+3 дауыс
2.8k көрілді
Қыз-келіншектеріміз татуаж жасатады. Ал осының зиян екені распа?

9 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Көп жағдайда аллергиялық реакция болады. Бояудың сапасы төмен болса, бұл процедура әдемілік сыйлаудың орнына, көптеген дертке шалдықтырып, тіпті тері қатерлі ісігіне алып барады.
түсі дұрыс таңдалмаса, әдемі қара қастың орнына жап-жасыл қастың иесі болып қалуыңыз әбден мүмкін.
уақыт өте келе бояу кете бастап, ала бұла боп тұрады.
біразға дейін ісік қайтпай, бет әлпетіңіздің қалыпты жағдайын ұмытасыз
Бір образда болу жалықтырған сәтте, бәрін сүртіп тастап, өзге бір бейне жасай алмайсыз.
Татуажды алып тастау, жасағанға қарағанда өте қиын және өте өте қымбат!
Және соңғысы, бұл процедура анестезиясыз жасалады (ішкі анестезияны айтам), сол себеп қатты ауырады!
+3 дауыс
Татуаждың зияны күнәға батасың
0 дауыс
Дененди кургатып,журектин согуын баяулатады татуажды жек корем
+2 дауыс
Татуажды бір рет жасатқасын одан арыла алмайсыз, үнемі жасатып отыру керек. Кейбіреулері әдемі етіп жасалады , ал бірақ кейбіреулеріне қарасан мүлдем жараспайды.
+1 дауыс
Денең қартайған сайын ашиды екен.
+2 дауыс
рахмеет  керек нарсе екен мен енд жасатамба деп ойлап жур едим енд айнып калдым рахмет
+3 дауыс
Татуаждан гөрі табиғи қас әдемі көрінеді
0 дауыс
Шырақ сөндіру, қара (жамылу) киіну, шаш қырқу мен денеге татуаж салудың зияны. Қыз-келіншектеріміз не үшін татуаж жасатады?

       Бүгінгі қазақ жастары арасында өте ерсі әрекеттердің бірі олардың туған күндерінде, қанша жаста болса, сонша шырақ жағып, сол туған күн иесіне үрлетіп сөндіретіні. Бұл әрекеттің мағынасы туған күн иесіне өмір тілеу емес, өлім тілеу. Себебі, мына жарық дүние (шырақ, шам жағу соған жатады) өмір болса, қараңғы дүние (қаратүнек) «өлілер мекені» емес пе? Бұның тағы бір мағынасы жарық (шам-шырақ жағу) ғылым-білімді меңгерген, өркениетті, мәдениетті ел болғаныңды білдірсе, қараңғылық надандықты білдіреді.
       Демек, біздер үшін туған күнімізде торттың үстіне қойылған шырақтарды үріп сөндірмей, керісінше  жаққанымыз дұрыс.  
       Жалпы бұл әрекеттердің негізгі мағынасы: Адам-адам болып, Ұлы жаратушы - Алла оларға сөйлейтін тіл мен сана бергелі бері, бүткіл жер бетінде ең алғаш от жаққандар осы бүгінгі қазақтың ата-бабалары болатын. Алғашқы от жағылған жер – Маңғыстау. Топономикалық айғақтамасы, Маңғыстаудағы Қаратаудың ең биік шыңының Отпан (От ман) аталуы. Біздің бұл күндері ең көп қолданатын Отан (Нұротан) деген ұғымымыздың бастау алатын жері осы, яғни авторлық құқық Маңғыстаулықтарда жатыр. Енді осының  үстіне от жағатын қондырғының «ошақ», шай қайнататын қондырғының «мосы» аталатынын қосыңыз.  Од (От) Адтардың (Адайлардың) лақап аты болса, Ошақ пен мосы Адай атаның екінші немересі Қосайлардың лақап аты.  Үш ұғымның үшеуінің де бір түбірден болатындығы тек осыны білдіреді. Бұл жерде Адай-Қосай аталарымыздың авторлық құқығы сақталып отыр. Алғыс: «Шырағың сөнбесін!».
       Жалпы, тек қана батыс емес, шығыстың өздерін таза мұсылман санайтын елдерінің де кейбір салт-дәстүрлері қазаққа сай келмейді. Мысалы, олардың жап-жас қыздары мен келіншектері үсті-басын түгел тұмшалап, қап-қара болып киінгендіктен, тек жылтыраған көздерін ғана көресің. Қазақта жұбайы өлген жас келіншектер ғана шашын жайып, бір жылға дейін «қара» жамылған. Қазақ үшін бұл өте жаман ырым. Махамбеттің «Хан емессің қасқырсың, Қара албасты басқырсың» деп қарғайтыны, «өзің тезірек өліп, әйелің қара жамылсын» дегені болатын.
        Тарих тағлымы: Туған күніңде өзіңе арнап жаққан шырақты өзің үрлеп өшіріп, өзіңе өлім тілесең, бұл жерде «қара» киініп жұбайыңа өлім тілеп отырсың. Тарихатты мойындамаған елдің келешегі болмайды.
       Ал, олардың «қара жамылуы» қайдан шықты деген сұраққа жауап іздер болсақ, шамасы олардың кейбір өкілдері сонау ерте заманда қазақтың жесір әйелдерінің «қара жамылғанын» көріп, соны мода деп түсінуден басталса керек. Жалпы мұндай жағдай әлем елдерінде болып тұрады. Мысалы, көптеген қыз-келіншектердің Кеңес үкіметі тараған тұста, батыстың жеңіл жүрісті әйелдері киетін «жеңіл» киімді жаппай кигендері сияқты. Екеуі де киім кию үлгісінің байыбына бармай  «мода» қуалаудан туған жаңсақтық. Қазіргі көптеген қыз-келіншектердің бастарына орамал тартпай, шашын қырқатындары,  шашын жайып, үнемі жалаңбас жүретіні осы топқа жатады.
      Шаш қырқу демекші, бұл жайлы қазақтың әйгілі батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Ерте заманда қазақ ішінде қылмыс жасаған әйел заты үшін жазаның ең үлкені – оның бұрымын кесу болған екен. Совет өкіметі орнағалы бері әйелдер өзін-өзі жазалап келе жатыр... (Зейнеп Ахметова (Бауыржан Момышұлы атамыздың туған келіні) «Бабалар аманаты» Алматы-2012. 210 бет).
       Түсініктеме: Ол замандағы әйел қылмысының ең ауыры жұбайының көзіне «шөп» салу болған. Мына жаза негізінен сол үшін қолданылған.
       Бағзы замандарда кейбір тайпалардың баһадүрлерінің ерлігін көрсету үшін денелеріне отпен күйдіріп сурет салған. Яғни батырдың денесіндегі сурет арқылы басқа тайпа өкілдері оны танып, құрмет көрсету үшін жасалған. Бұл үндіс, қытай тайпаларына тән болған. Осы елдерде денеге сурет салу күні бүгінде де сән ретінде қабылданады. Кейіннен кейбір мемлекеттерде белгілі бір қылмыс жасап, жазасын өтеушілердің қай күні, қандай баппен қамалғаны жөніндегі ақпаратты денесіне жазыпты. Яғни қай кезең болмасын, денеге сурет бостан-босқа салынбайды, онда қандай ма болмасын белгілі бір мағына бар. Алайда бұл қазіргі уақытта қазақ жастары арасында еш мағынасыз  сән түрі болып қалыптасуда. Бұл қазіргі тілмен айтқанда «бодимодификация» стилі деп аталады.  Араб халқында да  ислам діні келмей тұрғанда кейбір адамдар өздерінің Құдай санаған пұттарының суретін денесіне салып алатын болған. Ислам діні бұл нәрсеге тыйым салды. Пайғамбарымыздың бұл жайлы мынадай хадисі бар: «Денеге сурет салғанға да, салдырғанға да Алла елшісінің лағнеті болсын» дейді. Осы арқылы қатаң түрде денеге сурет салуға болмайтынын ескерткен.
       Тарих тағлымы: Қазақ халқы денеге сурет салудың адамға зиянды екенін әу баста-ақ бағамдап, ешқашан денелеріне сурет салмаған, тіпті қазақта  ондай түсінік те болмаған. Қазақтар бұндай татуажды, яғни ен-таңбаны тек қана малдарына салған. Демек, қазіргі денелеріне таңба салдырып жүргендердің қазақтың қорадағы малынан не айырмасы бар. Қазіргі қазақ жастарының мұны біліп жүргені абзал. Қазіргі медицина ғылымының дәлелдеуінше денеге таңба салу рак ауруына әкелетін көрінеді.

                                                                             Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
                                                                                           Ақтау қаласы
0 дауыс

"Перманентті макияж жасатар алдында шеберден барлық құрылғыларын зарарсыздандыруды сұрау керек. Ол бояуды енгізетін бір реттік инесін көз алдыңызда ашуын қадағалаңыз. Себебі көптеген жұқпалы аурулар құралдардың жеткілікті зарарсыздандырылмауынан жұғуы мүмкін. Сондай-ақ, қандай да бір затқа аллергияңыз болса, бұл туралы шеберіңізге айтыңыз. Татуаж жасатар алдында қасыңызда, көзіңізде, ерніңізде жара болмауы керек. Қан диабетінің инсулинге тәуелді түрінде, тері ауруларында, ВИЧ немес СПИД-те, көз ауруларында жасауға болмайды. Перманентті макияждың кемшілігі – бояулы түріңізден жалығуыңыз мүмкін. Егер өшірткіңіз келсе, лазерлі құрылғылар пайдаланылады. Ол дұрыс жасалмаса, жарақат алу қаупі бар екенін ескеру керек. Сол себепті ПМ жасатар алдында барлық артықшылық-кемшіліктерін ойлап, “жеті рет өлшеп, бір рет кесуге” кеңес беремін",- дейді дерматолог маман. Татуаж туралы толық ақпаратты, оған дінде не дейтіні туралы мына жерден оқи аласыздар.

...