауыс
3.1k көрілді
Татуаж жасатқанның зияны бар ма? Қандай зиянды жақтары бар?

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Сұлулықты әркім әртүрлі түсінеді екен. Сұлулық – адам жанын марқайтатын, көзін қуантатын, тамсантып, тәнті ететін, таңырқататын, сүйсіндіретін көрініс. Алла тағала жаратқан жер бетіндегі барлық тіршілік иелерінің, солардың ішіндегі ең кереметі, қоғам мен табиғаттың ерекше перзенті – адам. Табиғаттың сұлулығына шексіз сүйсініп, содан ерекше ләззат аламыз. Ал адамның сыртқы сымбат сұлулығы кімге де болсын ұнайды, қызығамыз, кейде іштей қызғанамыз. Әр адамның бет-бейнесі, кескін-келбеті, мінез-құлқы әртүрлі, бір-біріне ұқсамайды. Бірақ қазіргі таңда өз ажарына көңілі толмай, денелеріне сурет салдырып, беттеріне татуаж арқылы өзгеріс жасатып алғандар жетіп артылады.

Татуировка – теріге ине арқылы салынатын сурет. Татуировканың тарихына тоқталар болсақ, ол осыдан алты мың жыл бұрын басталған. Ежелде оны көне тайпа адамдарының ұлттық ерекшелігі ретінде санаған. Ал кей тайпаларда жазаланған адамның денесіне осылай сурет салып, масқаралайтын болған. Бұл тәсіл Египетте, кейінірек Жапонияда, Қытай мен Мексикада, Никарагуада қылмыскерлерді жазалау үшін пайдаланылыпты. Ал бүгінгі таңда денеге суретті сән ретінде салдырады. Адамға аманат етіп берілген дене мүшелерін қолдан бүлдіруден артық келекенің де, жазаның да керегі шамалы. Алайда, мұны ұғынып жүргендердің қатары некен-саяқ. Одан қалды, татуаждың көмегімен бет пішініндегі көріксіз тұстарын түзеткендер мен түзеткісі келетіндер көп-ақ. Оның ауыр және жеңіл түрі бар. Жеңілі бірнеше айға, ал ауыр түрі 1-2 жылға жарамды. Бұрынырақта денеге сурет салу үшін пайдаланылған қызметтің бұл түрі қазірде көз, қас, кірпік, ерінге де өлшеусіз «қызмет» етіп келеді. Ендігі жерде өз қолымен қарындаш арқылы қасты, көздің жан-жағын, ерінге «шеңбер» сызатындар саны азайды. Оған себеп бүгінде қасыңыз ұнамаса – түп-түзу етіп, ерніңіздің пішіні ұнамаса – үлкейтіп, кірпігіңіз сирек болса – қалыңдатып алу оп-оңай. Осы күні татуаж жасатушылар өте көп. Қай жерде болмасын, екінің бірінде татуаж. Ол ол ма, егде тартқан апаларымыз да жастардан қалысар емес.
Толығырақ [мына][1] жерден оқи аласыз.


  [1]: http://www.halyk-gazeti.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=174:2012-02-23-04-17-05&catid=5:2011-11-18-09-02-24&Itemid=5
+1 дауыс
Әрине зияны бар.Оны жасаса әдемілік үшін жасайды, а ол ең соңында рак ауруын пайда болдырады.Татуаж жасатқаннан көрі табиғи қабақпен жүрген жөн деп ойлаймын...
0 дауыс

– Перманентті макияж жасатар алдында шеберден барлық құрылғыларын зарарсыздандыруды сұрау керек. Ол бояуды енгізетін бір реттік инесін көз алдыңызда ашуын қадағалаңыз. Себебі көптеген жұқпалы аурулар құралдардың жеткілікті зарарсыздандырылмауынан жұғуы мүмкін. Сондай-ақ, қандай да бір затқа аллергияңыз болса, бұл туралы шеберіңізге айтыңыз. Татуаж жасатар алдында қасыңызда, көзіңізде, ерніңізде жара болмауы керек. Қан диабетінің инсулинге тәуелді түрінде, тері ауруларында, ВИЧ немес СПИД-те, көз ауруларында жасауға болмайды. Перманентті макияждың кемшілігі – бояулы түріңізден жалығуыңыз мүмкін. Егер өшірткіңіз келсе, лазерлі құрылғылар пайдаланылады. Ол дұрыс жасалмаса, жарақат алу қаупі бар екенін ескеру керек. Сол себепті ПМ жасатар алдында барлық артықшылық-кемшіліктерін ойлап, “жеті рет өлшеп, бір рет кесуге” кеңес беремін,-дейі дерматолог маман.

.Толық ақпаратты мына жерден оқуға болады.

Ұқсас сұрақтар

...