+2 дауыс
907 көрілді
Құрбым иығына татуировка салдырмақшы. Олай етпе ол зиян денсаулыққа деймiн де, бiрақ нақты қандай керi әсерi барын айта алмай қаламын. Татуаждың қауiптi жақтарын бiлесiздер ме?

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Татуаж салудың көптеген тиімсіз жақтары бар Коркем ,солардың ішіндегісі ол ең алдымен дінімізге қайшы нәрсе. Себебі денеге сурет салу турғысында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Денеге сурет салғанға да, салдырғанға да Аллаһтың лағынеті болсын» деп, бұл істің харам екендігін айтқан.....

Ал медицина тұрғысынан алып қарайтын болсақ, тату арқылы сары аурудың В түрін жұқтырып алу жиі кездеседі дейді

Сондықтан құрбыңызғаа жәйлап түсіндіргеніңіз абзал!
Йя дінімізгеде қазағымызғада дұрыс келетін нәрсе емес.
Сонда Пайғамбарымыздың кезіндеде сурет салдыратын болғанда әлде білген бе алдыда осындай болатының!?
0 дауыс

– Перманентті макияж жасатар алдында шеберден барлық құрылғыларын зарарсыздандыруды сұрау керек. Ол бояуды енгізетін бір реттік инесін көз алдыңызда ашуын қадағалаңыз. Себебі көптеген жұқпалы аурулар құралдардың жеткілікті зарарсыздандырылмауынан жұғуы мүмкін. Сондай-ақ, қандай да бір затқа аллергияңыз болса, бұл туралы шеберіңізге айтыңыз. Татуаж жасатар алдында қасыңызда, көзіңізде, ерніңізде жара болмауы керек. Қан диабетінің инсулинге тәуелді түрінде, тері ауруларында, ВИЧ немес СПИД-те, көз ауруларында жасауға болмайды. Перманентті макияждың кемшілігі – бояулы түріңізден жалығуыңыз мүмкін. Егер өшірткіңіз келсе, лазерлі құрылғылар пайдаланылады. Ол дұрыс жасалмаса, жарақат алу қаупі бар екенін ескеру керек. Сол себепті ПМ жасатар алдында барлық артықшылық-кемшіліктерін ойлап, “жеті рет өлшеп, бір рет кесуге” кеңес беремін,-дейі дерматолог маман.

.Толық ақпаратты мына жерден оқуға болады.

Ұқсас сұрақтар

...