+1 дауыс
3.5k көрілді
Татуаж жасату денсаулыққа зиянба?Айелім қасына татуаж жасатқысы келеді

12 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
үгінгі таңда бет пішініндегі көріксіз тұсты түзетудің оңай жолы табылды. Оны «татуаж» деп атайды. Қасты, көз маңайын, еріннің жиегін бұрынырақта қарындашпен сызған болсаңыз, татуажда мұның барлығы иненің көмегімен жасалады. Бұрынырақта алма жүзіңді сылап-сипауға  біраз уақыт шығындап жүрсеңіз, татуаждың арқасында белгілі бір мерзімге дейін бетіңіздегі бояу өңін бермейді. Бірақ сырт көзді өзіңе телмірту үшін ғана қыруар ақша беріп жасататын «жасанды сұлулықтың» адам денсаулығына орасан зор зияны барын біреу білсе, біреу білмейді.

Ине - біреудегі дертті екінші ағзаға оңай жұқтыратын дүние екені бесенеден белгілі. Мысалы, ғасыр дерті – ЖҚБТ ауруының да жұғу себептерінің бірі – ине. Инемен теріні зақымдай отырып,  түрлі бояуларды енгізу қан тамырлары арқылы  адамның ішкі мүшелерінің улануына әкеліп соғады. Ине ұшындағы сәннен қалғысы келмейтіндер уақыт өте келе онкологиялық ауруларға шалдығуы мүмкін екендігінен де бейхабар. Мамандар енді 10-20 жылдан соң қазақстандық онкологтардың алдында «татулықтардың» қаптайтынына шүбә келтірмей отыр.

Инемен піспектеліп, тікенше қадалып, жүйкеңе кері әсер ететін осы әдіске бүгінде жас та, егде тартқан әйелдер де құмар боп алған. Өкінішке орай, Қазақстанда татуаж бен татуировкаға қызығатындардың саны жыл сайын өсіп келеді екен. Сұлулық құрбандықты талап етеді десек те, ажал аузына дейін әкететін әсемдікке соншалықты әуес болу – өкінішті әбестік.
0 дауыс
денсаулыққа зиян деп естідім (толығырақ білмеймін), бірақ ең кешірілмейтін күнә денеге сурет салу. өтініш татуаждан шамалы алыстау жүріңіздерші! ертең Алла алдында не деп жауап бересіздер?!
0 дауыс
Жасаткысы келсе неге жасатпасқа, меніңше айтарлықтай зияны жоқ. Әйелдер өз күйеулері үшін әдемі болып жүру керек ғой.
0 дауыс
менің ойымша қажеті жоқ, табиғат берген сұлулық пен әдеміліктен асар ештеңе жоқ...
0 дауыс
кәзір бәрі жасатып алған, олардың ішнде өкініп жүргендері бар, себебі терісі жаман болып кеткен.
0 дауыс
денсаулыққа зиян деп оилаим
0 дауыс
Татуаж жасау ол адам денсаулығына зиян!!!Татуаж жасатқан адамның ешқашан дәреті таза болмайды!!!Және де олар АЛЛАның алдына барғанда жауап беруі керек!!!Оданша жасатпағаны дұрыс!!!
0 дауыс
Толығырақ білмеймін.Бірақ зиян деп естідім..
0 дауыс
Мен сол татуаж дегенді жек көретін адаммын!Оның не керегі бар?Үйлессін,үйлеспесін мейлі бәрі істетіп алған қарасам құсқым келеді сол пәлеге!Адамның көркін бұзады ғой!Пайдасынан зияны көп пәле!Сондықтан қыздар ешқашан татуаж жасатпаңдар!
0 дауыс
АЛ маған  ұнайды! Оң жақ иығымда МӘҢГІЛІК ЖАСТЫҚ (forever young) деген ағылшын жазуы бар. 3жылға дейін тұрады.8-)
0 дауыс
Татуажты қасқа жасалғаны мулдем унамайды менимше ешкимге жараспайды.Адамнын ен сулуы ол табиги сулулыгы гой.
0 дауыс

Татуаж жасатар алдында оның артықшылықтары мен кемшіліктерін ескеру керек. Қазір перманентті макияж деген шықты. Ол - ұзақ уақытқа жететін макияж. Яғни, қас, қабақ, ерін, кейде тіпті бетті арнайы пигментті бояулармен бояп қою. Ол ұзақ уақыт сақталады әрі жуынғанда кетпейді. Біз бүгін осы жайында қыз-келіншектерді толғандырған сауалдарға жауап беруге тырыстық. Ол үшін ПМ шеберімен, дерматологпен тілдесіп, дінде бұл туралы не айтылғанын қарастырдық. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

...